Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет19/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж

5- жаттығу. «Таңғажайып құралдар».

Коррекциялық сабақтар жүргізу барысында ол сынып ұжымымен немесе бірнеше параллель сыныптар оқушыларын топтастырып жүргізіліп жатқан болуы мүмкін. Топ жұмысы бір бағытта болмастан балалар шаршап кетпейтіндей ойын элементтері басым келетін жаттығуларды пайдаланып отырудың дидактикалық мәні бар. Сондықтан топтағылардың қимыл әрекеттерін де ұйымдастырып отыру керек. Қиял мен қиялды ұштастырып дамытатын, балалардың қимыл әрекетін де белсендіретін жаттығулардың бірі «Таңғажайып құралдар».

Топтағылар «Таңғажайып құралдар» көрмесіне саяхатқа шығады. Көрмеде отбасында, үй тұрмысында пайдаланылатын құрал-жабдықтардың керемет қасиеті бар жаңа түрлері қойылған. Олар көзге көрінбейді, ал өз қызметтерін жоғары сапада орындайды. Жетекші көрседе тұрған сіріңкені қолына алып, оның бір шырпысын жандырып қасында отырған ойынға қатысушыға ұсынады. Ол отпен газ плитаны тұтатуды өтінеді. Шырпы ұсынған адам қолдарын созып, плита комфоркасын тұтатады.

Топтағыларға өздеріне қажетті заттарды алып, оларды пайдалана берулеріне болатыны айтылады. Балалардың біреулері қалам алып, оның ұшын шығарады, екіншілері тамақ пісіруге кіріседі, ал тағы біреулері киім-кешектерін жөндейді. Бір топ балалар доп ойнап, енді біреулері малды күті жұмыстарымен шұғылдануда. Жыл мезгілі көктем болғандықтан балалар бау-бақшаны ретке келтіру жұмыстарын, егін егуге даярлау, оларды егу т.с.с. әрекетке де үлкен көңіл бөледі. Балалар бұл жаттығуды орындауға үлкен қызығушылық білдірді.

Балалардың барлық іс-әрекеттері жорамалдағы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Кім қандай құрал-жабдықпенен не істеп жатқанын басқаларға мәлімдеп отырады.

Бұл жаттығуды орындау барысында балалардың адам іс-әрекетінде пайдаланатын құрал-жабдықтар туралы мәліметтілігі және қандай іс-әрекеттер түрлерін меңгергендіктері көрініс береді.

6- жаттығу «Сиқырлы қалам».

Бұл жаттығудың мақсаты балалардың бір-бірін тыңдап, ауызша айтқан тапсырмалардың мағынасына құлақ салуға үйрету және қиялы мен қиялын дамыту.

Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп («Жоғары!», «Төмен!», «Оңға!», «Солға!» деген бұйрықтар беріледі) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадамдары бірдей болуы керек.

Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға «көмектеседі». Барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы ойымен орындауды тапсырады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат, үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.

Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған баларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды. Ол фигуралардың қандай түрлері және әр оқушы нешеуін салғаны талданады.

Психодиагностикалық зерттеу барысында оқушылардың барлық таным процестері бағаланды. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты оның мәтінінде тек қиял процесі бойынша жинақталған материалдар ендірілді, басқа таным процестері бойынша зерттеу нәтижелері қосымшаларда берілген.

Коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру барысында шығармашылық тапсырмаларды орындауға балалардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Бірінші коррекциялық сабаққа диагностика нәтижесінде төмен балл жинаған немесе даму деңгейі төмен деп бағаланғандар шақырылған болатын. Келесі кездесуге сыныпт оқушыларының барлығы келіпті. Сондықтан біз диагностикалық және коррекциялық кезеңдегі зерттеу нәтижесін сыныпта оқитын балалар тізіміне жақындатып келтірдік. Зерттелінген балалардың аттары өзгертіліп берілген. Ол психологиялық қызмет көрсетуге қойылатын этикалық нормалар талабы бойынша жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет