3) қабат суларының меншікті кедергілерін анықтау.
қалыңдықтарының өзгеруін табады. Қабат суының минерализацияларының
потенциялының көрсеткіштерін саздар жəне құмдар сызығымен анықтайды.
32
Сызықтар арасындағы көрсеткіштерді статистикалық ӨП потенциал немесе
ӨП потенциалының - ЭҚК деп атайды. ӨП потенциалының - ЭҚК-нің
көрсеткіші қабат суының жəне жуу сұйықтығының тұзды концентрациясына
байланысты. Егер қабат суының тұздылығы өзгерсе, қабаттар үйлесімсіздіктен
жоғары жəне төмен орналасса, саздар сызығы ауыспалы болады. Егер қабат
суының минерализациясы жуу сұйығының минерализациясынан төмен болса,
ӨП туғызатын жəне потенциалдар түзетін процесстер қарама-қарсы бағытта
жүреді: құмтастар потенциалдары саз сызығымен салыстырғанда оң мəнге ие
болады. Құмтастар таза болмай, құрамында саздардың не шашыраңқы сазды
материалдардың қоспасынан тұратын қатпарлар болғанда, статикалық ӨП мəні
алынбайды да, псевдостатикалық ӨП деп аталатын потенциал түзіледі.
ӨП-нің қалың қабаттардағы қарапайым қисығы 6.2, а – суретінде
көрсетілген. Сазды қабатпен кеуекті қабат арасындағы шекараны ӨП
қисығының иілген нүктесінен анықтауға болады. Бұл кезде кеуекті қабат теріс
потенциалдар аймағына сəйкес келеді.
6.2, б – суретте көрсетілгендей жұқа қабаттарда жазылған ең үлкен мəн,
идеалды статикалық өлшемнен əлдеқайда аз болуы мүмкін.
Ұңғыманың жағдайы жəне қабат қалыңдығы кедері каротажына əсер
еткендей ӨП қисығына да əсер еткенімен, осы сияқты көптеген факторларға
сəйкес түзетулерді палеткалар бойынша енгізіп ескеруге болады. Жуу
сұйығының тығыздығы мен кедергісі ӨП қисығына едəуір əсер етеді. Жуу
сұйығының фильтратының кедергісіне, қабат суының кедергісінің қатынасы
ρ
ф
/ρ
о
қисық формасына əсер ететін негізгі фактор.
Кеуекті аймаққа жуу сұйығының фильтратының өтуі күрделі құбылыс. ӨП
ауытқуы əдетте, өту аймағының мөлшері өскен сайын азаяды, бірақ кейде
керісінше болуы мүмкін. Суға қаныққан аймаққа жуу сұйығының фильтратының
өтуі барысында уақыт бойынша потенциал өзгеруі мүмкін. Егер, сол ұңғымада
келесі жүргізілген каротаж қисығы сай келмесе, онда жоғары айтылған жағдайға
байланысты болғаны. Электродтардың поляризациясы жер бетіндегі зерттеу
жұмыстарындай ӨП зерттеулерінің нəтижесіне өте үлкен əсер етеді.
Электродтарды жуу сұйығын біршама уақыт салып тепе-теңдікке келтіруге
болады. Жабдықта əртүрлі металлдардың болуы жалған потенциалдардың
түзілуіне əкеліп соғады. ӨП потенциалының өлшеміне ауыспалы теллурлы тоқ,
электрлік қабылдағыштардың жақындығы, жергілікті электрлік операциялар,
жұмыс орнына жақын жердегі едəуір электрлік коррозия жəне катодты қорғаныс
құрылғысы əсер етеді. Тағы бір күрделендіретін фактор- жуу сұйығының, қабат
суының жəне тау жыныстарының химиялық құрамының əртүрлі болуына
байланысты, қышқылдандыру - орнына келтіру потенциалдары болып табылады.
33
6.2 Сурет – Құмтасты-сазды қималар үшін ӨП потенциал қисықтары [Pirson, 1963]
а- қалың қабаттар үшін; б- жіңішке қабаттар үшін; 1- скважина; 2- саздар; 3- тұзды сулы
құмдар; 4- кеуекті ізбестастар; 5- мұнайға қанықан құмдар; в- əртүрлі тау жыныстарын тəн
ӨП қисығы; 1- құмдар сызығы; 2- саздар сызығы; 3- саздар; 4- сазды қатпар құмдар; 5-
құрамында шашыранқы саз қоспасы бар құмтас; 6- лигниттер (қайталанатын реакция); 7-
күрең саз (қышқылдандыру реакциясы); 8- FeS шашыраған құмтас; 9- риолиттер. Суреттегі
ρ мəні Ом-м мен берілген.
Достарыңызбен бөлісу: