4-тапсырма. Оқы.
Біздің елімізде табиғатты қорғауға арналғандар:
1. Қазақстанның Қызыл кітабы – бұл біздің республикамыздың та-
биғатын қорғау бойынша ең басты құжат.
2. Қорықтар – бұлар адамның шаруашылық қызметіне тыйым са-
лынған табиғат аумақтары. Біздің елімізде 10 қорық бар.
3. Ұлттық табиғи саябақтар. Мұнда территорияны туристердің қа-
рауына рұқсат беріледі. Алайда белгілі бір тәртіп ережелерін сақтау
және табиғатқа ұқыптылықпен қарау талап етіледі. Қазақстанда осын-
дай 5 саябақ құрылған.
4. Қорықшалар. Оның территориясында табиғи нысандарды белгілі
бір уақытқа және табиғатқа зиян келтірмей, шаруашылыққа пайдала-
нуға болады. Қазақстанда 80 қорықша бар.
5. Табиғат ескерткіштері – бұл тарихи мәні бар табиғат ескерткіш-
тері. Табиғат ескерткіштерінің территориясында шаруашылық қыз-
метке тыйым салынған. Қазақстанда 24 табиғат ескертікіші бар.