Жеке даму биологиясы



бет34/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Онтогенез кезеңдері


Адамның жеке дамуының циклін екі кезеңге бөлуге болады:

  1. Құрсақтық (пренаталды) кезең

  2. Құрсақтан тыс (постнаталды) кезең

Құрсақтық кезең екіге бөлінеді:

  1. Эмбриондық кезең (алғашқы 8 апта), бұл кезеңде дененің ересек адамға тән мүшелері мен бөліктері қалыптасады.

  2. Фетальды – құрсақтағы нәрестелік кезең, бұл кезеңде ұрық үлкейіп өсіп, мүше түзілу аяқталады.

Құрсақтан тыс кезеңде (туғаннан кейін) адам өмірі жасы бойынша былай бөлінеді:

  1. Жаңа туған нәресте 1-10 күн.

  2. Емшектегі бала 10-1 жас.

  3. Балғын балалық шақ 1-3 жас.

  4. Алғашқы балалық шақ 4-7 жас.

  5. Екінші балалық шақ 8-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар).

  6. Жасөспірім шақ 13-16 жас (ер балалар), 12-15 жас (қыз балалар).

  7. Жастық шақ 17-21 жас (бозбалалар), 16-20 жас (бойжеткендер).

  8. Кемел жас: I-кезең 22-35 жас (ерлер), 21-35 жас (әйелдер).

II-кезең 36-60 жас(ерлер), 36-55 жас (әйелдер).

  1. Егде жас 61-74 (ерлер), 56-74 (әйелдер).

10. Қарттық шақ 75-90 (ерлер мен әйелдер).
11. Ұзақ жасаушылар 90 жас және одан жоғары жастағылар.
Ал бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша (1964) қартаю үш сатыға бөлінеді:
1) орта жастағылар 45-59 жасқа дейін;
2) егде жастағылар 60-74 жасқа дейін;
3) қарттар 75 жас және одан үлкендер. Онтогенездің қартаю кезеңдерін герантология деген ғылым зерттейді.
Онтогенез организмнің пайда болғанынан өлгенге дейінгі дамуы, жетілуі, кемелденуі және қартайып кері кетуі жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық организмнің бөлінуінен басталады немесе арнайы жасуша, жасушалар тобының пайда болуынан басталады. Ал жынысты көбейгенде жаңа организмнің пайда болуы аналық және аталық жыныс жасушаларының қосылып, зигота түзілуінен басталады. Онгогенез бір жасушадан тұратын ұрықтың әртүрлі ткандардан, органдардан тұратын көп жасушалы организмге айналуы. Оларда әртүрлі күрделі құрылымдар пайда болуы, олардың қызметі, өсуі, биохимиялық түрленуі, қоршаған ортаның әсерінен өзгеруі – мұның бәрі онгогенездің әртүрлі көрінісі.
Онтогенездің ұзақтығы әртүрлі организмдерде әртүрлі. Ол бірнеше минуттан мыңдаған жылға жетеді. Онтогенез филогенезбен тығыз байланысты. Жануарлар филогенезді бастауьш әлі жасуша пайда болмаған кездегі организмдер – пробионттардан алады. Олардан бактериялар, көк жасыл балдырлар сияқты прокариоттар пайда болған. Кейіннен алғашқы бір жасушалы организмдер, олардан қарапайымдылар пайда болса керек. Ал ертедегі колониялы бір жасушалы организмдерден көп жасушалы организмдер пайда болған. Мұны олардың эмбрионалды дамуын бағдарлай отрып байқауға болады. Бірақта онтогенез филогенездің абслютты көшірмесі емес. Организм жеке даму кезінде қоршаған ортаның әсерінен көптеген өзгерістерге ұшырап отырады. Сөйтіп оларда тегінде болмаған белгілер пайда болуы мүмкін. Егерде ондай өзгерістер генетикалық аппаратында болса ол өзгерістер тұқым қуалайды. Осылайша онтогенезден филогенез пайда болады. Организмнің даму кезеңдері деп онтогенезді зерттегенде, салыстырмалы түрде өзінше, бірақ бірімен-бірі тығыз байланысты дамудың кезеңдерін айтады. Жынысты жолмен көбейетін организмдердің онтогенезін ұрық алды (предзародышевый), эмбрианальды және постэмбрианальды деп үш кезеңге бөледі. Ұрық алды кезеңі деп жыныс клекаларының организм пайда болғаннан ұрықтануға дайын болғанға дейінгі дамуын айтады. Ал эмбрионалды даму кезеңі ұрығының қоршаған ортада немесе анасының құрсағына дамып жылдам көп жасушалы органимге айналуы. Адамның эмбрионалды дамуы өз кезегінде: бастапқы (началный), ұрықтық (зародышевый) және эмбриондық (плодный) деп тағы үш кезеңге бөлінеді. Бастапқы кезең эмбрибналды дамудың алғашқы аптасын қамтиды. Ол ұрықтың зигота пайда болғаннан имплонтация болғанша даму кезеңі.
Ұрықтық кезең екінші аптадан бастап сегізінші апта біткенше, немесе имплантациядан бастап органогенез процесі біткенше созылады. Бұл кезең органогенез процесімен, ұрықтың белгілі бір қоректену сипатымен ерекшеленеді, Бұл кезенде ұрық жатырдың клегей қабағының секретімен, плазмоди отрофобласт жасушаларының әсерінен ыдыраған жатыр ткандарымен қоректенеді. Көпке дейін плаценталық қан айналымы болмауымен сипатталады. Осы кезеңде адам ұрығы өзіне тән сипат алады. Эмбрионалды дамудың ақырғы кезеңін эмбриондық (плодный) даму кезеңі немесе феталды эмбрионалды даму кезеңі деп атайды. Бұл кезең ұрықтанғаннан соң тоғызыншы аптадан туғанға дейін созылады. Бұл кезенде эмбрион қарқынды өсіп, пішін қалыптасу процесстерімен, кезеңге тән қоректену сипатымен ерекшеленеді. Бұл кезең плаценталық қан айналуымен сипатталады.
Адамдар мен сүтқоректілерді постэмбрионалды кезең эмбриондардың ұрық қабынан шығып босануынан басталады. Бұл процесс шын мағынасында анасының да, баласының да бір бірінен босануымен сипатталады. Постэмбрионалды кезенде организм дамуында анатомиялық және функциолналдық көптеген өзгерістер болады. Оны жасына байлансты ерекшеліктер деп атайды. Адамның постноталды дамуын жасына қарай әртүрлі кезеңдерге бөледі. Бірақ ол кезендердің арасында ерекше шекарасы болмайды. Адамның постнаталды дамуын кезеңдерге бөлгенде дамудың мына белгілерін негізге алады. Олар тістің шығуы, қаңқасының сүйектенуі, денесі мен органдардың көлемінің өсуі, денесінің массасының артуы, жыныстық жетілу дәрежесі, физикалық күшінің артуы, жетілуі, ішкі секреция бездерінің дамуы сияқты белгілер. Бұл белгілер организмнің өсуі, жетілуі және жасушаларының, ткандарының, органдарының функционалды мамандануы мен тығыз байланысты. Ол гистологиялық зерттеулерді қажет етеді. Адамның постнаталды дамуын мынадай кезендерге бөлуге болады. Жаңа туған 1-10 күн, нәресте – 10 күннен 1 жылға дейін, бала — 1 жастан 12 жасқа дейін, жеткіншек – 13 тен 16 жасқа дейін, бозбала мен бойжеткен – 17 ден 21 дейін, жетілген жас кезеңі 22 ден 60 жасқа дейін, 61 ден 74 жасқа дейін ересек, 75 ден 90 жасқа дейін кемпір-шал, ал 90 нан жоғары – көп жасағандар. Бұл негізінен ер адамдар үшін, бұл процесс қыз балалар үшін 1-2 жас ерте түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет