Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
67
алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның ӛзіңде де ойын ӛз дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогика-
лық бір мақсатты кӛздеп, тәрбие құралы қызметін атқаратыны анық.
Кеңестер одағының құлап, тоталитарлық құрылыстың ыдырауына байланысты, еліміздің еркіндік
алуы, ел ӛмірінің барлық саласына айтарлықтай жаңалықтар әкелді. Ендігі жерде еткен ӛміріміз бен
ӛнерімізге жаңаша қарап, ұрпақ тәрбиесін халкымыздың ежелгі арманы болып келген, ӛз халқының
мүддесіне сай қайта қүруға мүмкіншілік алды. Бүгінде оқу орындарының алдында түрған негізгі мақ-
сат – заманымызға сай ұлттық мүддені кӛздейтін, отанын сүйе білетін, қазақстандық патриотизмді
тәрбиелеу оны ӛмірдің ӛзі талап етіп отырғандай етіп күн тәртібіне қою. Оқу-тәрбие жүмысының
негізі идеялық арқауына айландыру міндеті тұр. Бұл міндетті орыңдауда әлеуметтік-педагогикалық
идеяларды іс жүзіне асыруда негізгі кӛмекші болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза қоймас.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының негізгі заңының бірінші бабының екінші тармағын-
да: "Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл
халықтың игілігін кӛздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет ӛмірінің аса
маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе
парламенттік дауыс беру арқылы шешу" – деп кӛрсеткен.
Ата заңымыз Конститутцияда атап кӛрсетілген тақырыптарды іс жүзіне асырып, ӛмірге енгізудегі
негізгі тірек – оқу, ағарту орындары. Соның ішінде ең бастысы – жалпыға бірдей білім беретін мек-
тептер. Елбасы, Президентінің Қазақстан халқының алдына қойып отырған "Қазақстан-2030" бағдар-
ламасында "...біздің ұрпақтың, келер ұрпақтың алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайты-
ғын" атап кӛрсеткен.
Осы талаптарды іс жүзіне асыратын, бүгінгі ғылыми негізде білім беруді ұйымдастыру міндеті
жүктеліп отырған оқу орындарының жүгі аз емес. Сондықтан бүгінгі күні педагогика ғылымының
алдында зор міндеттер күтіп тұр. Ол міндеттер ғасырлар бойы бостандықтың бұғауында болып, ата-
бабалар жасаған асыл мұра, ұлттық негізден айырылуға айналған ұрпаққа, сол жоғалтқан ӛзіндік
негіздерді қайтара отырып, бүгінгі күн талаптарына сай ғылым негіздерін олардың бойына сіңіру
болып табылады. Еліміздің ӛз алдына егеменді ел болуына байланысты мектептердегі тұтас
педагоги-
калық процестерді жетілдіру мақсатында. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалык жағдайын жақсар-
ту қолдарынан келетін, ел мүддесіне еңбек ететін жастарды ӛмір талабына сай тәрбиелеу мәселесі
күн тәртібіне қойылды. Осы мақсаттарға сай "Білім беру Заңы", "Жоғары білім беру Заңы туралы",
"Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру туралы тұжырымдамасы" сияқты аса қажетті
құжаттар ӛмірге келді.
Сол секілді педагогикалық ілімді алға қарай дамыту мәселесі Республикада қарқынмен іске асуда.
Бұл салада жаңа зерттеулер жүргізілді, кӛптеген докторлық диссертациялар қорғалды. Республикада
жалпыға бірдей білім беретін мектептерден бастап, жоғары оқу орындарында педагогикалық кадр-
ларды бугінгі күннің талаптарына сай әзірлеу мәселесіне кӛп кӛңіл бӛлінуде. Солардың кагарында
Адамбеков Қ.І., Бейсенбаева А.А., Ахметов К., Нүрғалиева Г.К., Сабиров I.С., Исаева З.А. т.б. зерттеу-
лері бар. Кӛптеген ғалымдардың еңбегі жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің қыр-сырын зерттеуге
арналған еңбектерден тұрады. Балалар ұжымы арқылы жеке тұлғаларды тәрбилеудің барысында,
әсіресе, дене шынықтыру, спорт пәндерінің ролін ашып беретін Баженов В.Т., Ким В.А., Керимов Л.К.,
Трифонов В.В., Уманов Г.А. еңбектерін атап айтуға болады.
Тұтас педагогикалық процестің негіздері мен жалпыға білім беретін мектептердегі оны жүргізу
жолдары мен басқару процестерін және педагогикалық процесті басқарудың ерекшеліктері туралы
жан-жақты зерттеулер жүргізген Н.Д. Хмельдің еңбектерін атап ӛткен жӛн.
Ұлт ойындарын тәрбие жұмысына пайдалану туралы зерттеуде Анаркулов Х.Ф., Таникеев М.Т.,
Қуанышев Т.Ш., Тулегенов Ж.Т., Турсунов Н.Т. т.б. жастарды моральдық жағынан қалыптастырудың
ерік-жігерін ұштап, адамгершілік негіздерін шындауды қажетті тәрбие құралы деп бағалайды.
Алайда, кӛптеген авторлар ӛз зерттеулерінде, ойынды халық педагогикасының бір саласы ретінде
ала отырып, оны тек тәрбие құралы ретіңде ғана қарастыруды ӛздерінің басты міндеттері ретінде кӛр-
сететіндіктерін айта отыруды жӛн кӛрдік. Ұлт ойындарын, жалпы ойын атаулыны, тек тәрбие құралы
бӛліп алып қарау, біржақтылыққа апарып соғатынын ескерген жӛн.
Біздің пікірімізше, ұлт ойындары-кешендік тәрбиенің, тұтас педагогикалық процестің таптырмай-
тын құралы. Осы идеяларды басшылыққа ала отырып, біз алғашқы зерттеулеріміздің ӛзінде-ақ ұлт
ойындарын кеңестік кеңістіктің аумағында тұңғыш рет ана тілі математика сабақтарының барысында