Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
тарау. Ортагасырлык, философия Султаны / Адамдьг сұмпайы тамшы судан жаратқан, жұмыртқадан құс шығарған
/ Өз күшіне өлең арнатар менің Тэңірім / Біреуге тақуа, біреуге күнә берер / Шү-
бәсіз өзі-өзіне көрсетер (бағыттар), жаратьшғандардың күнәсін жасырар / Менің
эдебім, мәңгілігім (жойылмаушьшығым) Шексіз (абсолютті), Шыншыл әрі ¥лыға
арналған,/ Ет те, сүйек те, тері де, өлім де, өмір де, бүтін дене оның қолында/
Менің Қайратым өзін тегіс көрсетуде, о, менің Айқыным эрі Анығым (шүбәсіз,
көпе-көрнеу) / О, менің Құпиям эрі Шүбэсізім, Алғашқым эрі Соңғым / мен де
Олмын, Ол да менмін, о, менің ең Жомартым эрі Асқарым / Артық сөздің керегі
жоқ, бэрі ап-анық қой / Ол - маған тілді берген, Ол - теңізім, мұхитым / Көк пен
жерді жаратқан, ғарышты айналдыратын да Сол / Адамдарға Қүранды жіберген де
Ол, Мыңнан аса есімі бар Сол, біл Жүніс».
Сонымен, ойшыл трансцендентті махаббатты Құдай махаббатының көрсеткі-
ші болып табылатын жаратылған нәрселерден табуға болады деп есептейді; сон-
дықтан заттарға, әлемге жэне болмысқа деген махаббат Құдайға деген махаббатты
білдіреді. Сонымен бірге адамды жарату арқылы Құдай өзін танығысы келді.
Құдайдың мүндай ниетінен (егер солай айтуға болса) Құдай тек Оған ғана тэн,
Оның болмысына ғана сай өзін-өзі танудың асқақ, қасиетті ғанибетін алмаққа
пайдаланатын қүралы - адамның жаратылыс ретінде жоғары онтологиялық доре
ж е т айқындалады: «Сен болмысты білмей түрып, Жаратушыны ешкім білмеді /
Сол болмыс арқылы ол дидарын көрсетгі / Ол бүкіл халықтарды сені танымаққа
жаратгы».
«Фиқһ» өлшемі. Кез келген сопылық «тариқаттың» түп негізі Шариғат
заңдарына бағынуда деп есептей келе, Әмре толықтай Қүран мен сүннеттің жо-
лымен жүруге шақырады. Шариғатқа бағынбайтындарға мэңгілік жаза кесіл-
ген дейді ол; бес уақыт міндетті құлшылық (ар. «салят») немесе пар. «намаз»
оқымағандарды қатаң сынға алады. Өз поэзиясында жырлайтын сабыр, қанағат,
жомарттық, игілік жэне т.б. сияқты адамгершілік негіздер птт.ш мәнісінде
исламдық шариғаттың құндылықтары больш табылады деп көрсетеді ақын. «Со-
пылық» болса, шариғаттың бір ғана қырының - руханилықтың тереңцеуі бол-
ды. Шариғат заңдарымен үйлесім тапқанда ғана асқақ та керемет, бірақ адамнан
қажымас еңбек пен сабырды талап ететін сопылықтың қундылықтарына жетелер
жолдың басталғандығын айтуға болады. Ақынның өзі мойындайтындай: «Сені
үрғанға жауап қатпау, жэбірл егенге тіл қатпау / Д эруіш дегенің момын... сен онд ай
бола алмайсың / Дэруіштің санасы - жүрегінде, ал көзі жасқа толы / Ол қойдан
да жуас... сен ондай бола алмайсың / Мухаммед наразылық білдірмеді, ал сенің
көңілің элі тоқ емес / Сен азсынуға үйреніскенсің... сен басқа бола алмайсың/Жү-
ніс дәруіш, тіпті сенің өзің көрген кінэратты айыптайсың / Сен айыптауға үйре-
ністің... сен дәруіш бола алмайсың». Қоғамдық көзқарас тарапынан Жүніс сопы-
лық философиясының өте маңызды қағидаты - оның барлық қастарын кешіріп,
кез келген жэбірлеуден кейін «қолсыз» эрі «тілсіз» болып қалуында. Әлемге де
ген мұндай көзқарастьщ түпнегізі деп Құдайдың ең басты жаратылысы ретінде
адамға деген көңіл мен қамқорлықты айтамыз.
Жүністің «кемелденген адамының», яғни «ереннің» табиғи қоғамдық
қасиеттерінің бірі кез келген адаммен диалог орнатуы болады. Өйткені барлық
адамдардың өнімді эрі еркін диалог орнатуына кедергі келтірер барлық себеп-