К ?заи философиясы крлыптасуының тарихи ерекшеліктері 2 6 3 анықтау. Былайынша айтқанда, жалпылық, ерекшелік, даралық диалектикасын
ұлттық философия тарихы шеңберінде таразылау.
Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан басқа ұлттар фило-
софиясынан олардың ішінде өнеге тутатындарынан өзгеше ерекшеліктері бар.
Ол - негізінен, қазақ халқьшьщ элеуметтік тарихының, оның өзіне тән қилы ке-
зеңдерінің нэтижесі. Қазақстан тарихы қоғамдық дамудың классикалық түрі-
не жатпайды. Себебі ол алғашқы қауымдық құрылыстан тікелей феодализмге,
одан капитализмге соқпай, социализмге өіуге қарай дамыды. Соңғысы, қазір-
гі белгілі болғандай, тарихи қателік еді. Адамзаттың даму процесіндегі даңғыл
жолдан тайған тоталитарлық жүйе философиялық ойды да тығырыққа тіреді.
Ал феодалдық қатынастар Қазақстан аумағында көптеген ғасыр үстемдік ет-
ті. Капитализмнің дамуы XX ғасырдың басында біршама қарқын алғанымен,
кенеттен үзіліп қалды. Осындай элеуметтік ерекшеліктер барлық қоғамдық
сананың, оның ішінде философиялық сананың қалыптасуына әсерін тигізбей
қоймайды.
Қазақ философиясы — қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлі-
гі жэне заңды жалғасы. Қазақ мәдениеті тарихтың эрқилы кезендерінде басты
елдердің мэдениеттерімен біршама байланыста больш, олардан тікелей неме-
се жанамалай қуат алып отырды. Сыртқы әсерлер, негізінен, қазақ мәдениеті-
нің мүдделеріне, оның тарихи кажеттілігіне, қандай мәселелерге зэру болуына
байланысты игі ықпал етті, философиялық ойлау жағдайларын қалыптастырып,
ұлттық дәстүрлер мен бағыт-бағдарларын айқындай түсті.
Қазақ философиясы әлемдік философияньщ бір бөлігі болып табылады. Фи
лософия тарихына шьгаайы көзқарас, қазіргі кезде оның құрамында элеуметтік
кеңістік жағдайын ескерсек, үш түрлі компонент бар екенін көрсетеді. Олар - ұлт-
тық философия, аймақтық (регионалдық) философия жэне әлемдік философия
(аймақтық философияньщ классикалық түрі — марксизм, ал әлемдік философия
элі қадыптаса қойған жоқ). Қазақ философиясында осы аталған үш филосо
фияньщ әсері эртүрлі болды. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында жэне
XX ғасырда орыс философиясы, маркстік философия жэне басқа кейбір әлем-
дік философия тікелей эсер етті. Өз жағынан казак философиясының да оларға
ықпалы болды деп айта аламыз. Дегенмен бұл өзі — жеке зерделі зерттеуді кү-
тіп тұрған өзекті мәселе. Нэтижесінде жоғарыда айтылған философия тарихы
дамуындағы жалпылық, ерекшелік жэне даралық диалектикасын ұлттық фило
софияньщ өзекті мәселелерін зерттегенде көзден таса етпеу - ғылыми методоло-
гияның бірден-бір сүранысы деп айтуға болады.
Халықтың коғамдық санасының даму процесінде философиялық дэстүр-
лер қалыптасып, тарихи өзгешеліктеріне қарамастан, қазақ философиясы тари
хында оның эр кезендегі сатысында өзінше дамыған философиялық ойлар ішкі
байланыста больш, олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырды. ¥л ы Абай
айтқандай, «Адам бол!» идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ
философиясына тэн ортақ жэне үдайы дамып келе жатқан идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы
эрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа, тендікке жету жолдарын қарастыруға
бет бүрған.