«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Үшінші мақсаты – тәжірибелерді оқушылардың өздері орындауы арқылы олардың эксперименттік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру



бет16/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Үшінші мақсаты – тәжірибелерді оқушылардың өздері орындауы арқылы олардың эксперименттік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Мұндай жұмыстарға физикалық практикум және үйде орындалатын эксперименттік жұмыстар жатады.
Бұл жұмыстарда құбылыстар мен шамалар, олардың арасындағы байланыстар қалыптастырылады. Мысалы, сұйық қысымының оның тығыздығы мен биіктігіне тәуелділігін зерттеу; өткізгіштен өтетін ток күшінің өткізгіш ұштарындағы кернеуге және өткізгіш кедергісіне тәуелділігін зерттеу. Осы жұмыстарды бірінші сипаттағы жұмыстармен салыстырғанда толықтай эксперименттік жұмыстарға жатқызуға болады.
Эксперименттік жұмыстарды практикалық сипаттағы жұмыстардан ажырата алу керек. Жұмыстардың бұл екі түрінің өз мақсаттары мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Практикалық жұмыстарды орындау зерттеу элементтері кіретін эксперименттік жұмыстарды орындауға қажетті оқушылардың дайындығы болып табылады. Эксперименттік жұмыстар оқушылардың өз білімдері мен еңбектерін күрделірек жағдайда қолдана білуді талап етеді.
Оқушылардың өздеріне белгілі өлшеу әдістері бойынша физикалық шамаларды өлшеу жұмыстарын практикалық жұмыстар деп атаған орынды. Мысалы, оқушы амперметр мен вольтметр көмегімен өткізгіштер кедергісін анықтайды. Мұғалім бұл ебдейлікті бекіте түсу үшін, тағы да бір өткізгіштің мысалы, электр шамы қыл сымының суық күйіндегі кедергісін анықтауға тапсырма береді.
Физикалық практикум – зертханалық жұмыстардың күрделі түрі, сондықтан да ол жоғарғы сыныптарда өтіледі. Мұнда оқушылардың әр тобы түрлі жұмыстар орындайды. Физикалық практикум жұмысы фронталь жұмыстарға қарағанда күрделірек келеді және оған уақыт көбірек керек (оған 2 сабақ беріледі). Физикалық практикум көбінесе оқу жылының аяғында өткізіледі.
Физикалық практикумда жасалатын зертханалық жұмыстардың тақырыбын таңдағанда, мектепте бар құрал-жабдықтарды қарастырып, бар материялдарды алған дұрыс. Практикум жұмыстары білімді жүйеге түсіруге, оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын жетілдіруге арналады.
Практикум жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруда алдын ала, жұмыстың нұсқауы жазылған карточкалар, қажетті құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет