Кіріспе І бөлім. Отбасы психологиясында тұЛҒааралық Қарым-қатынастың Қалыптасуының теориялық


Отбасында қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары



бет5/30
Дата04.09.2023
өлшемі1,07 Mb.
#180149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дип.-Отбасында-тұлғааралық-қарым-қатынасты-қабылдаудың-психологиялық-аспектілері

1.3 Отбасында қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары

ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.


2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:

  • отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;

  • психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;

  • отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.

Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:
Қатынастарды айқындау және анықтау.
“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);
ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет