Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет31/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
6 - қадам. Қорытынды жазыңыз. 
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс 
жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз. 
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. 
Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі 
қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» 
немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен 
және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз. 
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз. 
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац 
екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен 
абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз. 
9 - қадам. Қателерді тексеріңіз. 
Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер
әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз. 
Жиі кездесетін қателіктер: 
1. проблема ашылмайды; 
2. автордың жеке позициясы көрінбейді; 
3. теоретикалық негіздемесі жоқ; 
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы; 
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ
9. логиканың болмауы. 
Қосымша мәліметтер: 
1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек. 
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра 
салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады. 
3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ 
және астарлы образдар. 
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда 
ол қызықты да жақсы болып келеді. 
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе - бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау
сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі. 
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны 
дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы - өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет