Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет241/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 7 0
V III тарау. К рзаң философиясы
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тэңірінің жасампаздық құдіре- 
тіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі таб- 
ғашқа (қарақытайға) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне неме- 
се қаһарына ұшырагандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, 
дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ал 
тнын мәнісінде ол білімді табғаш елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің 
арқасында. Өзініңданалығын дэріптеумақсатындақайталанып отыратын «қағаны 
алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып 
отырғандығы Тоныкөктің мақганыш сезімінің айғағы болса керек.
Сатқын бектердің сөзіне еріп, азатгықгы қастерлемей кіріптарлыққа еркімен 
кірген буцун (түркі халқы) тәңірінің қаһарына ұшырады, - дейді Тоныкөк. Кейіннен 
ел басын біріюіріп, қағандық құрып талай жеңістерге жету ісі де тэңірден қолдау 
таппаса жүзеге аспас екен. Алты мыңцық оғыз эскерімен кездескенде Тоныкөк 
әскері 2 мың ғана екен. «Тэңірі, ¥май, ¥йы қ жер-су жер берді емес пе? Неге 
қашамыз? Көп (екен) деп неге қорқамыз... неге басылып қаламыз... тиелік! - дедім, 
дейді Тоныкөк. Тидік (тиіп бердік). Бытыраттық. Екінші күні (қайта) келдік... Өртше 
қызып (лаулап) келді. Соғыстық. (Жаудың) бізден екі-үш сыңары (легі) артық еді. 
Тэңірі жарылқағаны үшін көп екен деп біз қорықпадық, согыстық»74.
Ал «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнамадан» тәңіршілдік дүниетанымның 
үстемдіктен айырьша бастаған ньппанын байқаймыз. Мысалы, Дерсе хан бала- 
сын тәңіріден тілеп алса («Қорқыт ата» кітабы), Оғыз қағанның балалары аспан- 
нан түскен нүрдан жаратылған әйелден туады. Сондықтан да олардың атын 
Ай, Күн, Жұлдыз қояды. Сонымен қатар Дерсе хан туралы аңызда Алла тағала 
аты бір рет айтылады да кейіннен үш мэрте Тэңірі тағала деп қайталанады. 
Бұл нені көрсетеді? Біздің пайымдауымызша, ол кезеңдердегі қауымдық санада 
тэңіршілдік көзқарастың әлі де үстем болғандығының, исламның толық жеңіске 
жете қоймағандыгының айғағы болса керек. «Тэңірі тағала» осы итжығыс 
күрестің нәтижесі ретінде қалыптасқан ұғым сияқты.
Орхон-Енисей, «Қорқыт ата» кітабы, Оғызнама жазба ескерткіштерінде то- 
темдік, анимистік көзқарастар сілсмдсрі сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы 
азая бастағаны байқалады. Оны уақиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа 
бірінама жанасымды түрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады. Алайда 
тотемдік көк бөрі барлық аталмыш жағдаятгарда орын альш отырады. Огызнама 
бірде әскерге жол басшы болса, бірде киелі заузат ретінде дәріптеледі. Сонымен 
қатар анимистік көзқарастардьщ да аз болса да бой көрсетіп қалатынын байқаймыз.
Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар, тас дэуірінен бастап еңбек қүра- 
лын санасына қарай таңдады, осыдан сезімді мәнді әрекет процесі басталды. 
Қола дэуірі тарихта жалпы тұргындардан бақгашы тайпалардың бөлінуімен және 
алғашқы ең үлкен қоғамдық еңбек бөлінісі болуымен белгілі. Бұл сол-ақ екен 
материалдық мэдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш берді.
Тері шалбарлар пайда болды және көрші халықтар мүны жылдам-ақ қабыл- 
дады. Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ертоқым, найза, жебе ұштарының қажеггілігі 
металлургия мен тау-кен өндірісінің қызу дамуын дүниеге әкелді.
74 Бұл туралы кеңірек мына кітаптрн қараңыз: Бейсенов Қ.Ш. Қазақ топырағында калыптасқан ғақпиятты ой ке­
шу үрдістері. - Алматы, 1994; соныкі: Философия тарихы. - Алматы, 1992.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет