Кестелерді даярлау және түзету



бет1/8
Дата02.02.2023
өлшемі89,5 Kb.
#167276
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41609 2


Жоспары:
І. Кіріспе....................................................................................................................3




ІІ. Негізгі бөлім
1. Бас бостандығынан айыру жазасы ..............................................................4

2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оның атқарудың арнайы міндеттері......................................................................................................5




ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................13


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................14


І. Кіріспе
Бас бостандығынан айыру жазасы сотталғандардың құқықтарын елеулі түрде шектейтін болғандықтан, жазаның ең қатаң түрі болып есептелінеді. Мемлекет, жазаны атқаратын органдар мен мекемелер түрінде бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, осы жазаға тән жағымсыз факторлардың әсерін азайту қажет.

  • Бас бостандығынан айыру жазасына алғаш рет сотталғандарға және жасы толмағандар деген қылмыстық тәжірибесі мол сотталғандардың ықпалын азайту қажет.

  • Сотталғандардың кейбір категорияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды әртүрлі мекемелерде жеке ұстау қажет.

  • Сотталғандардың кейбір категориялардың типологиялық ерекшеліктерін түзеу шараларын қолдану барысында ескеру қажет.

Осыларды ескере отырып, Ішкі істер органдарынан түзеу мекемелерін Әділет органдарының құзырына беру сотталғандарға ізгілік тұрғысынан қараудың бірден бір көрсеткіш болып табылады.
Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексінде жалғасын тапты.
Жаңа Қылмыстық – атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет біріңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық – атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық – атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған.
Яғни, құқықтық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті заңдылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты.Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет