Жексенбай н



бет68/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибелік бөлімі

Алдын-ала дайындық. Фотоэлектроколориметрді тоқ көзіне қосады. Көлемі 50,00 мл-лік жеті өлшеуіш колба дайындайды. 6 өлшеуіш колбаға пипеткамен титрі (Т (Ғе3+)) = 0,1 10-3 г/мл. Көлемдері 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; мл (ретіне сәйкес) темір (III) тұзының стандартта ерітіндісінің аликвотты көлемін құяды. Әр қолбаға 1 мл-ден сұйытылған (1:1) азот қышқылын (гидролизді болдырмау үшін) және 5 мл аммоний роданиді (NН4СNS) ( = 10%) ерітіндісін қосада: Әр колбаны сызығына дейін дистилденген сумен толтырып жақсылап араластырады. Жетінші колбаға құрамы белгісіз темір (III) ерітіндісін лаборанттан алып құяды. Стандартты ерітінді дайындалған сияқты бұл колбаға да азот қышқылы (1 мл) мен аммоний роданидін (5 мл) құйып, дистилденген сумен сызығына дейін толтырып араластырады.

Алдын ала жуылған екі кюветаға (қалыпқа) белгісіне дейін салыстыру ерітіндісін (дистилденген су) құйып, фильтр қағазымен айналасын сүртіп приборға орналастыруы керек.

Әдетте салыстыру ерітіндісі екі реактивтен тұрады стандартты ерітінді сияқты. Бұл ерітінділерде бояулы ерітінді түзетін темір (III) тұзының ерітіндісі болмайды, бұл жұмыста салыстыру ерітіндісінен арнайы дайындалмайды, себебі қолданылатын реактивтер (НNО3 және NН4СNS) түссіз, анализ жоғары дәлдікті қажет етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет