Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет6/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж

1.2 Ойлау процесін дамытудағы шығармашылық талант

Ойлау процесі - танымдық процесте психологиялық жолдар арқылы жаңа деректерді қабылдау және оларды өткен тәжірибелер арқылы байқау. Қиял елесі тек адам баласына тән нәрсе, өйткені ол еңбек, сурет, жобалау арқылы нәтижесін білдіреді. Қиял процесі талдау - синтездік мінездемені құрайды. Себебі, бейнелер әртүрлі элементтердің арасынан туындап, зат пен жағдайлар нақты ойды белгілейді. Екпіннің айқын етіп айту арқылы оның өзгешілігінің анықтап өсуін және азаюын белгілеп, оның түрлерін біркелкі жағдайлар топтамасымен әсерленіп, нақты бір бейнені құрайды. Белсенділігіне байланысты белсенді және енжар қиял болып бөлінеді, өйткені бірінші заттың нәтижесі өмірде қолданылмайды. Бейнелердің ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық және қайта жасау қиял елесі туралы айтылады. Демек, қойылған нақты мақсатқа сәйкес бейнелер қасақана және қасақана емес қиял елесі болып бөлінеді [21,27]. Бейнелердің ерекшелігі мен өзінділігін ескере отырып шығармашылық және қайта өңделген қиял елесі туралы әңгімеленеді.

Мектепке дейінгі баланың қиял елесін үлкен адамдардың елесінен ажыратуға болады, бұл жерде стереотипті бейнелер бар екенін байқаймыз. Өйткені балада білім деңгейі жеткіліксіз. Қиял елесінің байлығы баланың ойлау қабілетінің төмендігінде. Бұл бала қиялының кемшілігі мен жетістігі. Әрбір бала өзінің елесін алынған деректермен қиыстырады, оны тез байқауға болады (Л.С. Выготский ).

Жас бала қоғамдық мәдениеттілікке байланысты ешқандай жаңалықты құрамайды. Жаңа бейнелердің бала үшін маңызы зор. Бала 5-6 жасқа толғанша барлық мектеп жасына дейінгі ғұмырында ешқандай ниет білдірмейді. Баланы үйлесу процесі қызықтырып, жаңа бейнелерін жағдайлар арқылы сезім әрекетін құрайды. Бірінші қиял елесі белгілі бір затпен тығыз байланысты сыртқы тірек фукциясымен анықталған, бірақ бірте-бірте бұл тірек жойылады. Балада 4-5 жас кезінде әрекет арқылы шығармашылық туындайды. Бес жаста болашақ туралы қиял елесі пайда болады, сезімтал бола бастайды. Сондықтан қиял ерекше интеллектуалды әрекетке айналып, бүкіл әлемнің қайта құрылуына әсер етеді. [13,20]. Бейне тірегі ретінде нақты обьект ғана емес, сонымен қатар сөз арқылы берілетін қайта құрылудың да маңызы бар.

Қиял елесі бала кезінде дамып ойлау мен жоспарлаудың нәтижесі болып табылады. Бала кездегі қиялдың дамуының мақсаттылығы баланың бір тақырыпқа деген ойының өсуіне, белгілі бір рольге байланысты. Жоспарлау арқылы нақты шығармалар жиынтығын құруға болады. (О.М. Дьяченко). Үлкен бала қиялдай алады, өйткені ол алдын – ала жоспарлайды. Олар құрған жоспары арқылы керекті құрал-жабдықтарын дайындайды. Ал енді балалардың мақсатты түрде қиял елесінің дамуы бірінші кезде үлкендердің әсерімен болып, бейнелерді дамытуға болады. Сондықтан балалар өздігінше жоспар құрып, оны орындауға кіріседі. Дегенмен, бірінші болып бұл процесс ұжымдық ойындарда, нәтижелі әрекеттерде нақты жағдай ретінде көрініп, оның қатысушыларынан келісімділікті қажет етеді. [5 стр. 25-29]

Кейіннен бұл қиял елесі жеке әрекет кезінде байқалып, нақты заттарға тірек ретінде қарастырылмайды. Негізінен, қиял елесі кішкентай балаға қоршаған ортаны сезіну үшін қажет, ол диагностикалық функцияны орындайды. Балалар ертегішісі Иб Спант Ольсен былай деп жазған: «Біздер үшін жас балалар үлкен қиялшылдар болуы мүмкін, себебі бала әртүрлі нәрсеге өзіндік түсінік бергісі келеді». Қиял елесі белгісіздіктен пайда болады, себебі оқушы әртүрлі фактілердің шыншылдығына түсінік беруге тырысады. Бұл жағдай ойлау мен қиял елесін тығыз байланыстырады. (Л.С. Выготский) Бұл екі процесс тығыз байланыста дамиды. Осындай интеллектуалды проблемалардың шешімі болып шығармашылық процесі табылады. Дегенмен, қиял елесі тану шекараларын өзгертіп, оқушылардың жағдайларға қатысуына көңіл бөлінеді. Бұл қатысу оның интеллектуалды, сезімдік тәжірибелерінің терең тұрғыда айналадағы табиғатты, заттарды және әлеуметтік жағдайын байқауға көмектеседі[10,11].

Қиялдау арқылы балалар айналаның обьективті заңдылықтарын белгілейді. Жаңа бейнелердің пайда болуы – күнделікті өмірмен байланысты, себебі күнделікті өмір ғана қиял елесінің қайнар көзі. Қиял жас балаға танымдық проблеманың мінездемесін береді. Сондықтан қиял бүгінгі күннің нақтылығы. Реалистік көзқарас бала кезде ертегідегі қиял ретінде байқалады.

Қиял жас балалардың 5-7 жас шамасында елес әлемін дамытып, оны әртүрлі кейіпкерлермен сипаттайды, өйткені оларға арнайы мінездемелер беріледі. Осындай елестерінің құрамында қиялды қорғау функциялары жұмыс атқарады. Демек бұл психологиялық қорғауды құрайды. Шығармашылық мінездеме негізінен балалардың қаншалықты қияли елестерінің ойын әрекеттерінде қолданылатыны белгілі болады. Балалар басқа өзгеше фантастикалық бейнелерді дамытпайды, өйткені олар бар нәрсеге қанағат жасайды. Мұндай әдіс-тәсілдер әртүрлі бейнелермен толықтырылады. Осындай бейнелерді жасауда жас балалар антропоморфизация әдісін қолданады, өйткені өлі заттарды тірілер қатарына қосады, мұндай жағдайлар ертегілерді тыңдау барысында байқалады. [38, стр. 75-78]

Ең қиын әдіс ретінде агглютинация қолданылады, өйткені оны мектеп жасына дейінгі балалар қолданады. Осындай өлшемдердің азайуы нақты бір тұрғыдағы бейнелерді суреттеуге әкеледі. Өнер шығармашылығында балалар фантастикалық бейнелер құрап, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы оның түсін өзгертіп немесе орналасқан обьекттілерге байланысты болып келеді. Мұндай бейнелер нақты мазмұндылықты талап етеді [57]. Ал енді үлкен жастағы балалардың бейнелері әшекейлене түседі. Осындай әдіс – тәсілдерді пайдалану барысында мұндай бейнелер әсемделе бастайды. Дегенмен нақты көрнекілікті сақтау барысында объектілер өзінің орнын таба бастайды.

Баланың қиялындағы бейне негізінен сезімдікті, эстетикалық, танымдық және өзіндік қасиеттерін дамыта түседі. Адам өмірі қаншалықты тәжірибеде мол болса, соншалықты қиял елесіне толы болады. Біз балалардың тәжірибесін дамыта түсуіміз қажет. Бала қаншалықты көрген білгенін өмірде пайдалана білсе, сонда ғана оның қиял елесіндегі әрекеті дами түседі. Ал енді қиялды дамыту үшін баланы эстетикалық тұрғыдағы тәжірибелеріне көз жүгіртіп, бала психикасын әлемдік деңгейге көтеру қажет болып табылады.

Күнделікті өмірдегі сезімталдық байланысын қиял елесімен екі жақты бағытта қарастыруға болады. Әрбір сезім нақты бір бейнеге айналып, оған деген көзқарастарын қалыптастырады. Нақты көзқарас болмаған жағдайларда біркелкі сезімдік бейнеге айналып, біздің көңіл – күйімізбен байланыстырылады. Бірақ осы қиял мен сезім арасында қайта байланыс туындап сезім процесін оятуға тырысады. Мектеп жасына дейінгі бала қиялын дамыту қасиетері:

- қиял елесі мінездемелерді туындатып,оның жоспарын және дамыту жолдарын

қарастырады.

- қиялдау барысында ол оның нақты іс-әрекетіне айналады.

- жас бала бейнелеу кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйренеді.

- қиял елесі ішкі дүниеге айналып нақты көрнекілік тірегінен айырылады.

Соңғы уақытта психологтар, педагогтар, атаналар тарапынан баланың жеке дамуына өте үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жеке шығармашылығы олардың сезімталдығына, сенсорлығына көру, есту, иіс сезу, дәмін білуіне байланысты. Өзін-өзі ұстау және көңіл-күйі оның болашағына мол әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға эмпатия обьектілерін пайдалануда келесі бір бағыттар қолданылады:

а/ балаларға белгілі бір жануарлар мен құстар тобы

ә/ қызықты заттар, оның ішінде ерекше орын алатыны ойыншықтар

б/ өсімдіктер және табиғат жағдайлары

в/ үлкендерде кімнің мамандығы осындай ішкі атрибуттарға сәйкес келеді

Ал әдебиетте балалардың шығармашылық даму қасиеттерінің пайда болуының әдіс тәсілдері көрсетіліп, оның сезім жүйесіне әсер етеді, өйткені ол өзіндік сезім деректерінен тұрады.

Оқушылардың шығармашылық қиял елесінің даму мақсатында эмпатия және эмпатиялық мінез-құлқы тәрбиеленуі - олардың балалық іс-әрекетіне байланысты. Үлкен мен жас бала арасындағы қарым-қатынас көркем әдебиет кейіпкерлерімен бірге қайғыру, әсіресе ертегілердегі сезімталдық қасиеттері, оның ішінде таңқалу, ашу шақыру т.б. іс-әрекеттерден көрінеді.

Бұл әлеуметтік сезімді оятып, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып белгілі нәтижелерге ие болады. Нақты түзу қатарында төмендегідей түрлер қолданылуы мүмкін: шығармашылық ойыншық спектаклі, кейіпкерлермен ойын – пікірлесу, ертегідегі сюжетке байланысты шығармашылық ойын түрлері. Кейіпкерлермен жақындасу бостандық таңдауында және рольдік қиял елесіне - кейіпкерлердің әдіс-тәсілдерін пайдаланып, ересектер үшін балаларға деген терең ойлары арқылы көркем әдебиетін маңызын аша түседі. Осы әдіс-тәсілдердің тиімділігін егер ересектер ескеретін болса, кітаппен жұмыс уақытысында белгілі болады:

а) балалардың кез-келген бір жағдайға деген дайындығы

б) бір кезеңнен екінші кезеңге ауысуы

в) тәрбие процесінде немесе кейбір сезімталдықты коррекциялау үшін әдістемелік құралдарды қайта өңдеп осы көрсетілген құралдарды кейіпкерлермен ойын арқылы байланыс жасау

г) ертегі кейіпкерлерін бүгінгі өмірмен және сезімталдық тәжірибесімен байланыстырып, олар басқа балалармен белсенділік танытса, онда сүйікті кейіпкерлер бұл жағдайда жаңалыққа жақын болады

д) қайғыру арқылы кейіпкерлермен бірге терең мазмұнды шығармаларда драма ойындары қайталанып тұрады. [3, стр. 12-16]

Бірақ бұл бағытта ересектер тәрбие мақсаттарын орындау үшін, ең алдымен жағдай туғызу, эмпатиялық қайғыру арқылы тәртіпке көмектесіп бала арқылы «Мен-кейіпкер» сферасы, «Мен басқа адаммен» деп ауысып тұрады. Ол үшін балаларды біреудің сезімдік жағдайын үйренуге бағыттау, сюжетті шығармашылық ойындар, суреттерді әртүрлі сезімталдық ситуациялар арқылы пайым жасау, қысқаша сценалар ойнату керек. Нақты бір жағдайлар тұрғызу үшін әдебиеттер белсенділік танытады. Мектепке дейінгі балалардың ішкі дүниесін ашып соған байланысты сезімдік қасиеттер туындайды. [20,21,22]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет