Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша



бет48/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Тыңдалым тапсырмасы
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ


ХХІ ғасырда жер бетіндегі халықтың өсуіне байланысты энергияға деген сұранысты арттырып, оны өндіруге талап күшейгені белгілі. Баламалы энергияны өндіру дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) өндіруден өзгеше. Баламалы энергия күннен, желден т.б. энергия көздерін пайдалану арқылы алынады. Бұл жөнінде Қазақстанның өз ұстанымы бар. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамуды көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында бұл мәселеге ерекше назар аударылған. Онда Елбасы «Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді. Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық» деген еді. Жалпы энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр, өйткені әлемнің өнеркәсібі дамыған мемлекеттерінде энергияны үнемдеу ісі дұрыс жолға қойылған. Себебі, көмір және көмірсутегін пайдалану арқылы энергия өндіретін жылу электр станциялары экологияның бүлінуіне әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Осыны есепке алған елдер экологиялық проблемалар тудырмайтын, қайта қалпына келетін (күн, жел энергиясы, т.б.) энергия көздерін дамытуға көңіл бөліп отыр. Әлемдегі осы үдерістің тиімділігін ерте байқап, оны Қазақстан жағдайында қолдануды көздеген Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,– деген еді. Бүгінде бұл тарапта елімізде істеліп жатқан істер өз нәтижесін көрсете бастады. (219 сөз)
https://turkystan.kz/article/80929-balamaly-energiya-k-zderi-memleket-bajly-y
1.Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

А. ________________ өндіру дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) өндіруден өзгеше.


(1)
В. Баламалы энергия __________________ энергия көздерін пайдалану арқылы алынады.
(1)

С. Жалпы ______________ үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр, өйткені әлемнің өнеркәсібі дамыған мемлекеттерінде _______________________ дұрыс жолға қойылған.


(1)
2.Сіздің ойыңызша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында бұл мәселеге ерекше назар аударылған. Онда Елбасы «Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді – деген мақсат орындалады ма?

(2)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет