Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі, типтер



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі274,24 Kb.
#96691
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Нерв жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

Вароли көпірі – сопақша мидың үстінде орналасқан. Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды. Артқы мидың дамуы 7 жасқа келгенде аяқталуға жақындайды.
Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықта дененің қимыл-өрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4 төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы төбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро бұлшық ет тонусын реттейді.
Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет