Кестелерді даярлау және түзету



бет2/8
Дата02.02.2023
өлшемі89,5 Kb.
#167276
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41609 2
Мой друг 2 урок 5КСП, ОГЯ СӨЖ 4 Асан Ұ,Әліпова А,Идришева А,Наконова Қ-1 2, 09.01.202, 55 Музыкальная душа 5КСП
ІІ. Негізгі бөлім


Бас бостандығынан айыру жазасы

Мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық, саяси ұйымдастырушылық – басқарушылық және мәдени – тәрбиелік шаралар қылмыстылықты азайтуда шешімді рольді атқарса да, қылмыстылықпен күрестегі маңызды, тиімді шара – қылмыстық жаза болып табылады. Қылмыстылықпен күресте қылмыстық жаза қылмыс жасаушы тұлғалардың қоғамға қарсы қызметін үзеді.


Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең өткір шарасы ретінде жаза Қылмыстық кодекспен қарастырылған сотталғандардың белгілі бір құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады да, сотталушыға моральдық физикалық және мүліктік сипаттағы мәжбүрлі түрде қысым келтіруден көрінеді . Жазаның бұл сипаты 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының 28 бабының талаптарына сәйкес келеді. Осы декларацияға сәйкес, қоғамның әрбір мүшесі басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тану және сыйлауды қамтамасыз ету үшін және демократиялық қоғамдағы құлықтылықтың, қоғамдық тәртіп және қоғамның жағдайының әділетті талаптарының қанағаттандыруы қажет.
Жаза зардап шегусіз, шектеу және белгілі бір құдылықтардан айырусыз, қоғамның және қылмыскердің өзінің мүддесі үшін сотпен тағайындалған шара ретінде, адамдар арқылы қабылданбайтын еді де, түзету зарядын бермеуші еді. Сондықтан да, зардап шегу жазаның бөлінбейтін қасиеті болып табылады да. Онсыз жаза өзінің мағынасын жоғалтады.
Қылмыстық жаза тағайындау барысында кейбір құқықтарды шектеу табиғи факт ретінде қабылданады. Шындығында да, қоғамда белгіленген тәртіпті санаулы түрде көзге ілмейтін, басқа азаматтарға қауіп төндіретін адам, заңды тыңдайтын адал азаматтардың өмірін дөрекі түрде қиындату құқығынан айырылуы керек те, болашақта қылмыс жасауды зардапты толық көлемде шегуі қажет.
Осыған байланысты, жаза әрқашанда мемлекеттің, қоғамның жасалынған қылмысқа деген теріс бағасы түрінде көрініп, ойшылдардың назарын аударып келе жатқан мәселе болып есептелінеді. Ежелден бері, ғалым – криминалистер өзінің қарауындағы азаматтарын жазалайтын мемлекеттің әрекеттерінің негізделіуін дәлелдеуге оқталған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет