Кіріспе. Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет11/16
Дата24.02.2022
өлшемі450 Kb.
#133269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
stud.kz-16742
Тарих емтихан нақты, Lesson 4 Variables, aliya syrga, кр.сод.лекций тжт (1) (2), Б Ж аза мемлекетіні сырт ы саясаты мен дипломатиясы, Турсинханова Айсулу 107 топ химия, IDZ plati.ru, Тест 5 Модо 9 класс (1), БАЯНДАМА ҰРЫҰТАНУ, ИКТ СӨЖ 6 ТЕМА
3.1. Галактикааралық газ.
Егер галактикааралық газ нейтраль сутегі атомынан тұратын болса, онда алыс галактикаға шығаратын сәулелерді жұтып, өзін байқатқан болар еді. Бұл жұту өте ұзын толқындарда белгілі. Ондай жұтулар   см радиодиапазон сызығында жатады. Алайда мұндай толқын ұзындығында жұтылу бақылау сезгіштігінің шегінде тіркелген жоқ. Осындай галактикааралық сутегі атомының концентрациясының жоғарғы шегін жуықтасақ, 3*10-6 атом/см3 шығады . Ол төменгі шегіне жуық. Ал, төменгі шегі 4*10-6атом/см3 жоғары дәлдікпен жүргізілген өлшеулер спектрдің басқа аймағында толқын ұзындығы 1216 А0 болатын ультракүлгін аймақта жүргізілген. Жалпы атмосфера ультракүлгін сәуленің азғантай бөлігін өткізетіндіктен, бұл сызықта жұтылуды тіркеу, Жерге байланысты бақылау мүмкін емес. Бірақ, егер ультракүлгін сәуленің көзі үлкен қызыл ығысу алса, онда бұл сәуле спектрдің көрінетін аймағына ығысады. Егер жұтушы газда үлкен қызыл ығысу алса, онда жұтылу болатын толқын ұзындығы табылады.





С урет-6. 1216А0 толқын ұзындығындағы галактикааралық сәулеленудің жұтылуы қызыл ығысу спектр көзінде көрінеді.


Мұндай көздер қазір белгілі. Олар әйгілі квазижұлдыз нысаналар немесе квазарлар деп аталады. Бірақ олардан ешқандай жұтылу байқалған жоқ. Осы қорытындылар галактикааралық атомның сутегі концентрациясына қатаң шек қояды. Атомның сутегі 1216А0 толқын ұзындығында 21 см толқын ұзындыығнан анағұрлым күштірек болғандықтан, концентрацияның жоғарғы шегі шамамен
10-12 атом/см3, яғни бұрынғы табылған мәннен анағұрлым кіші болу керек. Сондықтан, біздер галактикаралық сутегі тығыздығын 10-5атом/см3 шамасындай деген болжам айтамыз. Бұл сутегі атомдары иондалған немесе өте біртексіз бөлінген болу керек, яғни негізінен галактиканың жинақталған аймағында болады. Егер сутегі бірқалыпты бөлінген және иондалған болса, онда кез-келген уақыт моментінде 107 бөлшек нейтраль болып қалады деп болжауға болады.
Онда қалайша осындай жоғары дәрежеде ионизация қамтамасыз етіледі? Мұндай сұраққа жауап мынадай болады. Газ жоғары кинетикалық энергия температурасында және бөлшектің бір-бірін жиі соқтығысуынан иондалған күйін сақтайды. Концентрациясы 10-5 атом/см3 газда тенмпературасы ең болмағанда 7*105 К болу керек. Ал, жоғары концентрация үшін теппература одан да жоғары бола алмайды. Әйтпесе ыстық газ өте қуатты рентген сәулелерінің ағынын шығарған болар еді. Рентген сәулелері Жер атмосферасына жұтылған болар еді. Бірақ рентген сәулелерін атмосфераға ұшып жүрген спутниктер тіркеген еді. Бақыланған космостық рентген фонының жоғарғы шегіне сәйкес температурасы шамамен 106К, егер концентрациясы 10-5атом/см3 болса, болашақ бақылаулар жұмсақ рентген сәулелерін өлшеуге арнаалды. Ол бақылаулар мүмкін температураның жоғарғы шегін 3*105К-ге дейін жылжытуы мүмкін. Бұл мән температураның максималь мәні болуы мүмкін. Себебі, бұл әдіспен анықталған максималь мәні жұмсақ рентген сәулелері біздің галактикаға жұлдызаралық газбен жұтылады. Бірақ осының өзі галактикааралық газдың концентрациясы 10-5атом/см3 деп санауға жеткілікті. Сонымен, қазіргі кезде біздер галактикааралық газдың температурасы 106К-ге сәйкесті концентрацияда болады деп санаймыз. Космос сәулелерінің ағыны гаактикааралық кеңістікте біздің галактика ағынының 1/1000 шамасындай болса, осы 106К температураға дейін қыздыру жеткілікті болады. Брақ, галактикаралық кеңістіктегі космос ағынының нақты саны белгісіз. Бірақ, бақа әдістер арқылы балама есептеулер оның ауданына осындай болатынын көрсетеді. Егер болашақта бақылаулар галактикааралық газдың концентрациясы 4*10-6 атом/см3, яғни төменгі шегінен көп кем болса, онда біз 1/r инерциал әсерлесу заңынан бас тартпаймыз. Біз біріншіден, галактикаралық газ біртексіз бөлінген деп санаймыз. Негізінен галактиканың жинақталған аймағында газ бірқалыпсыз таралған. Бұл жағдайда оны ұстау қиынға соғады, алайда астрономдар бірінші дәрежелі құралдардың арқасында мақсаттарына жетеді. Екіншіден, галактика кеңістігіне концентрацияны бірқалыпты газдың өте төмен концентрациясында шамамен 10-6атом/см3 жіберген, біз ескермеген сызықты емес мүшелері болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет