Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет14/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Тікенқурай. Ішекқұртқа гүлін қайнап тұрған суға салып түймешетенмен араластырып ішеді.

Уқорғасын. Улы өсімдік. Бастың сақинасына, буын қабыну, улы жәндіктер шаққанда пайдаланады.

Үпілмәлік. Шөп сабақтас, ағаш құрайтын өсімдік. Өте улы. Майы іш жүргізетін дәрі. Сыздауыққа үпілмәлік майын жағады.

Шашыратқы. Көкпеңбек шөп. Серті бойынша бұл шөпті күн шығар-шықпаста немесе кешке күн батып бара жатқанда алады. Тамырынан жасалған дәрілердің өт айдайтын, бауыр, бүйрек ауруларын емдейтін, қант диабетін емдейтін қасиеті бар. Күн өткен, денесі күйіп ауырған балаға суға салып қойып, ішкізіп, онан соң суына түсіреді [21;135 б]

Шегіршін. Ағаш. Жүйке әлсіздігі, құлақтан ірің аққанда, қуық пен жатыр қабынғанда ішеді.

Шоңайна тікен. Асқазан, ішек, бауыр, өт қабынғанда ішеді.

Шырғанақ. Жиделер тұқымдас, бұтақты тікен бұта. Дәрілік мақсатқа жемісін, шырынын, жапырақтары мен дәндерінен алынатын майын қолданады. Асқазан жарасы, әртүрлі тері ауруларына пайдаланады.

Тошала. Шөп тектес өсімдік. Желөкпе демікпесіне тамырын қайнатып ішеді.

Тұт ағашы. Бала жөтелі, улы жәндіктер шағу, ұмытшақтыққа пайдалы.

Түйеқарын. Тікенді шөп, қаңбақ. Қышымаға түйеқарынды қайнатып, суына түседі.

Қазтамақгүл. Қантышқақ, баспа ауруына ем. Бұл өсімдік орман, шалғын жерлерде, бұта арасында өседі.

Қайың жапырағы. Тамақ, өкпе қабыну, сынықты біріктіру үшін, ішектің жедел қабынуына пайдалы.

Қалақай||Шақпашөп||Қышыма. Өн бойында шақпа түктері бар өсімдік, теріге тиіп кетсе, жылан шаққандай ұйытады. Сондықтан оны шақпашөп деп атаған. Буын қабыну, есекжем, қанды тыю, мақау ауруы, шуаш.

Қалампыр. Көпжылдық өсімдік, гүлдеп тұрған кезінде жинап кептіреді. Безгек, тер шығаруда тұнбасын қолданады.

Қамыс тамыры. Қызылшаның сыртқа шықпауы, дененің сарғаюы, несептің аз әрі сарғайып келуі.

Қант қызылшасы. Дәріге қызылшаның тамыр түйнегі мен жапырағын пайдаланады. Көкбауыр ауруы, қайызғақты кетіру, іш кірнесі.

Қарабұрыш. Ыстық белдеуде өсетін ағаштың жемісі. Көп кекіру, сал ауруы, жөтелге ем.

Қарағай. Шайырынан дәрі жасайды. Балалардың қышыма бөртпесі, тіс қақсау.

Қарағай шікілдеуік. Қарағай өсіп шығатын ағашты балқарағай деп атайды. Піскен кезінде шікілдеуігін қағып алады. Тұқымының сырты қызыл күрең, дәні ақ болады. Дәні тәтті, майлы, жегенде бал татиды. Асқазан ауырғанда, тамаққа тәбетті арттыруда шайнайды.

Қарақат. Асқорытудың төмендеуі, қан қысымын төмендету, қантышқақ ауруларына ішеді.

Құланқурай. Түймеқурай, жалбыз, тікен деп те аталады. Балалардың іш қатуы, күйік, үлкен және кіші дәреттің тоқтауына ішеді.

Құлмақ. Шырматылып өсетін өсімдік. Кеңірдектің қабынуы, сыртқы жарақаттың қабынуына пайдаланады.

Қызғалдақ. Аяқ сырқырағанда қызғалдақ дәнін қайнатып, майын шығарады, сол майды жағады.

Қызылмия. Тамыры ем болады. Асқазан жарасы, қорғасыннан улану, ұйқысыздыққа ішеді.

Қызылшұғынық. Тамыры дәрі болады. Бой бұзылу, жарым дененің салдануы, бетауыздың қисаюы.

Қылша. Тік өсетін, жіңішке бұта тектес өсімдік. Шуаш, ішті жұмсартуда қолданады.

Қырықбуын. Жерүсті бөлігі дәрі болады. Көзден жас ағуы, сүйел.

Қыша тұқымы. Жөтел, жара, қастың түсуі, ұстамалы талма, тұмауратып тер шықпау.

Таспажоңышқа||Қызылтаспа||Құсқуығы//Құмырсқашөп//Жер

жоңышқа. Біржылдық шөптектес өсімдік. Бүйректің қабынуы, жұмыр құрт ауруы, қармақ құртты түсіруге қайнатып ішеді.

Тау жалбызы||Ұсақ жапырақты жалбыз||Көкемарал||Шетпе шөп. Ұйқы қашқан кезде, тұмау тигенде, көз қабығы қабынғанда.

Қарамық. Бел шойырылу, омырау сүті азаю.

Қараандыз. Көпжылдық өсімдік, тамырын дәрі ретінде қолданады. Бас ауруы, көкірек ауыруы, тұмау, ұмытшақтыққа қолданады.

Қараөрік. Ішек жолдарын жұмсартады, жөтелді басады, демікпені тоқтатады.

Қара сабын. Итсигек өсімдік күлінің сүзген сілтісіне малдың сүйегін қосып қайнатады. Ол әбден қайнап, ботқаға айналғасын, одан сабын жасайды. Қара сабын халықтың киім-кешек, дене тазалығын сақтауға көмектеседі, түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды.

Маралбалдырған. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Тамырынан дәрі жасайды. Буын қабыну, тұмауға ішеді.

Меңдуана. Ә. Қайдаров меңдуана сөзінің этимологиясына байланысты: «Бұл сөз иран тілдерінде банг (үнді қарасорасы) және девона (ақылынан адасқан, есерсоқ) деген дербес екі сөздің бірігуінен, яғни қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес банг сөзі мең формасына, девона сөзі дуана формасына ауысу арқылы жасалған» [22;128], - дейді. Асқазан кірнесі, құлақ қабыну, қышыма, тісті құрт жеу.

Мойыл||Шомырт. Мойылдың жемісі, ағашының қабығы емге қолданады. Қан қысымын төмендету, іш өту.

Оймақгүл. Қаназдық, құлақ шыңылдау, тершеңдік.

Ойраншөп||Жербас. Бел ауыру, қан түкіру, мұрыннан қан ағу, ішек қабыну.

Ошаған. Екі жылдық өсімдік, тамыры жуан. Көз қарауыту, қол-аяқтың дәрменсізденуі, тіс қақсау.

Өрік. Қақырық көбейгенде шағып, дәнін жейді.

Пияз. Құлақтың естімей гуілдеуі, улы жәндіктер шағу, тұмау.

Рауғаш. Таулы жерде өседі. Балмен араластырып, күніне бір қасықтан төрт уақыт жеп жүрсе, өкпе ауруының барлық түрлеріне ем [23;346 ]

Раушан гүлі. Іш қату, іріңді қотыр.

Сабынкөк||Қаратамыр||Қаражұмыр. Тамыры науқасқа шипа. Бадамша бездің қабынуы, жұтқыншақтың қабынуы, өкпе қабынуда қайнатып ішеді.

Сарана. Жүрек қысылу, жөтел, жүйке әлсіздігі.

Сарыағаш||Көк бояу. Бұта тектес өсімдік. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуы, қан қысымы жоғарылау, тамақ ауруы.

Сары бұрыш||Иісті бұрыш. Жұмыр құрт ауруы, терінің майланудан қабынуы.

Сарықараған||Сары торғайгүл. Бұта тектес өсімдік, ауыз уылуда тамырын қайнатып, қайнатпасымен ауызды шайқайды.

Сарымия. Оны Алтай сарымиясы, түлкімасақ деп те атайды. Бүйрек ісу, тершеңдік, шиқан мен сыздауықтың аузы шықпау.

Сарымсақ ағы. Асқорыту жұмысын жақсарту үшін, тұмау, демікпе, күбірткі.

Сасық қоға||Су қоғасы||Ақ қоға. Қоғаның тамыры дәрі болады. Асқазанның қабынуы, бел-аяқтың ауыруы, іш кебу.

Сасыр шайыры. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Сабағынан шығатын сүт тәріздес сұйықты дәріге қолданады. Демікпе, көзге ақ түсу, сыздауық шыққанда, ұйқысыздық.

Сегізбұрыш бедиян. Ағаш жеміс, тұқымы көкшіл, дәмі ащы. Тұқым сыртындағы қабығынан дәрі жасалады. Бүйрек және қуыққа тас байлану, жөтел, мұрыннан су ағу, сал ауруы.

Сиырсілекей. Көпжылдық өсімдік. Қаназдық, қан түкіру, қотыр.

Сұлушаш||Семіз шөп||Өлмесшөп. Сұлушаштың жерүсті бөлігі дәрі болады. Сыздауық, қармақ құртты түсіру, сүйелді кетіру.

Сүзгітарақ||Түлкіқұйрық. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Құртты түсіруге суға қайнатып ішеді.

Сүйел қына||Сақалды қына. Қына тектес өсімдік. Бүкіл өсімдігін дәріге пайдаланады. Сыртқы жарақаттан қан аққанда, ісіктерге.

Сүттіген||Сабақты сүттіген. Тіс қақсау, үлкен-кіші дәрет тоқтап қалу, дене сарғаю.

Темекі жапырағы. Асқынған жараға ұнтақтап себеді. Үсік жарасына өртеп, ыстық күлін себеді.

Тобылғы. Асқазан, жүрек ауруларына, іш өткенде.

Томағашөп. Бас ауруы, тыныс жолының қабынуы.

Томардәрі. Халық сырағақ, маралқурай, марал құлақ деп те атай береді. Мерез, шаштың қайызғағы, үлкен буынның ісінген созылмалы ауруына пайдаланады.

Торғайшөп||Еңлік шөп||Торғайжем. Көпжылдық өсімдік. Шөптің тамыры дәрі болады. Қызылшадан сақтану, қанталау күйік.

Тал. Биік өсетін ағаш. Қан кету, қастың түсуін тоқтату, тіс қақсау, шиқан шыққанда.

Таңқурай. Шыжың, қан құсу, іш өту, белсіздік.

Тараққұйрық. Көпжылдық өсімдік. Жылан шағу, қан түкіру.

Тас қына. Жартастардың беттерінде жабысып өседі. Белсіздік, суықтан бел ауыру, тамақ сіңбеу.

Тас майы. Таулардағы тал, шөп өсетін шатқалдардағы жартастарда жабысып тұрады. Қолмен уқаласа май сияқты жұмсақ болғандықтан, халық оны тас май деген. Ауызы шықпаған шиқан, сыздауыққа тас майын жапсырып қойса, ісікті қайтарады.

Бөлтірік. Бұл шөпті ушылар қазанмен жауып, күзде бабына келгенде алады. Қазанға арқан байлап, арқанның ұшы арқылы қазанды төңкереді. Бұны таралғыға, үзеңгіге жағып адамдар өз дұшпандарын, кектенген кісілерін де өлтірген [24;91].

Жыланқияқ. Балалар шошымасы, жараның еті жетілмеу, құлақтың гуілдеуі.

Қойбалдырған. Тамыры жуан әрі ұзын көпжылдық өсімдік. Бел ауруы, созылмалы буын қабынуына қайнатып ішеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет