«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Дәрістің мазмұны 1.Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері



бет53/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86

Дәрістің мазмұны

1.Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері


2.Жасөспірімдік шақтағы когнитивтік даму

Мақсаты: Жасөспірімдік шақтағы психикалық даму жөнінде түсінік беру.

1.Жасөспірімдік шақтағы даму міндеттері


Жасөспірімдік кезең бала дамуының қарқынды кезеңі. Осыған орай әрбір кезең өз алдына жаңа міндеттер ұсынады. Жасөспірімдік кезеңнің де өз алдына міндеттері бар:

1) Ата-аналарынан бөлектеніп тәуелсіздік алу.



2) Мен концепциясының қалыптасуы, тұлғалық элементтерінің қалыптасуы.

Анна Фрейд бұл кезеңді қатты толқыныс қақтығыс кезеңі деп атады.Жасөспірімдіккезеңде қалыпты мінез көрсетудің өзі қалыпсыздық деген.Фрейд ілімін жақтаушылар биологиялық жетілу және жыныстық қызығушылықтың жоғарылауы баланың ата-аналармен, құрдастарымен, өзімен-өзі келіспеушілікке алып келеді. Жеткіншектің конфликтіге келуінің бірден бір себебі тәуелсіздік алу. Психолгтар тәуелсіздікке ұмтылу ынтасын өзін-өзі реттеуге жатады деп анықтады.Тәуелсіздікке жеке пікіріңді айту және мінез-құлықыңды реттеу кезінде көрінеді. Егер біреудің өзбеттілігін көргіміз келсе біз « өзің ойла» деп айтамыз.Адам өмір жолында тәжірибені меңгеру барысында есейеді және бірде тәуелді бірде тәуелсіздік көрсету қабілетін талап етеді. Балалық кезімізде біз әртүрлі ролдермен байланыстыра отырып өзімізге талдау жасаймыз. Мысалы; үлкен апа, дос қызымыз. Өзіне ұқсас ролдер туралы ұғымдар және бағалылықтарды референтті топтардан алады. Референтті топқа күнде өзіне жақын адамдар, олар жасөспірімнің қызығушылығын бөлісетін, идеялын бөлісетін, бір жас кезеңдеріне жататын адамдардан тұрады. Кейде жасөспірімдер топтық адамдарды емес, бір адамды бағалайды. Ол маңызды адам болып табылады. Маңызды адамға өзіне жақын досы, жақсы көретін мұғалімі, үлкен аға, апасы, киножұлдыз, спорт жұлдызы болуы мүмкін. Э.Эриксон өмірінің көп уақытында жасөспірімдермен жастармен жұмыс жасай отырып клиникалық психологияға көп көңіл бөлді. Осы кезеңді зерттей отырып ол бұл шақта маңызды орынды ұқсастық (идентичность) маңызды орын алатынын атап көрстті. Ұқсастық бұрынғымен байланыста, қазіргі және болашақтағы индивидумды қамтамасыз етеді. Адамның әртүрлі өмір сферасында бір жүйелі мінез-құлықты қалыптастырады. Эриксон ұқсастықтың 4 вариантын ұсынды оларғы: алдын-ала шешілу, диффузия, мораторий және жетістік. Алдын-ала шешімділік статусында қызбалалар мен ер балалар өзбетімен шешім қабылдау кезеңінен өтпей отырып, жауапкершілік алған. Олар өздеріне мамандықты, дінді, идеологияны, алдын-ала жасөспірімдер үшін ата-аналары, мұғалімдері, таңдаған. Дифузия сттусында жасөспірімдер өмірлік бағытына деген сезімі, мотивациясы жетіспей оны іздеу кезеңінде кездеседі. Олар дағдарысқа кезікпеген және кәсіби ролін таңдамаған және моральдық кодексін таңдамаған. Мораторий статусында дағдарыс әлі де жалғасуда және нағыз орталығында кездеседі немесе шешім қабылдау деңгейінде. Бұл кезеңде жасөспірім өзін-өзі іздеумен жүреді. Жетістік статусында олар дағдарыстан өткен, таңдағанын өмірлік жолмен байланыстыра алады. Оның нәтежиесінде олар өздері еңбекті таңдайды, өмірсүруге ұмтылады, белгілі бір адамгершілік мінез-құлқы қалыптасқан. Мораторий статусындағы баларларда үрейлену, шешімсіздік, өзіне-өзі сенімсіздік болады. Мұнда жеткіншектер ата-аналармен екі түрлі қарым-қатынаста сүйіспешілік және жеккөрушілікте болады. Олрады ата-аналарының қолдамауы қолқытады және бостандық алуға күреседі. Алдын-ала шешілген статустағы балаларда үрейлену сезімі болмайды. Бірақ өмір жолында өзбеттілік көрсету кезеңінде шешім қабылдай алмайды.Дифузия статусындағы балаларда ата-аналары көп көңіл бөлмеген мәселелеріне көңіл аудармаған отбасында болады. Олар көбіне нашақорлықпен, алкогализммен айналысады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет