Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет67/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
2.3. Ацилтрансферазалар


Ацилтрансферазалар -трансферазалар топтарының бірі, қышқыл қалдықтарын белсендіреді және амин қышқылдарына, аминдерге, спирттерге және басқа қосылыстарға қышқыл қалдықтарын(ацил тобын) тасымалдайды, осының нәтижесінде күрделі эфирлер мен амидтер түзіледі.


Коферменттің құрылымы

Ацилтрансферазалар - екі компонентті ферменттер. Коферменті коэнзим А немесе НS-КоА- аденил қышқылының қалдығынан(1), ол пирофосфаттық топпен(2), пантоен қышқылының қалдығымен(3) байланысқан, ал ол β-аланин қышқылымен (4)пептидтік байланыспен байланысқан(осы топтар β-меркаптоэтиламинмен (5) байланысқан пантотен қышқылын- В3 түзеді). НS-KoAның функционалды тобы SН-болып табылатындықтан оны НS-KoA деп белгілейді. Органикалық қышқылдардың (R) қалдығымен мынадай типті R—СО—SKoA тиоэфирлер түзеді.







Биологиялық рөлі

НS-KоA (ацетил-КоА) үшкарбон қышқылы цикліне, жасушалардың тыныс алуына, стероидтардың синтезіне, май қышқылдарының β- тотығуына және биосинтезіне қатысады. Сірке қышқылының қалдығы ацетил радикалы (СН3 СО-) ацетилденетін қосылысқа тасымалданады. Осылай холиннің ацетил-денуі ми тіндерінде жүреді:



НSKоA тек ацетил тобын ғана емес басқа да қышқыл қалдықтарын(ацил) тасымалдау арқылы сәйкес ацилкоензимдерді түзеді(ацетил-, бутирил-, сукцинил). Ацил тобының әмбебаб көзі ацил-коэнзимА (R—СО—SKoA)болады, ол ацил-трансферазалардың белсенді тобы болып табылады.




Пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилденуіне де(CH3CO ~ SКоА) коэнзим А қатысады, оның құрамында да пантотен қышқылы болады. Бұл тотығу белок, липид және көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері түзілетін сатысына жатады:


СН3СОСООН + НАД + КоА - SH → CH3CO-S- КоА + НАДН + Н+ + С02

Бүл реакция бірқатар сатылы реакциялардан тұрады және бұны мультиферменттік пируватдегидрогеназа жүйесі катализдейді.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. АЦИЛ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН ФЕРМЕНТТЕРГЕ ЖАТАДЫ


1) лиаза
2) изомераза
3)ацилтрансфераза
4) нитрогеназа

2. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ВИТАМИН


1) В2 - рибофлавин
2) В3 – тиамин .
3) РР – никотин қышқылы
4) В6 – пиридоксин

3. АЦИЛ ТОБЫН ТАСЫМАЛДАЙТЫН КОФЕРМЕНТ


1) ПФ (пиридоксальфосфат)
2) ФМН (флавинмононуклеотид)
3) НSКоА (коэнзим А)
4) ТПФ (тиаминпирофосфат)

4. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ


1) ішкімолекулалық дезаминдеу
2) декарбоксилдену
3) қайтааминдеу
4) ацилдеу
5. ПАНТОТЕН ҚЫШҚЫЛЫ КІРЕДІ ҚҰРАМЫНА
1) липой қышқылының
2) глутатионның
3) тиаминпирофосфаттың
4) коэнзима- А ның
5) тетрагидрофоль қышқылының

6. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАР


1) химиялық табиғаты жағынан екікомпонентті
2) жасушалық ферменттер
3) бір субстраттан екіншісіне атомдар тобын тасымалдайды
4) ацил тобын тасымалдайды
5) глутамин қышқылы

7. АЦИЛТРАНСФЕРАЗАЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ


1) пантатен қышқылы
2) фосфор қышқылының екі молекуласы
3) аденозин-3'-фосфор қышқылы
4) β-меркаптоэтиламин

8. АЦИЛДЕУГЕ ҚАТЫСАТЫН КОФЕРМЕНТ ТУЫНДЫСЫ


1) коэнзим Аның
2)пиридоксальфосфаттың
3) тиаминдифосфаттың
4) ТГФКның

9.КОЭНЗИМ –А ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСАДЫ



    1. метил-

    2. ацетил~

    3. бутирил~

    4. сукцинил~

~ КоА ны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет