Кестелерді даярлау және түзету



бет7/8
Дата02.02.2023
өлшемі89,5 Kb.
#167276
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41609 2
Мой друг 2 урок 5КСП, ОГЯ СӨЖ 4 Асан Ұ,Әліпова А,Идришева А,Наконова Қ-1 2, 09.01.202, 55 Музыкальная душа 5КСП
ІІІ. Қорытынды

Қылмыстық заңды алып қарайтын болсақ, заң бас бостандығынан айырудың түсінігін бермейді. Бас бостандығынан айырудың түсінігі қылмыстық құқық және қылмыстық – атқару құқығы теориясы арқылы қалыптастырылған. ҚР ҚК 48 бабының 1 бөлімінде сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс колонияларына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Үкім шығару кезінде, он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.


Қылмыстық құқық теориясында бас бостандығынан айыру жазасы мерзімдеріне байланысты мерзімді және мерзімсіз деп екіге бөлінеді.
Қылмыстық заң бас бостандығынан айыру жазасының шектері ретінде алты айдан он бес жыл мерзімдерін белгілеген. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48 бабында )
Мерзімсіз бас бостандағынан айыру жазасына – өмір бойы бас бостандығынан айыру жатады.
Экономикалық жағынан алып қарағанда, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану тиімсіз. Себебі, осы жазаға сотталған адамдарды ұстау үшін ерекше режимдегі “түзеу” мекемесін жабдықтау қажет, және бұл мекемеге түзеу деген термин біздің ойымызша сәйкес келмейді.
Біздің құқықтық санамыз, кең көлемде өлім жазасын қолдауға бағытталған, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлері де өлім жазасын қолдайды.
Бас бостандығынан айыру жазасын босануға деген ешқандай үмітсіз өтеу сотталған адамның тұлғасының кері кетуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да, заң шығарушы сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер “сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығанан айыруды іс–жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылу” мүмкіндігін қарастырған. Қылмысты – атқару саясатында қылмыстық жазаны атқаруды ұйымдастыруды жүзеге асыру ізгілік қағидасын негізделеді. Яғни, тәрбиелік жұмыстар сотталғандарды түзеуге және тәрбиелеуге қолданылатын негізгі құрамы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет