Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады



бет68/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

2.Қондырғының сипаттамасы
Брюстер заңы мен Малюс заңын зерттеу үшін, оптикалық тағанға бекітілетін арнайы қондырғы қолданылады. Оның схемасы 4-суретте келтірілген.

Жарық (1) шамының корпусындағы (қабығындағы) тесік арқылы, айналатын үстелшенің бекіткішіне орналыстырылған (3) шыны пластинаға түседі. Жарықтың түсу бұрышын өзгерту, шыны пластина орналастырылған үстелшені бұру арқылы жүзеге асырылады.Айналатын үстелшенің (6) стрелкасы жарықтың түсу бұрышын көрсетеді. Қондырғыға қосымша қорапқа салынған, алынып-салынатын шыны пластиналар жиыны (2, 4, 7, 12 дана) берілген. Пластинадан шағылған жартылай поляризацияланған жарық (7) анализатор арқылы, (8) фотоэлементке түседі, ол (9) жарық интенсивтілігін өлшейтін құралға (ЖИҚ) жалғанған. Жарық интенсивтілігін өлшейтін құралдың көрсетуі фотоэлементке түсетін жарық ағынына пропорционал. Анализатордың поляризация жазықтығының орны (10) шкалада көрсеткіштің көмегімен белгіленеді.



4-сурет
А



3-сурет
нализатор- фотоэлемент бөлігі (11) иінге бекітілген, ол вертикаль остің бойымен 50° тан 180- қа дейін айнала алады. Шағылдыратын (3) пластина вертикаль ось бойымен айнала алады, және онан шағылған жартылай поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы вертикаль болады. (8) фотоэлементке (7) анализатордың орнына тәуелді жарық ағыны түседі, егер ППА (анализатор вертикаль болса – онда (9) жарық интенсивтілігін өлшейтін құралдың көрсетуі максимал) ал, егер анализатор горизонталь орналасса, онда құралдың көрсетуі минималь болады. Теориялық тұжырымдардан шығатынындай, өзара перпендикуляр жазықтықтарда поляризацияланған осы екі құрамның интенсивтілігі (вольтметрдің көрсетуі де) 3- суреттегі графикке сай жарықтың түсу бұрышына тәуелді өзгеріп отырады. Жарықтың пластинаға түсу бұрышын өзгертіп және вольтметрдің көрсетуін белгілеп, толық поляризациялану бұрышын немесе Брюстер бұрышын табуға болады. Малюс заңын зерттеу үшін (12) қосымша поляризатор қолданылады. (16)- жинағыш линза.

3. Қондырғымен танысу және оны жұмысқа дайындау.


1. Қондырғының негізгі бөліктерімен және элементтерімен танысыңыздар:

а) пластинаға жарықтың түсу бұрышын;

б) анализатордың орнын өзгертуін ;

в) анализатор- фотоэлемент бөліктерімен танысыңыздар.

2. Жарық көзін қосып, және вертикал остің бойымен айналдыра отырып, жарық шоғының оптикалық таған бойымен бағытталуына қол жеткізіңіздер.

3. Бекіткішке төрт пластинасы бар қорапты бекітіңіздер. Бекіткішті бұрылу бұрышының көрсеткіші нолдік бөлікте тұратындай етіп және шағылған

жарық шоғы оптикалық таған бойымен бағытталатындай етіп орнатыңыз Жарықтандыру қондырғысының дұрыстығын қосымша пластинадан шағылған жарық арқылы бақылауға болады: жарықтандыру шамынан шағылған жарықтылығы, жарықтандыру шамының шығатын тесігіне салыстырғанда симметриялы болуы қажет.

4. Анализатордың және жарық интенсивтілігін тіркегіш құралдың құрылысы мен, жұмысымен танысыңыздар. Ол үшін, пластина арқылы өткен жарық анализатор мен фотоэлеменке түсетіндей етіп анализатор бөлігінің иінін бұру керек. Жарық интенсивтілігін өлшеу құралын қосып оған фотоэлементті жалғау керек. Анализатордың орнын 0° тан 180°-қа дейін өзгертіп, сигналдың шамасының өзгеріссіз қалатындығын бақылаңыздар. Яғни, пластина арқылы өткен жарық поляризацияланбаған болады.

5. Шағылдырғыш пластинаны бұрып, жарықтың түсу бұрышын =25° тан 80° аралығында өзгертіңіздер. Иінді бұру арқылы, шағылған жарықтың фотоэлементке түсуіне қол жеткізіңіздер.
ҚОНДЫРҒЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет