Kfi3ag философиясы кдлыптасуыныц тарихи ерекшеліктері 261 Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп
сатыларында экономикалық мүдцслер мен саяси қызметке қарағанда филосо-
фиялық, этикалық, діни жэне т.б. проблемалар алдыңғы орынға шығады. Олар
- азаттық жэне адам еркіндігі, діни сенім жоне ақыл-ой, өмір сүру жэне адамгер-
шілік қасиеті, бостандық керек болса, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»
«алтын ғасыр», «ақыр заман» туралы жэне басқа мәселелер.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шең-
берден асып жатады. Мэселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке
ғана ие емес. Сондай-ақ оның түрлі үлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылық-
пен астарланып жатады. Қазақ ағартушысы - жалпы ағартушылықтың бір тү-
рі, оның ерекшеліктері - ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық
практикамен тығыз байланысы; атеизмге үласпаған антиклерикалдық бағыты.
Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан
қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл
ағартушылық халықтың ұлггық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, руха-
ни азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына
негіз болтан демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фоль-
клоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Жалпы әлемге тән
ағартушьшыққа келетін болсақ, ол алдымен кейбір заманның әлеуметтік-саяси
жэне идеологиялық сүранысына сойкес белгілі бір аймақта пайда болып, басқа
аймақтарға тарай береді.
Қоғамдық ойдың үлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеу-
меттік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып
отырған кезде, ең маңызды мэнге ие болып отыр. Оның әлеуметгік жэне мәде-
ни-психологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға
болады. Қоғамдастық - бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқы-
лы қоғам өз мэніне ие болуға қабілетті деп қарау керек. Осы үғым - қоғамды
қүрупіы күштердің әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі көрсете білуінің бейнелері.
Біздің ойымызша, қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті.
Олар - қоғам, қоғамдастық жэне қоғамдық пікір.
Осы мәселе жеке бір зерттеуге тұрарлық. Қоғамдық ой білімді, сананы жэ
не өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана білімге үзеңгілес, сонымен
бірге оның түрлері болып та келеді. Білім - сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік
сананың қасиетті кезеңі жэне оның даму барысының эр кезеңіндегі ең жоғарғы
шыңы. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде осы аталтан үшеуінің бірі алға пгы-
ғып, жетекші рөл атқарады.
Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтық философияны жэне халықтық
саяси көзқарастарды айту керек. Алдыңғы қатардағы идеяларының эсерімен ой-
шыл күнделікті көрген-білгенінен терең де ауқымды ой жүйесін қүрайды. Нэти-
жесінде жоғары деңгейдегі ойлау шеңберіне көтеріледі, сөйтіп, оқиғаларға фило-
софиялық, логикалық жэне ғылыми көзқарас қалыптасады.
Қазір философия мен қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Әсі-
ресе қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде осы
көрініс орын алды. Философия тарихы өзінің сапалық өзгешелігінен айырылып,
саяси идеялар тарихы және сол сияктылар төңірегінде қалып қойды. Бұған себеп