Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет25/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
КЕШ КЕЛГЕН МАХАББАТ 
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен... 
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен. 
Арттағыға сөзің мен ісің қалса, 
Өлсең де өлмегенмен боласың тең... 
Абай 
«Махаббат неғұрлым кеш оянса, 
соғұрлым қауіптірек».
Д. Джеррольд
Жадыраның курорттан оралғанына бiрнеше күн болды. Бiр айдай 
көрмеген ұл, қызы да, жастай қосылып, өмiр кешкен жолдасы Бектай 
да қуанып, мәре-сәре болуда. Бұл кеткелi бергi өзгерiс, жаңалықтарды 
күйеуi айтып, дос-жолдастары арасындағы, оқитын жерлерiндегi 
қызықтарды әңгiмелеп Ержан мен Маржан да әлсiн-әлсiн аналарын 
жағалап келiп кетедi. Өйтулерiнiң себебi – ол бұған дейiн ешқайда 
алыстап, ұзаққа кетiп көрген жоқ едi. 
– Жұмыс орнымнан бiр жолдама табылып тұрғаны..., демалып, 
емделiп барып қайтсам қайтер екен? – деп әйелiнiң қорғаншақтай 
сұран ғанына Бектай келiсiм берген едi. Соңғы кездерi жиi ауырың-
қырап, жүдеңкiреп, жұмыстан, үй-тiрлiгiнен, айналадағы екi жақтың 
туыстарының, бұлардың мойындарына артылып тұрған талай-талай 
таусылмас күйбеңiнен шаршап жүрген жұбайын бiр жағынан аяса, 
екiншi жағынан орта жастан асып кеткен әйелдi қызғанудың ыңғайы 
жоқ шығар деп ойлап, оңтүстiк курортқа жiберуге рұқсатын берген-дi. 
Биязы мiнезiмен, сыпайгершiлiгiмен, бiр қарағанда әдемi, сұлуша 
өңі бiрден адамды өзiне қарататын Жадыраны жас кезiнде ерi талай 
қызғанып, шу шығарып, қолы да тиетін, ал жаны нәзiк, сезiмтал, сыр-
шыл мiнез келiншек iштен тынып, көз жасына ерiк беретiн. Бұл мiнезiн 
де қояр, жақсы көргендiгiнен шығар... басылар, – деп жүргенiнде қызды 
болды. «Балалы болдық қой, ендi қояр ол мiнезiн, қадiрiме жетер« 
деп өзiн-өзi алдаусыратып өмiр кеше бердi. Тұңғыш баланың бағым-
күтiмiнiң қиыншылығымен жүдеп-жадап жүргенінде, ұлына жүктi бол-
ды. …Әйтеуiр, не керегi бар Алла тағала дегенiң бала сүюдiң тәттiлiгi 


57
Тіршілік
мен азабын қатар берiптi. Едел-жедел екеуiн өсiрудiң машақаты, 
мiнезi қиямпырыс күйеудiң күтiмi, бабын табу, үй-iшiнiң ұшы-қиыры 
жоқ күйбеңдері, жетiмсiз дүние, әсiресе тұрақты баспананың болма-
уы жас келiншектi аямай езгiлеп, томаға тұйықталып, «шықпа жаным, 
шықпамен» күндерi өтiп жатқан едi. 
Кейiннен пәтер алды, бiрақ оның өз қиыншылығы бiрге келдi. 
Iшiне қажеттi заттар алулары керек болды. Ана жерiн, мына жерiн 
жөндеу, ауыстыру тағы сол сияқты көптеген жайлардан баяғы 
жетiмсiздiктiң арқасында бiраз қиыншылық көрген соң балалар-
ды жастай балабақшаға орналастырып, Жадыра жұмысқа шығып 
кеткен-дi. Балалары жиi ауырады. Жұмыстан көп қала берсе орыннан 
айрылып қалуы ықтимал, бiрде өйтiп, бiрде бүйтiп жүрiп, амалдап, 
тiрлiк қылып өмiр сүрдi. Өмiр сүрдiм дегенi құмырсқа тiрлiк қылғаны 
екенiн ойлап, кей-кейде мұңайып та алады. Сол балалары есейген 
соң барып Жадыраның жаны тынышталып, өңiне қан жүгiрiп, толыса 
бастаған-ды. Өзiмшiл, алкеуделеу, әпербақандау мiнезi бар күйеуiнiң 
сырына әбден қанықты. Соның иiне жығылып, илеуiне көнiп алған. 
Жай кездерi тыныш, жайбарақат көрiнгенiмен, жиын-тойға барғанда 
iшiмдiктiң ағын да, қызылын да тартынбай iшетiн Бектай құтырынып, 
екi көзi қызарып, тисерге қара таппай, шарықтау шегiне жеткенде бiр 
орынға байыз тауып отыра алмайтын халге жетедi. Онсыз да үндемей 
отырған әйелiне бiрдеңе деуге ұялғандай басқаларға тиiсе бастайды. 
Жадыра сәл ескерту жасағысы келiп байқаған болатын, құдай сал-
масын, отырған дүйiм жұрттың көзiнше сыбап, түгiн қалдырмаған... 
Сондықтан, үндемей құтылады, немесе «ауырып» қалып тезiрек үйге 
алып кетуге әрекет етедi. Онда да кейде ұғып қайтуға жиналады, кейде 
ауырмақ түгiлi сұлап түсiп, өлiп жатса да қарамайды. Оның бұл мiнезiн 
кейiннен жайлап айтып көрiп едi, ол жанына жуытпады. «Менiң iсiмнiң 
бәрi орынды, кiм мен сияқты отырыстың гүлі боп отыра алады, кiм 
мен сияқты iше алады, қане айтшы?» – деп өзiне тап берген соң, оны 
да қойды. Соңғы тапқан амалы – жиын-тойға оның өзiн жалғыз жiберу 
болды. Ондағы ойы – «жүйкемдi жұқартпай, үйде тыныш отырайын
оның үстiне таусылмас үй шаруасын тындырып алайын» болды. 
Талай-талай ұрыс-керiс, талай айқай-шудың, сұрғылт күндердiң 
бәрi артта қалған соң «өткен күндердiң бәрi жақсы» болып көрiнетiнi рас 
екен. Дене бiтiмi ауырлап, мiнезi де салмақтанып, шау тарта бастаған 
Бектай да әйелiнiң дегенiне көнiп, тiптi оны тыңдап, айтқандарын 
орындап, көп қарсы келмейтiн де болды. Жұмыстан кейiн карта ойнап
iшiп кетiп қалатын әдетi де сирек, кәрiлiкке мойынсұна бастағандай... 
Тiптi кейде жұбайымен шүйiркелесiп, шүңкiлдесiп шай iшкендi қалап, 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет