Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет123/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155
Байланысты:
zoo

Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құрылған. Артқы ішекке екі аналь қапшығы ашылады. Олар 12-300-дей ұсақ, бір ұшымен целомға, екінші ұшымен аналь қапшығына ашылатын кірпікшелі воронкаларымен қапталынған. Аналь қапшығы зәр шығару әрі тыныс алу қызметін атқарады.
Зар шығару жүйесі үш түрлі мүшелермен сипатты: трохофораның жұп протонефридиясымен, ересек формаларындағы аналь қапшығымен және денесінің алдыңғы бөліміндегі нефромиксияларымен. Нефромиксиялары кеңейген жағымен целом қуысына, жіңішке ұшымен сыртқа ашылады. Олардың саны бірден (Bonella туысында) төрт (Thalassema) жұпқа дейін, кейбіреулерінде бірталай ұлғайып 100-200-ге дейін жетеді (Ikeda tenioides-те). Нефромиксиялар несеп заттарды шығаруымен қатар, жыныс клеткаларында шығарады.
Қан айналу жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Екеуі де денесінің артқы жағында екі сақиналы қан тамырымен жалғасады. Арқа қан тамыры тұмсығына өтіп, одан шығарда құрсақ қан тамырына ұласады.
Нерв жүйесі нашар дамыған, тек құрсақ нерв бағанасынан және жұтқыншақ айнала сақинасынан тұрады. Нерв клеткалары нерв бағана бойында шашыраңқы орналасып, нерв түйіндерін түзбейді, тіпті жұтқыншақ айнала сақинасы да ганглиозды ұлғаймаған. Теріде орналасқан сезім клеткаларынан басқа сезім мүшелері жоқ.
Жыныс жүйесі. Гонада біреу, ол денесінің артқы бөлігінде құрсақ жағында орналасқан. ВогіеІІіа және Hamingia туыстары арасында жыныстық диморфизмі байқалады. Аналық ВопеШа ірі (10-15 см), тұмсығы ұзын. Аталық ВопеШа-ны А. О. Ковалевский ашқан. Олардың денесі кірпікшелермен қапталған, өте ұсақ (1-3 мм) қарапайым құрылысты құрттар. Аузы, аналь тесігі, аналь қапшығы, қан айналу жүйесі жоқ. Ішегі тұйықталған. Сперматозоидтарын тұқым қапшығы және кірпікшелі нефридиальды воронка арқылы сыртқа шығарады. Аталығының өмірі өте қызық. Олар алғашқыда аналығының тұмсығының беткей жағында жылжып, кейін алдыңғы ішегіне енеді де, аналығының нефридия түтігіне өтіп, сол жерде аналықтарының жетілген жұмыртқаларын өтуін күтіп ұзақ уақыт жатады. Біраз уақыт бойы бұл құрттарды аналықтардың паразиті деп санаған. А. О. Ковалевскийдің (1870) зерттеуі бойынша эхиуридттердің аталығы екені ашылған.
Ұрықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі полихеттердей спиральды детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда болады. Личинканың екі мезодермальды жолағы сегменттелмей тез өсіп, тұтас целомды құрайды. Трохофора планктонда еркін жүзіп жүреді де, метаморфоздан кейін теңіз түбіне орнығады.
Тәжірибеде Bonellia личинкаларының жынысын анықтауға өсу ортасының әсері анықталды. Личинкаларды жеке баққанда, олардан тек аналықтары қалыптасады, егерде, личинкаларды ересек аналықтарымен бірге бақса, олар аналығының тұмсығына өтіп, метаморфозға ұшырап, аталық түрлеріне айналады. Аталықтарының дамуы, аналықтарының тұмсығынан бөлініп шығарылатын жасыл пигменті бар сілекейдің әсері. Сілекейден экстракт жасауға болады, оның ерітіндісі личинканың аталық түріне айналуына әсер етеді. Осылайша, ВопеШа-ның жынысы метагамды кезеңде, яғни жыныс клеткасы ұрықтанған соң анықталады.
СИПУНКУЛИДТЕР КЛАСЫ - SIPUNCUUDA
Теңіздерде, су түбін қазып немесе бос құбырларда, өзге жануарлардың қабыршағында тіршілік ететін құрт тәрізді жануарлар. Бұлар эхиуридтер тәрізді сегменттелмеген, целомды жануарлар. Денесінің алдыңғы бөлігі ішке қарай тартыла алатын тұмсыққа айналған, оның ұшында қысқа қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Денесінің арқа жағында, тұмсықтың біршама артында аналь тесігі ашылады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде кездеседі. 250 түрі бар. Олардың орташа мөлшері бірнеше сантиметр, ең ірілері 51 см-ге жетеді (Siphonomecus multicinctus).
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тұмсық пен кеудеге бөлінген. Төрт бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылады. Целом сұйықтығының қысымы және денесінің сақина тәрізді бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде тұмсығы сыртқа созылып шығады. Тығыз кутикуланың астында бір қабатты көп клеткалы бездері бар эпителий орналасқан. Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді, ортаңғы қиғаш, ішкі ұзына бойы созылған бұлшықеттерден тұрады, одан тереңіректе целом қуысын астарлаған перитонеальды эпителий бар.
Ac қорыту жүйесі - эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектер, оның ұзындығы денесінен екі есе артық. Тұмсығының ұшында орналасқан ауыз тесігі жұтқыншаққа, одан ішекке жалғасады, ол толқын тәрізді иірімдер жасап артқа қарай бағытталып, денесінің соңғы бөліміне жеткесін тура осындай иірімді жолмен кері қайтады. Ішек өзін ұстап тұратын ерекше байламының төңірегінде оралып жатады. Аналь тесігі тұмсықтың арқа жағында ашылады.
Сипункулидтер теңіз лайын жұтып, одан органикалық қалдықтарын бөліп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет