Н-Ала-Гли-Цис-Лиз-Асн-Фен-Фен-Три-Лиз-Тре-Фен-Тре-Сер-Цис-ОН
Ол 14 аминқышқылының қалдықтарынан тұрады.3-ші мен 14-ші жағдайларда цистеиннің екі қалдығы дисульфидтік байланыста болады.
Соматостатин жоғары биологиялық әсер көрсетеді:
4.Соматолиберин. Соматолибериннің табиғи көздері жоқ, бірақ декапептидтің синтезі арқылы алынған.
Н-Вал-Гис-Лей-Сер-Ала-Глу-Гли-Лиз-Глу-Ала-ОН
Ол гипофиздің бой өсу гормонның синтезін стимулдейді және секрециясын қалыпта ұстап тұрады.
5.Меланолиберин.Хим.құрылысы:
Н-Цис-Тир-Иле-Гли-Асн-Цис-ОН
6.Меланостатин. Меланостатин-Меланонтропин ингибирлеуші фактор к-рсететін гормон трипептид болып келеді.
Пиро-Глу-Лей-Гли-NH2 немесе келесі тізбектің пентапептиді:
Пиро-Глу-Гис-Фен-Арг-Гли- NH2
Меланолиберин стимулдеуші әсер етсе, ал меланостатин, керісінші, тежеуші әсер етеді, ол әсіресе гипофиздің орта бөлігіндегі меланотропиннің синтезіне және секрециясына қатты әсер етеді, бұлардан басқа кортиколиберин гормоны да көп зерттеледі ,бірақ химиялық құрылысы анықталмайды.
Гипофиз гормондары.
¤су гормоны, самототропин, кортикотропин, АКТГ, тиретропин
Пролактин
Фоллитропин
Лютропин
Липотропин
Окситоцин
Вазопрессин
Қалқанша безінің гормондары:
Паратгормон 1970 ж ірі қара малдың парақалқанша безінен алынды және оның бірінші реттік құрылысы анықталды.
Паратгормон молекуласы 84 аминқышқылдары қалдығынан тұрады,әрі бір полипептидтік тізбек бар. Олардың биологиялық ролі кальций катионының концентрациясын және олармен байланысқан қандағы фосфор қышқылы аниондарын реттеу қалқанша безінің гормондары, кальцитонин, иодтиреоглобулин, қалқанша безінің гипофункциясы әсіресе, балалық шақта кретинизм ауруына әкеп соғады. Ал, керісінше есейген кезде , микседема ауруына шалдығады. Суда йод жетіспеген жағдайда эндемиялық зоб ауруына әкеп соғады.Бұл аурумен көбінесе, таулы жерлерде тұратын адамдар ауырады. Қалқанша безінің гиперфункциясы гипертиреозға алып келеді. Гипертиреоз ауруын базедов ауруы деп те атайды.
¦йқы безінің гормондары:
¦йқы безінің гормондарына жататындар: инсулин мен глюкагон.
Инсулин гормонын 1954ж Ф.Сэнгер ашты. Панкреатитті каналшықтарынан ашқан ол, бірінші реттік құрылымын да анықтайды.Инсулиннің құрылысы оның алғашқы өкілі-проинсулиннен алынған. Тіпті оның ең алғашқы өкілі болып препроинсулин болып табылады. Инсулин гормоны жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы дамиды.
Глюкагон гормоны ұйқы безіндегі панкреатикалық каналшықтардың α-жасушаларында синтезделеді,Глюкагон өзінің алғашқы өкілі проглюкагоннан құралады. Инсулин мен глюкагон заттар алмасуының реттелуінде, молекулалық деңгейде ең маңызды рөл атқарады.
Стероидтық гормондар.Бүйрек үсті бездерінің гормондарын кортико-стероидтар деп атайды. Оларды екі түрге жіктейді глюкокортиккопдтар және минералокортикоидтар. ¤кілдері прегнан, кортикостерон, гидрокортизон, кортизол, кортизон,альдостерон және т.б.
Жыныстық гормондар:
Әйел жыныс гормондары.Негізгі өкілдері прогестерон, эстрадиол, эстрон,эстриол.
Еркек жыныс гормондары.Негізгі өкілдері андростерон, тестостерон, дегидроэпианандростерон.Простагландиндер. Простагландиндер дегеніміз гормонға ұқсас заттар,олар С2О-полинді май қышқылдарының туындылары болып келеді. Бұл гормондарды Эйлер деген ғалым ашқан. Простагландиндердің түзілуі: Простагландиндердің ағзада көбейіп кетуі немесе кеміп кетуі патологиялық процесстерге әкеп соғады, желіну немесе суықтау тромбозаларға, асқазан жарасының асқынуы және т.б. аурулары дамиды.
Гормондардың әсер ету механизмдері үш түрге жіктеледі:
мембраналық;
мембранды-жасуша ішілік;
цитозольды.
Заттар алмасуының реттелуі нерв жүйесі және эндокринді жүйе арқылы жүреді. Мидан келген нерв импулстер гипоталамустағы нейропептидтердің, және гипофиздің троптық гормондардың түзілуіне әсер етіп реттейді, олар өз әсерін перифериялық бездердің гормондарын түзілуіне әсер етеді.Гормондар органикалық заттар, ерекше бездерде түзіледі. Аз мөлшерде болған мен (10-9) ағзадағы барлық физиологиялық қызметтеріне және зат алмасуының реттелуіне әсер етеді.
Гормондар химиялық табиғаты бойынша бес топқа бөлінеді:
күрделі ақуыздар – гликопротеиндер
(ФСП, ПГ,ТТГ)
жай ақуыздар ( пролактин,СТГ,инсулин)
пептидтер (АКТГ, глюкагон, кальцитонин, вазопрессин, окситоцин, санатостатин)
аминқышқылдардың туындылары (тироксин, адреналинмелатонин)
стероидтардың және жоғары қышқыл майлардың туындылары
( кортикостероидтер, жыныс гормондары, простигландиндер)
Гормондардың әсер ету механизмінің Үш тҮрі бар:
мембранды ( биологиялық мембранасын өткізушілігіне тікелей әсер етеді).
мембранды-жасушалық. Гормондар жасушаға өтпейді, бірақ жасуша-ішілік өкілдеріне әсер етеді ( цАМФ, ц ГМФ).
цитозолді гормондар жасушаға өтеді, сонан соң цитозолді рецепторлармен комплекс құрады. Ферменттердің белсенділігіне әсер етеді, ядро құрамындағы хромосом гендеріна әсер етеді. Стероидты гормондардың қызметін, зат алмасуын өзгертеді.
Гипоталамо-гипофизарлық жүйе. Гипоталамус жасушаларда ерекше пептидтер синтезделеді (либериндер, статиндер). Либериндер: самотолибериндер, тиролибериндер, кортиколибериндер, фоллибериндер, люлиберин, пролактолиберин. Эпифизде триптофаннан мелатонин гормоны түзіледі. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондары:
соматотропин (СТГ)
адренокортикотропин гормондар
тиреотропты гормондар (ТТГ)
гонадотропты гормондар (ФСГ, ЛГ)
пролактин (ЛТГ)
Гипофиздің ортаңғы бөлігі гормондары:
Перифериалық эндокринды бездерінің гормондары:
Қалқанша безі-тироксин, трипдтиронин, кальцитонин. Қалқанша маңызының безі-паратгормон
Тимус гормоны-тимозин, асқазан үсті безінің гормоны-инсулин, глюкагон бүйрек үстінің гормоны-альдостерон, дезоксикортикостерон, кортизон, кортикостерон, андрогендер және эстрогендер. Мишық заттың гормондары-тестостерон, андростерон, метилтестостерон, эстрон, эстриол, прогестерон, релаксин.
4. Иллюстрациялы материалдар.
«Гормондар биохимиясы» тақырыбы бойынша презентация
«Гормондардың мембранды ішкі жасушалық әсер ету механизмі» кесте.
«Гормондардың тікелей әсер ету механизмі» кесте.
5. Әдебиет:
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биохимия. 2004. Москва. 704с.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии. 1998. Алматы. 460с.
Тапбергенов С. Медицинская биохимия. 2001. Астана. 284с.
Николаев А.Я. Биохимия. 1989. Москва. 390с.
Строев Е.А. Биологическая химия. 1986. Москва. 420с.
Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
6. Кері байланыс сұрақтары:
Гормондар деген не?
Гормондардың әсер ету механизмінің түрлері?
Перифериялық бездерінде қандай гормондар түзіледі?
Перифериялық гормондардың әсер ету механизмі?
5. Гормондар дегеніміз не, олар қалай жіктеледі?
6. Гормондардың әсер ету механизмдері қандай?
7. Простагландиндер дегеніміз не?
8. Олардың биологиялық әсері қандай?
№10
1. Тақырыбы: Клиникалық биохимияға кіріспе. Фармацевтикалық биохимия.
2. Мақсаты: Студенттерді клиниклық және фармцевтикалық биохимия міндеттерімен таныстыру. Биохимиялық зерттеулердің жүру сатыларын талқылау.
3. Дәрістің тезисі.
Клиникалық биохимияға кіріспе. Клиникалық биохимия – бұл адам ағзсында биохимиялық процесстердің жағдайын айқындайтын аурудың даму механизмі және оның денсаулығын бағалау үшін биохимияның қолданбалы бөлімі. Клиникалық биохимия тәжірибелік медицинның негізгі бөлігі болып табылады. Бірақ, себептерді оқып үйрену мүмкіндіктері, чғни аурудың этиологиясы мен оның даму механизмдері, яғни, патогенезі, адамның жасушаларында, тіндерінде және органдарында биохимияның әдістері біршама шектеулі және клинико-биохимиялық зерттеулердің аз бөлігін құрайды. Себебі, бұл зерттеулер адамға зиянсыз жүргізілуі тиіс. Сондықтан, биохимиялық тәжірибелік зерттеулер клиникада, негізінен адамның денсаулығын бағалауда, алмасулардың бұзылуының этиологиясы мен патогенезін эксперименнттегенде, аурудың моделін оқып-үйренуде пайдаланылады.
Бұл міндетті клиникалық биохимия бөлімдеріне негізделген патологиялық биохимия немесе патобиохимия атқарады.
Клинико-биохимиялық зерттеулердің белгіленуі.
ауруға диффериенциалды диагноз және алғашқы диагноз қою;
аурудың жүруі мен алдын болжау мінездемесі;
емдеу және алдын алу шараларының жүргізілуіне бақылау;
аурудың дамуының молекулалық механизмдерін оқып-үйрену.
Клинико-биохимиялық зерттеулердің материалдары болып саналады:
ағзаның ішкі ортасының биологиялық сұйықтықтары: қан, жұлын сұйықтығы, лимфа, қантамырыішілік сұйықтық.
экскреттер: несеп, өт, сілекей, ішек және асқазан сөлі, нәжіс, тер, көз жасы сұйықтығы, әйелдің емшек сүті, ұрық сұйықтығы, щырышты бөлінулер.
тіндер бөліктері немесе биоптоптар, яғни тірі адамнан алынған арнайы аспаптармен алынған үлгілері немесе хирургиялық отамалар кезінде алынған.
Клиникада ең кең таралған зерттеулер көздері қан және несеп болып табылады, ал басқа биологиялық сұйықтықтар мен экскреттер, сондай-ақ адам тіні салыстырмалы сирек тексеріледі.
Клиникада анықталатын негізгі биохимиялық көрсеткіштер тобы:
макромолекулалар мөлшері, мономерлер мен олардың кейбір алмасу өнімдерін;
ферментер мен изоферменттер белсенділігі;
витаминдер, коферменттер және олардың алмасу өнімдерінің мөлшері;
су мен минерал заттар мөлшері;
жасуша сыртылық реттеушілер-гормондар, гормоноидтар, нейромедиаторлар, гуморальді реттеушілер мен олардың алмасу өнімдерінің мөлшері.
Фармацевтикалық биохимия. Фармацетикалық биохимия фармация міндеттерін шешу үшін қолданылатын биохимиялық білімдерінің жиынтығы болып табылады. Биохимиялық зерттеулер рациональді дәрілер түрін, дәрілердің сапасын стандарттау және бақылау, дәрілік заттардың талдау және өнімдеу, жаңа дәрілік заттардың ізденуінде және олардың метаболизмін талдау негізінде тиімділігін бағалау үшін қажет. Осы міндеттерін шешу үшін биохимия фармацевтикалық ғылымдармен. Дәрілік технологиямен тығыз байланысты жұмыс атқарады.
Белгілі дәрілік заттардың немесе олардың комбинациясын, нақты дәрілік түрлерін биологиялық саланы негізге ала отырып өндіру үшін: фармацевтикалық химиямен, фармацевтикалық биохимиямен дәрілердің сапасын стандарттау және бақылау, дәрілік заттарды синтездеу үшін қолданылатын биохимиялық әдістердің негіздеу сұрағында, фармакология және токсикологиямен дәрілер мен улардың метаболизмінің сұрақтарында қолданылады.
Әрбір жаңа дәрілік зат белгілі дәрілік түрге жататын, ағзада оның жүру тәртібін анықтайтын жан-жақты зерттеулерді қажет етеді.
Ағзадағы дәрі метаболизмінің жалпы теориясы нақты ағза мен дәрінің әртүрлі кезеңдегі қарым-қатынасы және реттелудің табиғи процестермен өзара байланысы ферменттік жүйенің қызметіне негізделген.
Осы сұрақтардың шешуінде биохимияның ролі орасан зор. Ағзадағы дәрілердің фармацевтикалық жолмен өзгеру ерекшеліктері білімі:
- белгілі орган немесе тінге препараттың тиімді әсер етуі;
- белгілі дәрінің түрін қолдануды негіздеу;
- дәрінің кері әсер етуі себебін анықтау;
- дәрінің алғашқы түрін бағалауға көмектесуін нақтылайды.
Дәрінің сапасын стандарттау мен бақылау фармацевтикалық қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Табиғи препараттар өздерінің әсер етуі бойынша биореттеушілер тобына жататын (гормондар, гормоноидтар, витаминдер) химиялық және биологиялық стандарттау тәсілдері қолданылады.
Кәдімгі биологиялық стандарттау егер, осы препараттардың дәл физико-химиялық әдістері талқыланғанда химиялық түрмен алмасады. бірақ, бірқатар препараттар үшін, мысалы, нәруыз, гормондар тек қана биологиялық стандарттау қол жетерлік. Себебі, осы гормондардың мөлшеріне препараттар үлгісінде химиялық әдістермен анықтай отырып, олардың биологиялық белсенділігіне баға берілмейді.
Фармацевтика өндірісінде, аналитикалық химия және медицинада аналитикалық реагенттер ретінде, кәбіне иммобилизделген ферментер қолданылады. Заттарды ферменттік талдау зиянсыз және жоғары талғампаздылыққа ие.
Иммунобилизделген ферментер химия-физика фармация өндірісте дәрілік заттарды синтездеу үшін қолданылады. Ферментер тез, арнайы және артық өнімдерсіз, заттардың синтезін жүргізеді.
Ағзаға дәрілік заттардың қалыпты әсер етуі, оның қолданылғандәрілік түріне байланысты. Кез-келген дәрілік заттарды қолдануды, дәрілік түрін таңдау шарты болып табылатын, енгізілген дәрімен байланысатын биологиялық ортаның шарт белгілері, ауыз қуысының, асқазан және ішек биологиялық сұұйықтықтардың және ағзаның ферменттік құрамы мен физика-химиялық қасиеттері.
5. Әдебиет:
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биохимия. 2004. Москва. 704с.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии. 1998. Алматы. 460с.
Тапбергенов С. Медицинская биохимия. 2001. Астана. 284с.
Николаев А.Я. Биохимия. 1989. Москва. 390с.
Строев Е.А. Биологическая химия. 1986. Москва. 420с.
Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
6. Кері байланыс сұрақтары:
Клиникалық биохимия нені үйретеді?
Зертханалық биохимиялық зерттеулер қандай мақсаттарды қолданылады?
Клиникалық-биохимиялық зерттеулерге қолданылатын материалдарды атаңыз?
Клиникада қандай биохимиялық көрсеткіштер тобы анықталады?
Фармацевтикалық биохимия нені үйретеді?
Ағзада дәрілердің ферментативті жолмен өзгеру ерекшеліктерін оқып-үйрену не үшін қажет?
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
Тәжірибелік және зертханалық сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
Пән: Биологиялық химия
Мамандығы: Фармация
Курсы: 3
Шымкент – 2013 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген
хаттама № 2013ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.: Есіркепов М.М.
Кредит 1
1 сабақ
1. Тақырыбы: «Нәруыздардың құрылысы мен функциялары. Нәруыздардың физика-химиялық қасиеттері.»
2. Мақсаты:
ауруларды емдеуде және диагностикасындағы биохимияның рөлі туралы білім алу;
әртүрлі биохимиялық зерттеу әдістерімен танысу;
аминқышқылдарының қасиеттері, құрылысы және олардың жіктелуі туралы білім алу;
нәруыздардың құрылымдық ұйымдасуы және олардың физика-химиялық қасиеттері туралы түсінік алу.
3. Оқыту мақсаты:
1. протеиногенді аминқышқылдардың физика-химиялық қасиеттері, құрылысы және жіктелуі туралы білімді қалыптастыру;
2. нәруыздардың құрылымдық ұйымдасу сатыларымен таныстыру;
3. нәруыздарды бөлу және тазалау әдістерінің қағидаларын олардың физика-химиялық қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіру;
4. нәруыздардың физика-химиялық қасиеттеріне ауыр металлдардың
тұздарының, сілтілердің, қышқылдардың, температураның әсерін
түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері.
2. Биохимиялық зерттеу әдістері.
3. Аминқышқылдары: құрылысы, жіктелуі, қышқылды-негіздік қасиеті, аминқышқылдардың изоэлектрлік нүктесі.
4. Нәруыздардың құрылымдық ұйымдасуы. Бірінші реттік құрылысы.
5. Екінші реттік құрылысы: альфа –серіппелі және бета-қатпарлы құрылым.
6. Үшінші реттік құрылысы: глобулярлы және фибрилярлы нәруыздар.
7. Төртінші реттік құрылысы: Доменді ақуыздар.
8. Нәруыздардың денатурациясы мен ренатурациясы. Денатурленген нәруыздардың қасиеті.
9. Нәруыздар амфотерлі макромолекулалар ретінде. Нәруыздардың изоэлектрлі нүктесі.
10. Нәруыздардың буферлі, коллоидты және осмостық қасиеттері. Нәруыздардың гидратациясы, тұздау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Семинар, алғашқы білімді бағалау
6. Әдебиет:
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.
қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011
Орыс тілінде
негізгі:
1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.
3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011
4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,
5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007
қосымша:
1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008
2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007
3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,
под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде
1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.
3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.
7. Бақылау:
Тест тапсырмалары.
1. Радикалдардың полярлығына қарай аминқышқылдарын жіктеңіз.
гли а) полярлы, катионды тобы бар
Асп б) полярлы, анионды тобы бар
Асн г) полярлы зарядталмаған
Глу д) полярсыз
Гис
Сер
Про
Мет
Цис
Гли
2.Тетрапептидтің дұрыс жауабын атаңыз.
H2N-CН-CO-NH-CН-CН NH-CН-CO-NH-CH2-COOH
CH(СН3)2 СН2С6Н5 CН(ОН)СН3
а) Валин фенилаланин треонинглицин
б) глицин треонин фенилаланин валин
в) валилфенилаланилтреонилглицин
г) глицил фенилаланин треонил валин
д) глицил фенилаланин треонил валин
3. Ақуыздардың әртүрлі құрылыс деңгейлері белгілі байланыстар түрімен тұрақтанады. Нөмірленген деңгейлерге сәйкес келетін әріпті таңдаңыз. Бір санға бірнеше әріп сәйкес келуі мүмкін.
а) бірінші реттік құрылыс
б) екінші реттік құрылыс
в) үшінші реттік құрылыс
г) төртінші реттік құрылыс
а) АҚ бүйірлік топтарындағы карбоксил және аминдердің арасындағы байланыс
б) АҚ альфа аминқышқылдары және альфа карбоксил топтарының арасындағы байланыс
в) цистеиннің радикалдары арасындағы байланыс
г) пептидті топтардың сутектік байланыстары
д) бүйірлік топ аралық гидрофобты әсерлесу
4. Гидрофильді глобулярлы нәруыздардың үшінші реттік құрылысының ұғымына төмендегі келтірілген қандай тұжырымдар сәйкес келеді.
а) екі немесе бірнеше полипептидті тізбектен құралады
б) сутектік ионды дисульфидті байланыстар және гидрофобты әсерлесулер арқылы тұрақтанады
в) нәруыз глобуласының орталығында полипептидті тізбектің гидроробты бүйірлік топтары орналасқан
г) аминқышқылдардың бүйірлік топтары үшінші реттік құрылысты тұрақтандыруға қатынасады
д) бір полипептидті тізбектен түзіледі.
а,б,г,д 2. а,в,г,д 3. б,в,г,д 4. а,г,д 5. барлығы
Биохимиялық қасиетінің қайтымсыз өзгерісі
а) тек тұздалуға тән.
б) тек денатурацияға тән.
в) екі процеске де тән.
г) екі процеске де тән емес.
6. Сәйкестікті табыңыз:
1.Бейтарап ақуыз. а) сілтілік ортада
2. Қышқылды ақуыз б) бейтарап ортада
3. Сілтілік ақуыз в) қышқылды ортада
7. Ақуыздардың жеке өкілдеріне бөлу және тазалау физикалық-химиялық қасиеттерінің қандай айырмашылықтарына негізделген?
1-иондану
2-гидратация
3-молекулалық масса
а) ультрацентрифуга әдісі
б) электрофорез әдісі
в) гель-фильтрация
г) ионды алмасу хроматография
д) бейтарап тұзды ерітінділер
е) диализ әдісі
Нәруыз изоэлектірлік нүктеде.
а) ерігіштікке ие
б) зарядқа ие
в) катион болып табылады
г) анион болып табылады
д) электірлік өрісте өте үлкен жылдамдыққа ие.
Глобулярлы ақуыздарға жатады.
а) миозин
б) креатин
в) фиброин
г) гемоглобин
д) актин
Фибриллярлы ақуыздарға жатады
а) лиозин
б) альбумин
в) пепсин
г) глобулин
д) актин
11. Изоэлектірлік нүктенің өлшем бірлігі
а) заряд саны
б) джоуль
в) сантиметр
г) рН мәні
д) грамм
12. Сау адамның қан плазмасындағы ақуыз құрамы
а) 45-55 г/л б) 55-63 г/л в) 65-85 г/л
г) 85-105 г/л
д) 105-115 г/л
Нәруыздарды тұздау арқылы тұндыру қандай жолмен жүреді
а) денатурация
б) зарядтың бейтараптануы
в) су қабатын жоғалтуы
г) зарядтың бейтараптануы және су қабатының жоғалуы
д) денатурация және зарядтың бейтараптануы
Достарыңызбен бөлісу: |