$$$002-010-000$3.2.10 Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.
&&&
$$$002-010-001$3.2.10.11.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы.
&&&
$$$002-010-001$3.2.10.22.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасы
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, –
деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |