Классификациясы. Сцифомедузалар класы бес отрядқа бөлінеді: стауромедузалар - Stauromedusae, кубомедузалар - Cubomedusae, короната - Coronata, семаеостомеа - Semaeostomeae, тамырауыздылар - Rhizostomida.
Стауромедузалар отряды - Stauromedusae
Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды. Планула личинкасы бірден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрі жатады. Негізгі туысы: Lucernaria және Haliclystus.
Кубомедузалар отряды - Cubomedusae
Жылы теңіздердің таяз жерлерінде тіршілік ететін медузалар. Шатыршасы төрт қырлы, биік, онда төрт ропалия мен төрт қармалауышы орналасқан. Австралия, Океания, Индонезия теніз жағалауларында Chiropsalmus туысының өкілдері кең тараған. Олардың атқыш клеткаларының күйдіргіш күші барынша дамыған, улы сұйықтығы адамға да күшті әсер етеді.
Короната отряды - Coronata
Теңіздің терең қабаттарыңда мекендейтін медузалар. Шатыры сақина тәрізді белдеуленіп, орталық дискі және шеткі тәжге - "коронаға" бөлінеді. Қармалауыштары мен ропалиялары қоймалжың келген тұғырда орналасқан.
Негізгі туыстары: Atolla және Poriphylla.
Семаеостомеа отряды - Semaeostomeae
Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |