Кестелерді даярлау және түзету


Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оның атқарудың арнайы міндеттері



бет3/8
Дата02.02.2023
өлшемі89,5 Kb.
#167276
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-41609 2
Мой друг 2 урок 5КСП, ОГЯ СӨЖ 4 Асан Ұ,Әліпова А,Идришева А,Наконова Қ-1 2, 09.01.202, 55 Музыкальная душа 5КСП
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және оның атқарудың арнайы міндеттері
Бас бостандығынан айыру жазаның ең қатаң түрі болып табылады, сондықтан да оны жазаның басты мақсаты ретінде сотталғандарды түзеуге басқа жолдармен қол жеткізілмейтін жағдайларда қолдану қажет.
Қылмыстық заңды алып қарайтын болсақ, заң бас бостандығынан айырудың түсінігін бермейді. Бас бостандығана айырудың түсінігі қылмыстық құқық және қылмыстық – атқару құқықғы теориясы арқылы қалыптастырылған. ҚР ҚК 48 бабының 1 бөліміне сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталушыны қоныс колонияларына жіберу, жалпы қатаң ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Үкім шығару кезінде, он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, жалпы немесе күшйтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
Айта кететін бір мәселе “ қоғамнан оқшаулау ” термині шартты сипатта. Сотталғандарды түзеу мекемелерінде оқшауланған деп есептеуге болмайды, егер де олардың түзелуіне әсер ететін негізгі құрал қоғамдық әсер ету болып табылса. Қылмыстық – атқару кодексінің 7 бабының 1 бөліміне сәйкес, “ Сотталғандарды түзеу – оның бойында құқық ұстанушылық мінез – кұлықты жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерімен дәстүрлеріне оң көз қарастарды қалыптастыру ”, – деп көрсетілген. Осыдан көрініп тұрғандай сотталғандарда қоғамға деген, оның ішінде адамзат қоғаманың нормасына деген жағымды көз қарастарды қалыптастыру қоғамнан оқшауланған сотталған адамда мүмкін емес құбылыс. Сотталған адам түзеу мекемелерінде – туысқандарымен, адвокаттармен, басқа адамдарымен кездесуге құқылы хат пен жедел хаттарды сан жағынан шектеусіз жіберуге және алуға, отпускіге шығуға құқылы.
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан айыру жазасының ерекшелігі. Басқа жазалардың бірде біреуінде сотталушылар жазаның мақсатына жетуге бағытталған қарқынды және ұзақ мерзімдегі шаралардың әсеріне ұшырамайды.
Бас бостандығынан айыру сотталғандардың құқықтық жағдайын өзгертеді де, олардың құқықтық дәрежесін шектеуден көрінеді. Құқықтық дәрежесінің шектеулі олардың белгілі бір құқықтарының шектелуінен немесе олардың мүлдем айырылудан байқалады. Бұл құқықтық шектеулер сотталғандар үшін заңда белгіленуі мүмкін (бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды сайлау құқығынан айыру ), немесе онда көрсетілмей – ақ шектелінуі мүмкін (мысалы, тұғын – жайды таңдап алу , жүріп – тұру бостандығы ).
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың құқтарын шектеуден басқа, оларға қосымша міндеттер жүтелінеді. Мысалы, сотталғандар мекемелердің белгіленген күні тәртібін сақтауға міндетті, ақша қаражаттарын ұстауға тиым салынады.
Құқықтық шектеулер мен міндеттердің саны мен сипаты түзеу мекемелерінің түрлеріне байланысты, себебі олардың әрқайсында, тек өзіне тән режим белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет