Байланысты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж
1.4 Дарынды және талантты балаларды дамытуды болжамдау мәселелері
Дарынды балалардың интеллектуалды тұрғыдан дамуда ең бірінші әсерін тигізетіні ол оның ерте сөйлеуінің дамуы болып табылады. Әртүрлі себептерге байланысты жас бала көптеген сөздер мен мәліметтердің маңызын түсіне біледі, соның нәтижесі ретінде ерекше жылдамдықпен оқу бағдарламасын қабылдайды. Демек егер оқу деңгейі мен оның шапшаңдығы баланың талабына сәйкес келмесе, онда оның тұлғалық және танымдық қасиеттеріне нұқсан келтіріледі. Сондықтан тез арада мәліметтермен алмасу, қызығушылық қасиеттері бойынша оқу бағдарламасын қабылдауда мезі қылып оның уақыты бос кетеді. Ол келесі бір аналогия жылдамдату стратегиясының қаншалықты керек екенін байқатады[54,59]. Дарынды бала жәй сыныпта стандартты оқу бағдарламасымен білім алса, онда бұл жағдай келесі бір оқушы ақыл есі кемтар балалардың сыныбында білім алумен тең. Демек мұндай жағдайда бала басқа өзінің құрдастарына ұқсап баққысы келіп,келешекте оның тәртібі сыныптағы оқушылардың ісіне тән келеді. Көптеген зерттеулердің нәтижелері бойынша, егер бала ақыл-есі дамыған сыныпта білім алса, оның басқа сыныпта дарынды баланың білім алуының арасында үлкен айырмашылық туындайды.
Себебі ұстаз ақыл-есі дамыған оқушылар үшін арнайы дайындықтан өтсе,онда ол дамуы дұрыс баланы тез анықтаса керісінше жәй мұғалім, өзінің сыныбындағы дарынды баланы анықтауы қиынға соғады. Көп жағдайда дарынды балалардың жәй сыныпта білім алуы проблема туындатады, өйткені мұғалім оның басқа балалардың ішінен анықтауы өте қиын, себебі ол мұғалім оның интеллектуалды дамуымен таныс. Бірақ ата-ананың тарапынан туатын жан-жал кездейсоқтық емес. Тиімділігі: мамандардың ойынша жылдамдық қандай түрде де болмасын, әйтеуір бір оқу бағдарламасына еніп, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеті дамыған балаларға әсерін тигізуі тиіс, сонымен қатар жылдамдылық дарынды балаларды оқытудағы әмбебап стратегиясы емес екеніне бірыңғай пікір білдіреді. [17,18]
Сондықтан кейбір бағдарламадағы өзгерістерге сәйкес, оның мектептегі жылдарын қысқартады. Психологтардың бірнеше жылдар бойына жүргізген зерттеулеріне көз жүгіртсек, интеллектіні дамытудағы жылдамдылық олардың басқалармен араласуына әсерін тигізбейді. Егер жылдамдық өз дәрежесінде жүргізілсе қателіктердің болуы аз. Бірақ бұл жағдай тапсырыстың жоғарғы болуынан да болуы мүмкін, егер ол баланың қасиеттері мен дене дайындығына сәйкес болмаса. Егер ата-аналар тарапынан оқушыға қысымшылық көрсетілсе, онда ол оның түсінуіне және сыныптастарымен ұстаздармен деген қарым-қатынастарының бұзылуына әкеледі.
Жылдамдымдықты пайдаланудағы критерийлер және оқушылардың жылдамдықты оқу бағдарламаларына енгізудегі қойылатын негізгі талаптар:
- жылдамдатудағы оқушылардың қызығушылығы, соған байланысты ол қай
білімге енгізіледі;
- әлеуметтік-сезімдік жоспар негізінде баланың дайындығы.
- ата-аналардың келісімі, олардың тарапынан белсенділік қажет емес.
Жылдамдатудың түрлері:
- ерте мектепке қабылдануы
- жәй сыныптағы жылдамдылық
- бір сыныптан екіншісіне секіру
- тереңдетілген сыныптар
-радикалды түрде жылдамдатууниверситеттік бағдарлама негізінде дайындалу
-жекеменшік мектептер
-жоғары оқу орындарына ерте бастан қабылдануы
Зерттеушілер жылдамдықтың түрлерінің барлық жас ерекшеліктері деңгейінде зерттеп, олардың оқу бағдарламалары мен оқу тәсілдерінің мазмұнын бір уақытта өзгеруіне байланысты екендігін анықтады. Таза жылдамдату кей жағдайда жедел жәрдемді еске алдырады, өйткені жедел түрде сирек қабілетті балалардың дамуы проблема туындатса да, олардың негізгі танымдық үрдістері көп өзгермейді. Сондықтан тек «жылдамдықты» пайдалану мүмкін емес. Өйткені оқу бағдарламалары негізінен екі стратегия арқылы пайдаланады - ол жылдамдылық және сапаландыру. [18]
Оқу сапасы және оның стратегиялары:
Оқу сапасының стратегиясы баралардың бір қасиеті ретінде прогресті альтернативаның жылдамдылығы болып ертеректе пайдаланылады. Алдыңғы қатарлы педагогтар баланың жеке тұлға ретінде дамуына қам жеген, себебі сапаның мақсатсыз жылдамдықпен асырылуы баланың жолдастарының арасында сезімталды болуы, оның бір уақытта өзінің интеллектуалды қасиеттерінің белгілі бір деңгейде дамуы - қазіргі таңда да көптеген мамандардың жадысында сақталған. [18, 96-97]
Тік және көлденең сапа.
Көп жағдайда сапа тік және көлденең болып дифференциалданады. Тік сапа тез қозғалып белгілі біз заттың аймағында жоғарғы деңгейлі танымдылық қасиеттеріне әкеледі. Сапа стратегиясы бірнеше бағытты құрайды: ой-өрісінің дамуы, танымдық және қоршаған орта туралы білім. Осы білімдердің даму құралдары - танымдық процестердің сапасы. Оқушылардың ойлау процестерінің дамуында сапаның алатын орны зор. Бұл жерде ерекше орын алатыны ол психологиялық жолдардың интеллектіге және танымдық іс-әрекеттеріне қатысы. Дж. Пилфордың жұмыстарынан байқағанымыз, ол кейбір факторлардың интеллектінің ойлау операцияларын орындалуына мән береді. Психологтар осындай проблемалар оқуына аса назар аударуда. Осы нәтижелерді шешуде жалпы үйрену жолдарын ендіреді, олар :
- проблеманы шешу
- әртүрлі шешу нұсқаларына сараптама жасау
- әрбір нұсқауға баға беру
- табылған заттарды қорытындылау
Осындай шеберлік зерттеушілік себептермен байланыстырылып ойлауды критикалық тұғыдан қарастыруға мүмкіндік береді.Танымдық процестерді дамыту оқу бағдарламаларына ойын белсенділігінің әртүрін енгізеді: шахмат, математикалық және логикалық ойындар; компютерлі ойындар арқылы өмірлік жағдайларды моделдеу. [18, 98]
Оқуға байланысты дидактикалық әдістер
Көптеген отандық педагогикалық психологтардың дидактикалық әдістері балаларға деген ойлау қабілеттері және қасиеттерімен сәйкестендіріледі. Бұл маңызды және мазмұнды пікір (В.В. Давыдов) арқылы белгіленеді: оқуға деген проблемалық жол арнайы сигналдар мен кестелерді қолдану және дидактикалық өдшемдердің күрделі түрде пайдалануы болып табылады.
Бұл тәсілдердің бірі дарынды балаларды оқытудың жағдайларын зерттеу. Оқу сапасы арнайы түрде шығармашылық ойды дамытуға арналған. Осы мәселені шешуде белгілі техниканы пайдалану, тұлғалардың дамуына релаксация жаттығуларын ендіріп, визуализация медитацияларын ұйымдастыру маңызды.
Түзету дамыту және интегративті бағдарламалар
Дарынды балаларға әртүрлі мінездемелер беріледі, көптеген психологтар, педагогтар әлеуметтік – сезімдік сферада арнайы бағдарламаларды қолдануды ұсынады. Олар әртүрлі сезімтал және тәртіп жағынан қиындық көрген дарынды балаларға, дамыту сезімдік сфераны күшейтуге арналған, оны жүргізуде ойын тринингтерін жаттығуларын пайдаланып, сензитивті түрде пікірлесу ұжымдарда ұйымдастырылады. Интегративті бағдарламалар танымдық және сезім компоненттерін құрайды, олар өмірлік жағдайларды және өзіндік белсенділікті зерттеу проблемалары болып бағытталады. Американдық педагог Дороти Сисктің ойынша өмірлік жағдайларды зерттеу дарынды балалар үшін маңызы зор, өйткені олар тез оны талдап, сезімтал болып келеді. Сезімді және танымдық әрекеттерін қарастырып балаларға әсер етеді. Олар:
- таңдау жасауға
- таңдау жағдайында альтернативті жолдарын ізденуге
- әрбір таңдаудың қорытындысын бағалауға
- балаларға маңызды екенін бекітуге
- өзіндік өміріне баға беруге көмектеседі. [48,49]
Өзіндік белсенділіктің бағдарламалары гуманистік психологияның дәстүрлі проблемалары негізінде құрылып, зерттеу нәтижелері бойынша тұлғалық қарым - қатынастарға өзіндік баға беру болып жалғасады. Жылдамдату және сапалы стратегияны салыстыра келе оның бір қойылған мақсаты пен міндеттерінің екіншісіне ауысуы, не қажет ететінімізді белгілейді. Осы стратегияның қаншалықты тиімді және тиімсіз екені белгілі. Сонымен дарындылықты сақтау және дамыту – қоғам прогресінің проблемасы және өзіндік өмірдің шығармашылық потенциалының таратылуы.
Біздің елімізде 60-шы жылдардан бастап арнайы сыныптар мен мектептер бар, онда оқушылар өздерінің қабілеттеріне байланысты таңдалып алынады. Нақты бір пәнді тереңдетіп оқытуда арнайы бағдарламалар пайдаланады. Нәтижелер бойынша байқағанымыз-бұл сыныптардағы балалардың жетістіктері жәй сыныпта оқитын балаларға қарағанда көп ерекшеленеді. Шет мемлекеттерде басқа ұйымдастыру формалары бар. Оның біреуі бір сынып ішінен ойлау дарындылықтарына сай топ құру. [41,43]
Дарындылар өз сыныбында да білім ала алады. Егер бұл оқушылар арнайы бір бағдарламаның негізінде білім алса оның тиімділігі зор, егер олар топта білім алса, оның әсері аз. Тағы бір жағы – ол бірнеше сыныптардың негізінде интеллектісі жоғары топ құру. Сонымен оқудың академиялық дарынды балаларға егер арнайы бағдарлама жөнінде болса әсері жоғары болады. Батыста дарынды балаларға арналған арнайы мектепке өздерінің кері пікірін білдіреді. Көп жағдайда осындай жағдайлар өздеріне деген баға беруін жоғарлатып жібереді. Бірақ зерттеу нәтижелері бойынша керісінше баға беріледі. Басқа балалармен бірге оқу - егер олар жоғары ойлау деңгейін көрсетсе жан - жақты білім алмай күнделікті ойын білдіреді. Қиындық тудырудың тағы бір кемшілігі келесі бір оқушының басқа өте дарынды балалармен білім алуда оның өзінің лидерлі статусының төмендеуінде. Ал енді жәй сыныпта білім алатын балаларға келетін болсақ, интеллектуалдық жұмыстар өте әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселесі - ол біркелкі ойлау қабілеттеріне сай зерттеу келешекте керек. Бұл пікірталас проблемасы нақты әлеуметтік психологиялық жағдайларды ескере отырып шешілуі қажет. Себебі дарындылық өзіндік және қайталанбас нәрсе болғандықтан әр бала үшін бөлек қаралуы тиіс. [39, 65]
4-5 жастағы балалардың іс-әрекеттерінде шығармашылық қабілеттер даму үстінде, себебі 5 жас шамасында болашақ туралы қиял туады және бұл жағдайлар ситуативті болып, балалардың сезімталдығына байланысты болады. Дарынды балалар үшін танымдық дамудың әсері өте мол. Қабылдауларына қарай олар айналадағы жағдайларға қызығушылық тудырып, әрбір заттың құрылымына назар аударады. Олар әртүрлі процестерге назар аударып, белсенділене түседі. Дарынды балалар жоғарғы деңгейде сөз қорымен қаруланып, оны еркін және нақты пайдаланады. Бірақ көп жағдайда олар өздері сөздер құрастыру мүмкіншілігіне иеленеді. Сонымен қатар дарынды балалар белгілі жағдайларға байланысты дайын есептерге бой ұсынбайды. Демек олардың назар аударуы және әрбір қиыншылықты шешуде ерекше жалғасын табатын кезеңдері орын алады.