Жалпы ережелер



бет16/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204
Міндеттері:

– балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;

– жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

– ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы;

– рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;

– балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

– білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;

– балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;

– білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.

Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Бағдарлама құрылымы мен мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушы, оқытушы міндеттерінің бірлігі мен

кіріктірілуі, бірізділігі, жүйелілігі, сабақтастығы сияқты педагогикалық қағидаттар негізінде құрылған.

Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастарымен және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.

Бағдарламада «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары мазмұнының негізгі аспектілері анықталады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала таниды, тани отырып, білгенін әңгімелеп береді; талқылау және зерттеу барысында құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етеді. Білім беру салаларының өзара байланысы және өзара әрекеттестігі қоршаған ортаның тұтастай бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағаты сабақтарға, 4 сағаты – вариативтік компонентке қарастырылған. Мектепалды даярлық сыныптарында ұзақтығы 25-30 минутты құрайтын төрт сабақ өткізіледі. Олардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс, үзілістерде баяу қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылады.

«Денсаулық» білім беру саласы белсенді қимыл әрекеті дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулуға бағытталған.

«Қатынас» білім беру саласы айналасындағы адамдармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу ептіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдаяттарын ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстауға бағытталған.

«Таным» білім беру саласы танымдық-зерттеу әрекеті үшін жағдай жасауға бағытталған.

«Шығармашылық» білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік аясының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға жағдай жасау, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға бағытталған.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы әлеуметтік ортаға бейімделу, кез келген ортада еркін бірлесе әрекет ету, өз Отанына сүйіспеншілік таныту біліктерін қалыптастыру, адамгершілік-рухани білім негіздерін дамытуға бағытталған.




Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет