Кіріспе зepттey жұмыcының өзeктiлiгi


ҚОСЫМША Экотуризм бойынша Квебек декларациясы



бет18/21
Дата09.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#134808
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дипломная
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат, Исаева Толғанай сик 211практика11, Саба ты та ырыбы Ньютонны бірінші за ы, инерциялы сана ж йел, жаңасы 1-2тарау мол-физ, в этом году я..., Niyet x Abylai Kenzhaly
ҚОСЫМША
Экотуризм бойынша Квебек декларациясы
БҰҰ Халықаралық Экотуризм Жылы деп жариялаған 2000 жылы жұртшылықтың, жеке меншік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын 132 елден келген мыңнан астам қатысушылар «Tоurisme Quebec» жəне Қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның Бағдарламасы аясында Туризм бойынша Канада комиссиясы (UNEP) жəне Дүниежүзілік Туристік Ұйым (WTO) ұйымдастырған Дүниежүзілік Саммитінде бас қосты. Саммит Канадада Квебек қаласында 2002 жылдың 19-22 мамыр аралығында өтті. Квебек Саммиті 2001 жəне 2002 жылдары өткен 18 даярлық кездесулердің кульминациялық кезеңі болды. Бұл кездесулерге туризм жəне қоршаған орта мəселелерімен айналысатын ұлттық жəне жергілікті үкімет əрі басқа да əкімшілік органдардың, экотуризммен айналысатын жеке меншік бизнес-құрылымдары мен олардың ассоциацияларының, мемлекеттік емес ұйымдардың, академиялық институттардың, кеңесшілердің, үкіметаралық ұйымдардың, тұрғылықты жəне жергілікті қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Берілген құжат даярлық үрдісті, сонымен қатар Саммит барысында болған талқылауларды ескереді. Ол келісімсөздер нəтижесі бойынша жасалған құжат болмаса да, жан-жақты сұхбаттың қорытындысы болып есептеледі. Оның басты міндеті – алдын ала тəртіпті орнықтыру жəне тұрақты даму контекстіндегі экотуристік іс-əрекеттің дамуы үшін кепілдемелер жинақтау. Саммитке қатысушылар 2002 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Йоханнесбургте өткен Тұрақты Даму бойынша Дүниежүзілік Саммитті (ТДДС) келесі 10 жылда халықаралық саясатты айқындайтын негізгі оқиға ретінде мойындайды жəне туризмнің экономиканың басты саласы болғандығынан оның тұрақтылығы ТДДС –тің басымдылығы болу керектігін атап өтеді, себебі, туризмнің кедейшілік деңгейін төмендету ісіне жəне қауіп төніп тұрған экожүйелердегі қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне қосатын əлеуетті үлесі. Сондықтан қатысушылар БҰҰ-ның Саммитке қатысқан ұйымдары мен мүше мемлекеттеріне келесі Декларацияны жəне Экотуризм бойынша Дүниежүзілік Саммиттің басқа да нəтижелерін ТДДС өткізу уақытында таратуға сұраныс береді. Экотуризм бойынша Дүниежүзілік Саммитінің қатысушылары берілген кеңес беру үрдісінің шектеуліктерін түсіне отырып, мүдделі жақтардың кең тобының, əсіресе үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен тұрғылықты жəне жергілікті қоғамдастықтардың үлесін одақтастыру үшін келесіні мойындайды: экотуризм ұғымы туризмнің экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық əсеріне қатысты тұрақты туризм қағидаларынан тұрады. Ол сонымен қатар тұрақты туризмнің жалпы тұжырымдамасынан ерекшелендіретін келесі арнайы ұстанымдарды қамтиды: − табиғи жəне мəдени мұраны сақтауға белсенді үлес қосу; − жергілікті қоғамдастықтардың экотуризмді ұйымдастыру бойынша іс-əрекетті жоспарлау, дамыту үрдісіне қатысуы жəне осыдан пайда алуы; − туристер арасында олар демалуға баратын жерлердің табиғи жəне мəдени құндылығына байланысты мəселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; − шағын ұйымдастырылған топтар мен өз бетімен саяхаттайтын туристерден тұратын кішігірім туристер ағымдарына бағытталу. Туризм маңызды жəне кешенді əлеуметтік, экономикалық əрі экологиялық салдарға ие болатынын растайды. Олар қоршаған орта мен жергілікті қоғамдастықтар үшін пайда жəне шығын əкелуі мүмкін. Құрлық пен теңіздің табиғи аймақтарында демалуды ұсынатын саяхаттарға адамдардың күннен-күнге артып бара жатқан қызығушылығын назарға алады. Туристік секторына тұрақты тəжірибелерді енгізуде экотуризмнің басымды рөл атқаратынын мойындайды. Туристерді қабылдайтын қоғамдастықтар үшін экономикалық жəне əлеуметтік пайданы ұлғайту жолымен, табиғи ресурстар мен мəдени тұтастықты сақтауға белсенді ат салысу жəне саяхатшылардың мəдени мен табиғи мұраны сақтау туралы хабардар болу деңгейін жоғарлату арқылы туристік саланы тұрақтандыру үшін экотуризм үлес қосуын жалғастыру қажет деп ойлайды.
Мəдени əртүрліліктің көптеген табиғи аймақтармен, əсіресе жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтардың тарихи қатынасуымен байланысты екенін, сонымен қатар дəстүрлік білім, салттар мен тəжірибені сақтап қалған, өздерінің тұрақтылығын дəлелдеген кейбір қоғамдастықтардың бар болғанына байланысты екенін мойындайды. Биоалуандылық жəне мəдениет байлықтарына ие болған қорғауға алынған аймақтарды басқару əрі сақтауды қаржыландыру құжаттар бойынша бүкіл дүние жүзінде барабар емес екенін тағы да қайталайды. Бұл аймақтардың басым көпшілігінде адамдардың кедейлікте өмір сүретінін жəне денсаулық сақтау жүйесінің, білім беру мекемелерінің, коммуникациялық жүйелер мен нағыз даму үшін қажетті басқа да инфрақұрылымдардың кемшіліктерінен зардап шегетінін мойындайды. Туризмнің кейбір түрлері, əсіресе экотуризм, тұрақтылық негізінде басқарылса, жергілікті жəне тұрғылықты халық пен оның мəдениеті үшін құнды экономикалық мүмкіндік болып табылатынын жəне табиғатты келешек ұрпақтар үшін қорғау мен тұрақты пайдалану мүмкіндіктерін беретінін əрі қорғауға алынған табиғи аймақтардың маңызды табыс көзі болуы мүмкінін растайды. Табиғи жəне ауылдық аймақтарда туризм дұрыс жоспарланып, дамытылып, басқарылмаса, ол табиғи ландшафттардың нашарлауына əкеліп соғатынына жəне жабайы табиғат пен биоалуандылыққа қауіп төндіріп, теңіздер мен жағалаудағы аймақтардың ластануына, су сапасының төмендеуіне, жергілікті мен тұрғылықты қоғамдастықтардың көшіп кетуіне, мəдени дəстүрлердің бұзылуына үлесін қосатынына ерекше көңіл аударады. Экотуризмнің дамуы жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтардың қасиетті, сезімтал жəне қорғауға алынған жерлерін құрметтеп, олардың жеке меншік пен жер қожалығына құқықтарын, өз тағдырларын өздері шешуге құқығын жəне олардың мəдени егемендігін ескеруді жəне құрметтеуді қажет ететінін түсінеді. Табиғи аймақтарда экотуризмнің жəне туризмнің басқа түрлерінің əлеуметтік, экономикалық жəне экологиялық пайдасына тең дəрежеде қол жеткізу үшін жəне əлеуетті кері əсерді барынша азайту немесе қақпайлау үшін жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтарға өз жерлерінің пайдалану рəсімін айқындық негізінде жергілікті деңгейде белгілеп басқаруға мүмкіндік беретін, соның ішінде туристік дамудан бас тарту құқығын беретін қатысу ұстанымдарына негізделген жоспарлау механизмдері қажет екенін атап өтеді. Əлеуметтік жəне экологиялық міндеттерді орындауға ұмтылатын шағын жəне микробизнес экотуризмнің негізгі серіктестігі болып табылатынын жəне көбінесе ол өз іс-əрекеттерін экотуризм үшін тиісті қаржылық əрі маркетингтік қолдауды ұсынбайтын даму жағдайларында жасайтынын түсінеді. Шағын, орта жəне микро-кəсіпорындардың тіршілік ету мүмкіндіктерін жақсарту үшін экотуризм нарығының түсінуін туристік бизнес үшін арнайы несиелік құралдарды, нарықты, сыртқы қаржы жұмсаулар үшін гранттарды, тұрақты энергетикалық жəне инновациялық техникалық шешімдерін қолдану үшін жағдай жасау мүмкіндіктерін зерттеу нəтижесінде жақстарту керектігін, сонымен қатар тек бизнесте ғана емес, үкіметте де қызмет ететін адамдардың жəне бизнес үшін қажетті шешімдер қабылдайтын тұлғалардың білімдері мен дағдыларын жоғарлату керектігін мойындайды. Нəсілі, жынысы, жеке дара себептеріне байланысты адамдарды кемсітуден аулақ болуға қажеттілігін жəне оларды тұтынушы мен жабдықтаушылар ретінде қатыстыру үшін назар аударуға болмайтынын қабылдайды. Келіп кетушілер өздерінің саяхатын, мінез-құлықтарын жəне іс-əрекеттерін таңдағанда демалуға баратын жердің тұрақтылығы жəне дүниежүзілік қоршаған ортаның тұрақтылығы үшін жауапты екенін, сондықтан бұндай жерлердің сапасы мен сезімталдығы жөнінде келушілермен байланыс сақтап отыру қажет екенін мойындайды. Жоғарыда атап көрсетілген жағдайларға байланысты, 2002 жылдың 19-22 мамыр аралығында Квебек қаласында бас қосқан Экотуризм бойынша Дүниежүзілік Саммиттің қатысушылары үкіметтерге, жеке меншік секторына, үкіметтік емес ұйымдарға, қоғамдастықтардың мүддесіне өкілдік ететін бірлестіктерге, академиялық жəне зерттеу институттарына, үкіметаралық ұйымдарға, халықаралық қаржы институттарына, жергілікті жəне тұрғылықты қоғамдастықтардың дамуына жəрдем беру жөніндегі агенттіктерге ұсынылатын бірқатар кепілдемелер даярлады, олар төмендегідей:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет