Кіріспе І бөлім. Отбасы психологиясында тұЛҒааралық Қарым-қатынастың Қалыптасуының теориялық



бет8/30
Дата04.09.2023
өлшемі1,07 Mb.
#180149
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Дип.-Отбасында-тұлғааралық-қарым-қатынасты-қабылдаудың-психологиялық-аспектілері

Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады.
Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған.
Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді;
Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді.
Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау. Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: “мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, “сіз нені қалайсыз?”, “ ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”.
Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі.
Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады.
Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: “сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, “сізге онда не көмектесті?”, “ сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”.
Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: “Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: “ сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: “ Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , “сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе “сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
“Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады.
Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді “қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады.
Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады.
Бөлу. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде “пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің “эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, “ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша “бөліну” болды.
Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері.
Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет.
Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет. Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл –күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі – клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады.
Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді, мысалы:
Жалғыз жұмысты істеу немесе терапевтке шақыру?
Отбасымен кабинетте немесе оның тұратын мекен-жайы бойынша қайда жұмыс істеу керек?
өзінің отбасымен немесе алғашында отбасы мүшелерімен сабақтар жүргізе ме?
Ең жақсы кездесулердің жиілігі мен ұзақтығы қандай?
Жеке немесе отбасылық мәселелердің қайсысынан бастауы керек?
Нақты әрекеттер жоспарын жасау керек пе, немесе экспорт қою керек пе?
Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу тәсілі отбасы психотерапиясының “ғылыми көзқараспен” анықталуы керек. отбасы психотерапиясы ұйымдастыруы таңдауы идеалда отбасының ерекшелігіне тәуелді болуы қажет. Кез-келген отбасы психотерапевт отбасы, оның жеке мүшелелері оның мәселелері мен отбасылық жағдайларға байланысты психотерапияның әртүрлі стильдерін қолдануға дайын болуы тиіс.
Бір отбасы мүшесімен – авториталды стиль, екіншісімен- директивті стилі тиімдірек болуы мүмкін. Бұл психотерапевт алдында тұрған сұрақтарға жауап барлық жағдайдың жиынтығына байланысты. Содан соң психотерапияда қандай әдістер ең көп қолданылатындығы жайында сұрақтар қарастырылады. Отбасы психотерапиясының әдістемесі – бұл психотерапевт нақты психотерапевтикалық тапсырманы шешетін әрекеттердің типтік жиынтығы. Отбасылық психотерапия өзінің даму уақтысында қайта пайда болған мектептердің тәжірибесінен келген әртүрлі техникалардың көптеген санына иемденді. Отбасы психотерапияда кең қолданылатын психотерапиялық техникалардың негізгі түрлерін атап шығайық:
Директивтер – бұл отбасы мүшелерінің мақсаттарына жету үшін отбасы жағынан немесе оның жеке мүшелері жағынан нақты әрекеттердің қажеттігі жайында тік, нақты сілтеулер. Бұл бір нәрсені істеу сілтеуі; осы кезге дейінгіден бір нәрсені басқаша; осы кезге дейінгі істемегенді істемеу болуы мүмкін. Пародоксальді дерективтер жағдайында айтылғаннан гөрі оның мақсаты қарама-қарсы. Директивтерді қолдану тиімділігі оны қолданудың дұрыстығына тәуелді, отбасын мұқият зерттеуді психотерапевтің үлгісімен отбасыға психотерапевтикалық әсері, ол ең бастысы психотерапевтің жеткілікті беделдігін қажет етеді.
Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарынаүндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.
Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет