2 5 4 V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдагы философия танымньщ диалектикалығын интуиция мен логиканың интуитивті жэне дискур-
сивті бөліну бірлігінен аңғарады. Себебі символикалық образдар мен мифтер
арқылы дүниені тану Сенгорша африкалық ойының практикалық сипатында
ерекше орын алады. Африкалық негр ойына поливалешті логика немесе негрлік
өнердің суперлогикасы тэн. Сенгор Батыс философиясындағы диалогты негізгі
айқындамаға айналдыра отырып, мынандай тұжырымдар жасады: 1) негізгі ортақ
айқындама бойынша, ол африкалық негр ойының тезисін санаттық және топтасты-
ру тұрғысынан ұсынады; 2) африкалық ой дүниенің келелі көрінісін динамикалық
диалектика арқылы білдіреді; 3) африкалық ойды саны емес, саласы жағьшан се-
зінеді: 4) дүниенің біртұтас түрде көрінуіне қарамастан, онда итермелеушілік,
белгілеу мен белгіленудің арасындағы сәйкессіздік, саналылық пен санасыздық,
басқа себеп айтқанда кідірмелілік бар; 5) өмірлік универсум мен африкалық негр
ойының құрылымында маңызды орынды феминизм алады; 6) универсумда адам
орталық орынға шығады; 7) болмыстың негізінде негрге тэн қуат пен өмір күші
жатыр.
„
Л. Сенгор ежелгі грек философтарынан өзінің көзқарастарына саи, африкалық
негр философиясының мэнін ашатын идеялар іздейді. Мысалы, африкалық негр-
лер тәжірибені қолданатын адамдар болғандыктан, индукцияға икемді, себебі се-
зімдік негізде ойлау мен ой жүгірту оңайға соғады.
Руанди елінен шыққан көрнекті ойшыл Алексис Кагаменың африкалық
философияны дамытуда өз қолтаңбасы бар. Ол - тарихи тақырыптарға арналған
жиырмадан астам кітаптар мен басқа да шығармалар. Руанди тарихына байланыс-
ты жазылған екі томдық еңбектің авторы, африка этнофилософиясының көрнекті
өкілі. Ең шоқтыгы биік философиялық туындысы «Банту-Руанди болмыс фило-
софиясы» болып табьшады. Кагаме қолданған зерттеу тэсілі - диалог. Ол филосо
фия мен этнология ғылымдарының арақатынасын методологиялық түрде көрсете-
ді. «Философия - бұл ойлау нысанының абстракциясы, ой-тұжырымыньщ ойыны
болса, онда этнологиялық ғылымдар нақгы деректерге сүйеніп, методологиялық
бақылау жасаумен шұғылданады», - дейді Кагаме. Одан эрі кітапта бантуруанди-
лықтардың лингвистикальщ кұрылымдары, философиялық элементгері банту-
руандилық философиясындағы болмыс санаты арқылы тұжырымдалады.
Бұл философиялық құрылымды айқындау үшін ол метафизикалық-ло-
гикалық санаттарды Аристотель ұғымдарымен салыстырады. Сонымен бірге
Кагаме «жақсылық» пен «жамандық», «теодицея» мен «Құдай», «себеп», «уақыт»
пен «өмір сүру» мәселелерінің шығуының әртүрлі жақтарын қарастыра отырьш,
руандилық негізде «бейболмыс» сөзінің мағынасын ашып, «болу», «бар бо
лу» сөздеріне талдау жасайды. Кагаме болмыстың торг санатына сәйкес келетін
басты-басты деген төрт атаулы кластарды шығарды: му-нту = нақты ақылға ие
адам; ки-нту = нақты ақылға ие емес (зат); ка-нту = нақгы бірліктен шығармаушы-
лық уақыт арыны; ку-нту = нақты, модельді (болудың қабілетхілігі).
Кагаме Африка философиясын нақты құруда этникалық топтар өкшдерінің
бұрыннан келе жаткан ұжымдық өзгеруінен банту философиясының болжамын
бетке ұстайды. Оның этнофилософиялық мақсатьі африкалық ойды философия-
лык дүнистанымга ауыстыру еді. Накты ешкімге ұқсамайтын, ұлттық дәстүрлік
бағытгы ұстауы көптеген сыни таластардың туындауына себеп болды.