2 Дәріс. Философияның мәні және мәдени-әлеуметтік маңызы. Философия тарихы. 1
Ежелгі Үнді философиясының даму кезеңдері, онтологиясы және
гносеологиясы.
2
Үнді философиялық мектептерінің жалпы сипаты.
3
Ортодоксалды
мектептер
және
Бейортодоксалды
мектептер. Буддизм.
Жайнизм
4
Ежелгі
Шығыс
философиясының тарихы.
Ежелгі
Қытай философиясы
5
Ежелгі Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар
6
Даосизм
7
Конфуций философиясы
2.1. Ежелгі Үнді философиясының даму кезеңдері, онтологиясы және гносеологиясы
Ведалар
б.д.д
II-мыңжылдықтың
екінші
жартысында
-
I-
мыңжылдықтың бас кезінде қалыптасып, бастапқыда ауызша таралды. (Жазу
өнері Үндіде б.д.д I-мыңжылдықтың ортасында ғана пайда болды, яғни
көптеген ғасырлар бойына Ведалар ауызша түрде тіршілік етіп, ғасырдан-
ғасырға беріліп отырды).
Үнділік философия ведалық мифологияның негізінде туып, Қасиетті
Кітаптарда - Ведаларда жазылды.
Белгілі дерек көздеріне сүйене отырып, Ежелгі Үнді философиясын
негізгі үш кезеңге бөлу қабылданған:
1)
б.д.д XV - б.д.д VI ғ.ғ. аралығы- ведалық кезең;
2)
б.д.д VI - б.д.д II-эпикалық кезең;
3)
б.д.д II - біздің дәуіріміздің VII ғ.ғ. аралығы-сутралық кезең.
Ежелгі Үнді философиясындағы екінші (эпикалық) кезеңнің (б.д.д VI-II
ғ.ғ.) әйгілі поэзиялық деректері «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостарында
сол дәуірдің көптеген философиялық мәселелері қарастырылады.
Ежелгі Үнді философиясының кезеңдері сутралық кезеңмен (б.д.д II -
б.д VII ғ.ғ.) - жеке мәселелерді қарастыратын нақты тақырыпқа арналған
қысқа философиялық трактаттар кезеңімен аяқталады.
Ежелгі Үнді гносеологиясының (таным туралы ілімінің) ерекшелігі -
заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін (европалық таным
түрінің сипатын) емес, сананың нәрселер-құбылыстар дүниесімен қатынасы
барысындағы
процестерін
зерттеу.
Осыған
байланысты
үнді
философиясында сана үш түрге жіктеледі: «пракрити» - материалды сана;
«пуруша» - таза сана (әлем және адамдар пайда болған бастапқы энергия);
«майя» - түстер, елестер.
Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады: атман;
1)
манас.
Атман - Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман
бірінші, тұрақты, мәңгі.
18
Манас - өмір барысында қалыптасатын адам жаны. Манас адам тәртібі
мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі
немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.