Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
109
дық жағдайын жақсартатынын айтқан. Спортпен айналысатын жасӛспірімдер ӛте жоғары антроме-
трикалық кӛрсеткіштерге ие: бойларының
ұзындығы және дене салмағы, демалу кӛлемі, кӛкірек клет-
каларының дамуы т.б. Сондай-ақ дене жаттығуларын күнделікті ӛмірдің тәртібіне ендіру олардың
денсаулығына, жалпы организмнің жағдайына, ақыл-ойының дамуына, оқушылардың еңбекке қабі-
леттілігін дамытуға оң әсер ететінін Қ.І. Адамбеков [2] және т.б. авторлар да айтқан болатын.
Шығар-
машылық дамудың тұжырымдамасындағы белгілі бір нәтижелердің бірі кинезофилия жүйкелігі тео-
риясының пайда болуын кӛрсетеді. Кинезофилия – мида тұқым қуалау арқылы қалған және жоғары
жүйке қызметінде (функциялардың жүйеаралық келісуі, бейімділік мінез-құлық, психика) байқала-
тын энергияның күшті кӛзі. Кинезофилия – қимыл-әрекетке деген табиғи мұқтаждық адаммен еңбек-
ке араласу кезінде жүзеге асады. 10-13 жас аралығындағы биологиялық қозғалысқа деген мұқтаждық
күніне 4 сағатты құрайтынын білдіреді. Осы санда уақыттың 20% орташа дене жүктемесін атқарады,
қалған уақытта – ең кіші жүктемемен орындайды. Соңғы уақытта ӛмірдің жақсы жағдайына қарай
жасӛспірімдер аз қозғалу позициясын ұстануда (кӛбіне кӛп теледидар кӛру немесе компьютер ойнау
т.б.), яғни гипокинезия жағдайында ӛмір сүруде. Әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, балалар мен
жасӛспірімдердің қозғалу белсенділігі оқу үдерісі басталысымен 50% азаяды. Т.Ә. Ботағариев [3],
оқушылардың күндізгі уақытының 60% отырған жағдайда ӛткізетінін және оған еш энергия да жұм-
самайтынын келтірген. Гипокинезия барлық аурудың түрін де асқындырып жібереді және жүйке-бұл-
шық ет жүйелерінің, ішкі органдардың, қан айналымы, тыныс алу органдарының патологиясына әкеп
соқтырады. «Гипокинезиялық ауру» деп аталатын ауру пайда болады, ол үлкен ми қыртысының асте-
низациялануымен, локомоторлы және висцералды саланың функционалдық жағдайының бұзылуына
әкеп соқтырады.
Кӛптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарап қозғалу сапаларының ӛте белсенді дамитын кезеңі 7-8
жас пен 12-13 жас аралықтарында болатынын байқатады. Дәл осы кезең барлық сапалық қабілеттер-
дің оңтайлы дамуына ӛте жақсы ықпал етеді. Кейбір авторлардың еңбектерінде жүгіру жылдамдығы-
ның маңызды кӛрсеткіші – қадамдардың жиілеуі, әсіресе 7-12 жас аралығында қарқынды дами түседі.
Л.П. Матвеев [1] еңбектерінде жасӛспірімдердің организмінің жоғары икемділігімен, сондай-ақ жүй-
ке үрдісінің қозғалысымен, білімнің шартты-рефлекстік байланыстарымен түсіндіріледі. 12-13 жаста
жүгіру қарқыны едәуір тӛмендейді және олардың даму қарқыны толқын іспеттес. 12-14
жастағы бала-
лардың жүгіру қарқыны тӛмендеуін мамандар жыныстық ерекшеліктерімен байланыстырып, ол
кезеңде олардың тоқтай алу және қозу барысында тепе-теңдіктің бұзылуымен байқалады.
Бүгінгі таңда жастар мен жасӛспірімдердің спорттық қызығушылығы, физикалық белсенділігін
арттыруға ғылыми-әдістемелік негіздемесі психологиялық жағынан жеткіліксіз қамтылған. Ӛмірде
бірдей адам болмайтындықтан, балалардың да сыртқы факторларға қарсы тұру қабілеті, жүйке жүйе-
сі, ағзасының физиологиялық жағдайы әр түрлі болады. Сондықтан дене шынықтыру пәні мұғалімі-
нің басты міндеті – оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке басының мүмкіндіктерін (физиология-
лық жағынан да) ескере отырып, олардың қызығушылықтарын арттыру.
Аталмыш пәнге қатысты «екінші реттік» қосарлы сабақ деген кӛзқарасты ӛзгерту керек. Басқаша
қарағанда, «дене шынықтыруда секіреді, жүгіреді, одан басқа не керек?» деген сұрақ туындауы мүм-
кін. Кӛп жағдайда, дене шынықтыру сабағы оқушылардың қимыл қозғалысын белсендіру әдісі болып
табылатындығы белгілі. Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру мамандары үшін балалардың дене
мәдениетін қалыптастыруға қатысты олардың ішкі сенімдері мен қызығушылықтарын арттыру керек.
Оқушылардың физикалық белсенділігі, соның ішінде психологиялық жағдайы – дене шынықтыру-
ға қатысты қызығушылығы, олардың жас ерекшеліктерін ескеру шарт. Бұл мәселеге
қатысты тағы бір
шешім – бала ағзасының функционалдық ерекшеліктеріне сай әр түрлі тәсілдерді ұсыну. Дене
шынықтыру мұғалімдерімен сӛз барысында сабақтан босатылған балалар туралы мәселе қарастырыл-
ды, сол сабақ уақытындағы олардың бос уақытын қадағалау – медициналық және
психологиялық тұр-
ғыдан дене шынықтыруды қамтудың қажеттілігін танытады.
Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқула-
рын аяқтаған,армия қатарында Отан қорғаған жастар әр түрлі ӛнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек
қызметтеріне кіріседі.Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулық-
тарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы ӛте зор.
Еңбек етудің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық куштерін жұмсап шар-
шайды, жұмысқа қабілеттіліктері тӛмендейді.Осы кезде дене тәрбиесі амалдары кӛмегімен шаршаған