Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп


Оқушының жеке қабілетін бағалау



бет16/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері
14, Практикалық жұмыс 9 (1), мотив, Тапсырма лгілері ж не балл ою кестесі 2-то сан бойынша жиынты
Оқушының жеке қабілетін бағалау.

а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)



Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.

Кесте


Оқушылардың аты-жөні

  1. Асан

  1. Шынар

  1. Бақыт

4.

5.

6.

Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.

+

+

+










Идеялар ұсынады

-

-

+













Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)

+

-

+










Топ қатысушыларына көмектеседі




+

++










Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды

+
















Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)

++




+










Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды

+
















Ортақ ұпай


















Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.


б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.


ІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

2.1 Білімді тексеру және бақылау түрлері, әдістері мен формалары
Оқыту процесінің міндетті компоненту соңғы кезеңі бакылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).

Тексеру білім алу, даму және оку мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі.

Бақылау — жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.

Есепке алу — тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жуйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады.

Бағалау — сапалық және сандық талдаудан туратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.

Баға қою - оку қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау.

Оқушылардың білімін, ептіліктері мен дағдыларын диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады. Тексеру және бақылау жүйесіне әртүрлі бақылау тәсілдерін еңгізуге болады.

Ол үшін келесі шарттарды орындау кажет:

• бақылаудың жеке түрі;

•оқыту жүйесінің барлық кезеңіндегі бакылаудың жүйелілігі, жиілігі;

•оқытушы, дамьпушы және тәрбиелеуші функцияларының орындалуын, қорытындыларына және оның өткізілуіне оқушылардың қызығушылығын арттыруды камтамасыз ететін әртүрлі бакылау формалары;

•жан-жақтылық: бакылау оку бағдарламасының барлық бөлімін қамтуы кажет, теориялық білімнің, зияткерлік және практикалык ептіліктері мен дағдыларын тексеруді камтамасыз етуі тиіс;

• әділдік;

дифференциалды тәсіл;

• осы сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылайтын мүғалімдер талаптарының біртұтастығы.

Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды кұрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс - шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліістері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды колдануы керек.

Бақылаудың мақсаты - кері байланысты қамтамасыз ету: окушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау.

Бакылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет