Жұбайлар шаттығЫ


сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны



Pdf көрінісі
бет92/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны 
басқа бір жаратылыс етіп, жан салдық. Жаратушылардың 
шебері – Ұлы Аллаһ. Бұдан кейін, әрине, сендер өлесіңдер. 
Сосын сендер Қиямет күні күдіксіз тірілесіңдер»
2
, – делiнген. 
7. Нәрестеге жан біту мерзiмi 
Сахих хадистерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) ана жатырында адам 
баласы қалай жаратылатынын, оған қашан жан бітіп, тірі күйге 
енетінін нақты белгілеп берген. Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ 
оған разы болсын): 
«Пайғамбар (с.а.с.): 
«Расында сендердің 
әрбіріңнiң ана iшiнде жаратылуларың 
(алдымен)
 қырық күн су 
күйінде, сосын осынша уақыт ұйыған қан күйінде, сосын 
(тағы 
да)
сонша уақыт бір кесек ет күйінде болады. Сосын оған бір 
періште жіберілiп жан үрлеп кіргізеді...»
, – деді»
, – деген
3

Балаға жан үрленгеннен кейін ғана тірі күйге еніп, тірінің 
қимылындай қимыл жасай бастайды. Жан үрленбестен бұрын ол 
өсімдік тәрізді ана кіндігінен нәр алып, өсіп жатқан бір зат 
күйінде болады. Сондықтан аталық ұрықтың қозғалғанына орай, 
«ол тірі, себебі ол қозғалады» дегендей ойға кету қисынсыз! 
Дұрысында, бұл – жансыз су ғана. Ал оның қозғалысы тіріліктен 
1
«Исра» сүресі, 85-аят. 
2
«Муминун» сүресі, 12-16 аяттар. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 


79 
емес, атакциялық әрекеттен деп саналады. Өйткені ұрық еркектен 
шыққаннан кейін біраз уақыт дірілдеп, қозғалып тұрады. Мiне, 
осы уақытта Аллаһ тағаланың қалауымен ол аналық ұрықпен 
кездесiп, ұрықтану мен ұрықтың қозғалу процесі басталады. 
Атакциялық әрекет ұрыққа жанның бiткенiн айғақтамайды. 
Мәселен, жыланның құйрығы кесiлсе, сол кесіліп қалған бөлігі 
дірілдеп, қимылдап тұрады. Бірақ ол тiрі емес. Сол секiлдi, іштегі 
балаға әлі жан үрленбей тұрып, оны тірі деу де қате. Ақиқатында, 
Аллаһ тағаланың құдіретімен ол ешқандай жансыз, бір кезеңнен 
екінші кезеңге өтедi. Зерттеуші ғалымдардың көпшiлiгi 
мұсылман болмағандықтан, әлгiндей қате пiкiрдi қолдайды. Олар 
Аллаһ тағаланың адам баласының жаратылу кезеңдері туралы 
айтқан сөздерінен және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл туралы 
айтқан ойлары мен түсіндірмелерінен бейхабар болғандықтан, 
қозғалғанның барлығы жанды зат деп шешкен. Сөзiмiздің дәйектi 
болуы үшiн келесі мысалды келтiрейік: Мәселен, электроника 
саласына жататын күрделі өнімдерді жасап шығарушы зауыттар 
оңай болу үшін, оларды қолдану ережелерiмен қоса, әр 
бөлшегінің 
атқаратын 
қызметі 
туралы 
егжей-тегжейлі 
түсіндіретін нұсқауды қосып бередi. Себебі бұзылған жағдайда 
ешбір шебер мұндай нұсқаусыз жөндей алмайды. Яғни заттың 
арнайы нұсқауын бiлмеген адам оны дұрыс қолданып, бұзылған 
жағдайда 
дұрыс 
түзете 
алмайды. 
Адам 
баласының 
жаратылысындағы жағдай да дәл солай. Аллаһ тағала адам 
баласын жаратты. Бұл жайлы түсірген кітаптары, пайғамбарлары 
арқылы 
хабар 
берді. 
Жаратушының 
ұлылығы 
мен 
жаратылғанның 
құрмет, 
беделін 
білуіміз 
үшін 
бізге 
жаратылыстың нұсқауы ретінде барлық жаратылу кезеңдерін, 
уақытын, бір кезеңнен екінші кезеңге қалай, қанша уақытта 
өтетінін, періштеге адамға жан кіргізу қашан бұйырылатынын – 
барлығын түгелдей кеңінен баян етті. Ал адамның жаратылысын 
бұл аяттар мен хадистердегі мәліметтерден бейхабар күйде 
зерттеушілер зауыт нұсқауымен таныспастан, күрделі аппаратты 
жөндеуге әрекеттенген адамның күйіне ұқсайды. 


80 
Эмбриология (ұрықтың дамуы туралы ғылым) саласындағы 
ғалымдар, егер осы тақырыпқа байланысты Құран мен 
хадистердегі мәліметтермен танысар болса, өзгермейтін 
шындықты табатындықтарына біздің сеніміміз кәміл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет