Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ



бет104/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   155
Байланысты:
zoo

СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ
Скребнилер типінің шығу тегі туралы айтылатын болжамдар әр түрлі. Көбінесе скребнилерді нематодтармен жақындастырады: денесінің цилиндр тәрізділігі, гиподермасының құрылысы, бірінші дене қуысының (схизоцель) болуы, дара жынысты болуы.
Екінші көзқарасты жақтаушылар (Гексли, Холодковский Н.) скребнилерді жалпақ құрттармен жақындастырады: тұмсық пен сколекстің, кутикуланың, зәр шығару және нерв жүйесінің құрылысы, дамуындағы иесін алмастыруы.
Кейбір ғалымдар (Раутер) скребнилерді приапулидалармен (Priapulida класы) байланыстырады: бұлшықет - ректрактордың көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылып, сыртқа созылып шығатындығымен, сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттерінің болуымен, зәр шығару мен тұқым шығару жолдарының бірігу белгісімен.
Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулидалармен жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ бір тектен шыққан деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, скребнилер жалпақ құрттардың алшақтап кеткен бір бұтағы болуы керек деп жорамалдайды.
Жоғарыда сипатталған құрттардың төрт типі: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales) төменгі сатыдағы құрттар тобын (Acoelomata немесе Scolecida) құрайды, себебі бұлардың целом қуысы жоқ, денесі сегменттелмеген, қан айналу жүйесі дамымаған, сондай-ақ зәр шығару мен нерв жүйесі қарапайым.
Целом қуысты (Coelomata) тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған типтердің барлығы жатады: буынаяқтылар (Arthropoda), моллюскалар (Mollusca), онихофоралар (Опусһорһога), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Echinodermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata). Бүларда целом деп аталатын дененің екінші реттік қуысы болады. Целом қуысының бірінші (схизоцель) қуысынан ерекшелігі - целомның перитонеальды эпителиден түзілген арнайы қабаты болуында.
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA
Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.

  • БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA

  • БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA.

  • КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

  • КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ERRANTIA

  • ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР

  • КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA

  • БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELLATA

  • АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA

  • Найдоморфа отряды - Naidomorpha

  • Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha

  • СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA

  • ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHI-HIRUDINEA

  • Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida

  • НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA

  • Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida

  • Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет