*Ой түйін:
Қазақ үшін жылқы қазіргі Жип Lап Сгиzег, кезіндегі Аққеме аталған Волгадан артық қадірлі де, қасиетгі болған десем, артық айтпағаным. Оның себебі өздеріңізге де аян, мінсе көлік, сауса қымыз, сойса соғым, қысырын сойса сере, досына берсе үлкен сыйлық, батырына сыйлары арғымақ болды ғой.
Қазақ ауызекі мәдени - әдеби тілі бізге жеткен жылқының ісіне, түсіне байланысты біраз деректер осықдай. Қазақта жылқының өте көп болғаны сонша санына жеге алмаған. Жылқы түсін білетіндігі сонша, үйір-үйір жылқыны түсіне қарап түгендеген. Жобаман жылқы түсінің 200 ден астам түрі бар дейді.Енді бірде, бабалардан белгілі болып қалған сайға иірген. Ол сайлардың біріне шамамен 3000 жылқы иірілсе, енді біріне 10 0000, 20 000 жылқы сиятыны белгілі болған. Сондай-ақ, мындаған жылқыны атпен аралап шығып, бар жоғын анықтай білген тәжірибелі жылқышылар, атбегілер, ат сыншылары болғаны анық. Ол кезде жылқы ұстау, жылқышы болу өнердің- өнері, ерліктің-ерлігі болған. Ал қазіргі кей жігіттер жылқышы болуды ұят көретін сияқты, немесе шамасыз, жаурап, кірпігіне мұз қатып, біреудің сыйлаған соғымын алуға барсаң «ақаңа» тойып, жылқының түсін танымай, тағы да «ақаңнан» көмек сұрап, «жілігі татымасты» «кәз қысты, бармақ бастығып, беріп жібермек болып тұрады. Талай алданып, бармағын тістеп, арық соғым сойып, санын соққандарды көргенім анық. Ал қазір, жылқы да, дүрілдеген көкжал жылқышы жоқ, сондықтан қазақ он-жиырма шақты жылқысынан айрылып, жау жақында, көз көршіде деп, амалы адасып отыр. Өзін жарылқай алмай, досқа сыйламай, жеуге қимай, жылқымызды бөрі емес, қары қуып кетті, деген қауесет сөзді естиміз. «Иә, досқа тимегеннің бәрі, қарыға тиесілі болғаны ғой». Дегенмен жарықтық жылқы бар болсын, көп болсын деген тілектеміз.
*Сөз соңы:
Құрметті оқырман қауым, кейбір сөздердің емлесі жөнінде мағлұмат бермекпіз. Себебі кейбір сөздерді қазақшалап, кей сөзді қазақ ережесіне сәйкестедім, кей тұста түбірін сақтадым, аудармасыз қолданыста жүрген сөздердің тура мағынасын сөйлетуге тырыстым. Аздап тоқталайын, мыс: қазақ дейміз, неге қалық демеске (халық емес); қазақстанды неге қазақ ел демеске, рахым емес рақым десек, сөз негізі рақымшылдық қой. Ашшы, тұшшы дегенде «щ» әріпі қажет пе?! Есімдер Шаһ, Шаһмардан, Арһат, Гауһар, Айдаһар, Шаһар, Жаһұт, каһарман, Руһ, Руһани, тариһ сөздері қазақтың һ-әрібімен жазу қажет болар.Аллаһ сөзіндегі һ әрібі қатаң айтылмай ауада қалқып естілуі қажетті, мыс. Аллаһдан, Аллаһны, Аллаһға (құлшылық) деп жалғанып, биссикат сияқты ауа ырғағымен айтылуы керек сияқты, құран сүрелерде салай оқылады ғой. Сондай-ақ, маһаббат, тәкаббар, жиһаз сөздері де, үф, үлфіл, лұфіл (соққан жүрек), саф (ауа), т.б. сөздер қолданысы қазақша болуы қажет-ақ. Әсіресе, бәйгі (бәйгім-бәйгім) сөзі әбден бәйге (орыс ұлтының қалданысы) болып орналысып алыпты. Сондықтан қазақ әліпбиінен сөз жүйесіне орай түзу, қазақша орнатсақ дұысырық болар.
Бұл сездердің қазіргі грамматикалық қолданысын білсем де, латын ережесіндегі баламаларын қолдануға ұмтылыс жасадым. Түсінулеріңізді сұрап, кешірім өтінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |