Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
64
дін сияқты әлеуметтік институттар арқылы ӛтеді. И.С. Кон жастық шақтағы жетекші әлеуметтік инс-
титут деп ата-анасын, отбасын атайды. Егер бала отбасынан тыс тәрбиеленіп жатса, онда баланы
үлкендер қоғамына енгізу, оларды жалпы заң негізінде ӛмір сүруге үйрету қажетті жағдай әрі бұл
балалар үйіндегі әлеуметтік жұмыстың психологиялық іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуын қажет
етеді. Әсіресе, олардың дене, адамгершілік, патриоттық және еңбек, эстетикалық, жыныстық, ақыл-
ой тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлуі қажет. Жетім балаларға арналған мекемелердегі әлеуметтік-психо-
логиялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері: жетім балаларға әлеуметтік қолдау кӛрсету, денсаулығын
сақтау, білім алуға кӛмектесу; тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру, ӛмірлік жоспарларын дұрыс
қалыптастыруға, әлеуметтік-тұрмыстық іскерліктер мен дағдыларды үйренуге бағыттау, қоғамда бел-
гіленген заңдылықтарға сай ӛмір сүруге бейімдеу, балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау.
Балалар үйіндегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін зерттеу нәтиже-
лері сондай-ақ, Ресей және шетелдердегі осындай мекемелерде жүргізілген тәжірибе негізінде іс-әре-
кеттің тӛмендегідей: әлеуметтік, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, дәрігерлік-әлеуметтік,
коррекциялық-дамытушы және патронажды бағыттары анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: