Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет7/20
Дата26.01.2022
өлшемі461,01 Kb.
#115044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж

1.3 Дарындылықтың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы

Адамның шығармашылық қасиеттері өте ерте пайда болған, оның интенсивті түрде дамыған кезеңі 2-5 жылды құрайды. Осы жаста тұлғалық фундамент өзінің орнын тауып іске асырылады. Осыған байланысты бірінші қасиеттер әртүрлі іс-әрекеттер ретінде қарастырылады. Демек осы жерде шығамашылық қасиеттер пайда болады. Атаналар, тәрбиешілер, мұғалімдер ең алдымен балалардың талпынысын ескере білу қажет. Ерте кезде жас балалардың шығармашылық дарындылықтарының себеп-салдарының қасиеттерін тексеріп, соған байланысты қорытындылар жасау дұрыс. Білімге құмарлық пен қызығушылық әрбір дамуда өзінің нүктесін таба алады. Балаларды зерттеудегі ең басты аймақ – ол оны көзден таса қалдырмау. Шығармашылық нүктелердің даму диапозоны шексіз. Мұндай жекешелік таңдау табиғатқа тең келеді, өйткені өнер, ғылым, техника, спорт және мамандық әлемімен әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Тағы бір кезеңнің нүктесі-ол еске сақтау, себебі ол арнайы талантқа мінездеме беріп, таңдауға тиімділік тигізеді. Ең күшті еске сақтау абстракті ойлау мен алғашқы сөздік дамуына байланысты.

Дарындарды анықтау қасиеттері санаттар және түрлерге бөлініп, ақпарат пен тәжірибелерді құрап алынған білімдерді пайдалануына болады. Осындай санаттылықтың түрлері суреттеліп жинақталады. Дарынды балаларды ерекше түрде анықтауға назар аударады, сонымен қатар қызығушылығымен туындайды. Талантты балалардың дамуынын анықтауда төмендегідей жолдар өзінің орынын табады. Бұл жерде өте ерте дамыған қасиет – ол әділеттілік сезімі, себебі сол арқылы өзіне және өзгелерге деген жоғары талаптар қойып әділдікке, табиғатқа деген сүйіспеншілік пайда болады. Ең ақжарқын қиял кішкентай таланттар үшін бүкіл фантастикалық өмірімен қоса оның ашықтығын, байлығын көрсетеді [58,59]. Дегенмен біраз уақыт өткеннен кейін оның жартысынан көбі жұмыста, өмірде болсын ойын элементтерін сақтап, шығармашылық ыңғайы орын алатыны белгілі. Сонымен қатар, дарынды балалар үшін тағы бір қажетті қасиет ол қорқақтықты ұлғайту, өйткені оның көптеген қауіпті түрлерін көрсетуге болады. Олар сезімталдық пен шыдамсыздықтан туындайды. Мектеп жасында шығармашылық қасиеттерінің бір индикаторы – ол оқу курсының тақырыптары, сұрақтар мен тілек – ықыластар арқылы оның нәтижесіне жетуге болады. Егер қандайда болмасын бір затқа үлкен қызығушылық туындаса, белгілі бір арнайы қасиетер пайда болады. Дарынды балалар үшін танымдық қасиетер тән.

1) Қабылдау мәнін тез ажырату үшін олар ең алдымен әлемдегі барлық өзгерістерді байқап, олардың құрылымын анықтауға тырысады. Олар сонымен қатар белсенді түрде әртүрлі процестерді анықтап зерттейді.

2) Талантты балалар әртүрлі заттар мен жағдайлардың байланыстарын қабылдап, соған орай қорытынды жасап, қиял елесінің альтернативті жүйесін құрады.

3) Егер еске сақтау қабілеті ерте тілдік даму қасиетерін байқатса, онда ол баланың сол алған ақпараттар мөлшерін өмірде пайдалануына болады.

4) Дарынды балалар негізінен ерекше сөз қорымен танысып, оны анық және нақты жеткізе алады. Бірақ кейбір жағдайда олар өз сөз қорын құрап шығарады.

5) Ұзақ уақыт ішінде пікірлік қасиеттерді қабылдау арқылы олар кейбір практикалық іс-тәжірибелерінің нәтижесін түсінеді.

6) Олар өзінің жалғасын табатын концентрация деңгейімен таныстырылып, қандайда болмасын бір шешімнің нәтижесіне байланысты болады. [53,59]

Психоәлеуметтік сезімталдық:

1.Дарынды балалар әділеттілік сезімін тез анықтап таңдау мен талдаудың озуын дамытады.

2.Олар өздеріне және басқаларға жоғары талап қоя біледі.

3.Қиял елесі өзінің құрамына шешілмеген мақсаттарды енгізе отырып, шығармашылық және бай фантазиясын үсыну дарынды балаларға арналған .

4.Олар әзіл-сықақ сезіммен шоғырланып күлкі, ойын сөздерін қабылдай біледі.

5.Дарынды балаларға жас ерекшеліктеріне сай сезімталдық қасиеті жетіспейді.

6.Олар үшін сезімталдық басым және қорғау қасиеті жоғарғы деңгейде болуы мүмкін .

7.Эгоцентризм бұл жаста басқа балалардың кіндей болады.

8.Көптеген дарынды балаларда өзінің құбылыстарымен қарым-қатынастарында негативті түрде дамыған. [31, стр.34-38]

Дене дамуына мінездеме:

1.Дарынды балалардың ең жоғары айырмашылығы ол энергетикалық деңгей, өйткені олар басқаларға қарағанда аз ұйықтайды.

2.Олардың моторлық координациясы көп жағдайда танымдық қасиеттерінен төмен болып келеді.Талант және дарындылық әртүрлі интеллектуалды және жеке қасиеттер арқылы білінеді. Н.Б. Шумакованың зерттеулерінде сұрақ қоюды дамыту қасиеттері ізденушіліктің бір түрі ретінде қарастырылып, шығармашылық белсенділігі 5 жылдан 20 жылға дейінгі деңгейді құрайды.

3.Дене, интеллектуалдық және әлеуметтік даму жағдайларының ерекшеліктері. Көбінесе дарынды балалар өздерінен ересек жеткіншектермен араласқанды жөн көреді, мүмкін соның салдарынан болар, олардың лидерлік сатыдан көрінулері өте қиын .

4.Кемеліне жету . Дарынды балалар үшін қажет қасиет оларда ішкі кемеліне жетуде өздеріне деген төмен баға берушілік туындайды.

5.Ересектердің оларға деген қажеттілігі. Көп жағдайда дарынды балалар танымдық қасиеттерін күшейтуде ұстаздардың, атаналардың және басқа да ересектердің назарынан тыс қалып қояды. Бұл басқа балалармен қарым-қатынастарына әсерін тигізеді. Сондықтан дарынды балалар өздерінен кейінгілерге жоғары бағада қарауға, ал құрдастарына үлкен шыдамсыздықпен қарауға тырысады. [8, стр. 76-78]

Бүгінгі таңда дарынды балалармен жұмыс жүргізу мақсатында арнайы бағдарламалар ұсынылса, көптеген мемлекеттерде дифференциалды оқуға бет бұруда. Сол үшін бағдарламалар жасалынып, оның нәтижесінде оқушы еркін қимылдайды. АҚШ-та дарынды балаларға арнайы оқу курстары құрылып, оқу шарттары арқылы жеке қасиеттерін айқындап, оқушы мен ұстаздық арасында тығыз байланыс орнатуда; бұл ұстаздарға уақытты үнемдеу болса, оқушылар үшін жеке темпте жұмыс жасау. Егер баланың интеллектісімен танымдық қасиетеріне ерекше көңіл аударылса, диагностиканың нақты әдіс-тәсілдерін сирек кездесетін қабілетті балаларды анықтауға болады ма деген сұрақ туындайды. Демек, дарынды балаларды оқытатын бағдарламалардың жәй оқу бағдарламаларынан айырмашылығы неде? Білім саласына қатысы бар адамдардың ойынша мұндай балаларды оқытулар олардың сұраныс-талаптарына сәйкес болуы тиіс. [25, стр. 15-25]

Бірақ оны өмірде қалай қолдануға болады? Дарынды балалар бір-біріне ұқсас емес және мінез-құлықтары өздерінің қасиеттеріне тән емес. Икемді бағдарламалардың өзінде жұмыс стильдерінде танымдық процестерін дамытуда көптеген айырмашылықтар кездесуде. Бірақ ойлау қабілеттері жоғары балалар бәріне ортақ жалпы қасиеттермен таныс, оны оқу бағдарламаларында ескерген жөн. Осындай қасиеттерге төменгілер жатады: тез арада принциптердің, ережелердің мағынасын түсіну қабілеттері.

Мұндай қасиеттер тақырыптардың, деректердің жан-жақты болуын талап етеді, бұл жерде тәртіптіктің алатын орыны зор – туындаған проблемаларға назар аудару дәстүрлі оқуда орын алады, сондықтан өзіндік жұмыстар арқылы арнайы оқу бағдарламаларында қаралып танымдық қасиеттерін дамытуы қажет. Арнайы оқу бағдарламаларында мақсатты бағытта танымдық процестердің жоғары деңгейде дамуы арқылы оны сапалы деңгейге көтеріп, әртүрлі қайталаулардан арылтады. Басқа жолдастарына қарағанда қорқыныш пен үрей туындайды. Оқу бағдарламасына аффективті компонентті енгізу барысында балаға өзін-өзі түсінуіне және солармен бірге оларды қабылдауына мүмкіндік жасалады. [10,11] Дарынды балаларды оқытуда әртүрлі стратегиялар орын алуда, сол үшін де арнайы оқу бағдарламалары жасалуда. Оқытуды жылдамдату. Оқыту сұрақтарының түрлілігі бүгінгі таңда ғалым психологтар және мұғалім атаналардың арасында туындап отырған талас. Көбісі оқытуды жылдамдату дарынды балалар үшін тиімді десе, келесілері жылдамдатуға жол беру ол жоғары деңгейлі дарынды балалар үшін бір жақтылықты көрсетеді, өйткені олардың әлеуметтік және құрбыларымен араласу жолдарын қарастырмайды. Сонымен қатар тағы бір сыныптан екіншісіне секіру түрі, себебі оның басқада түрлері бар екенін ұмытпаған жөн. Жылдамдату оқытудың шапшаңдығының өзгеруіне байланысты, өйткені ол оның мазмұнына әсерін тигізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет