Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет56/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Сабақтың мақсаты: Қан тамырлары мен жүйке ауруларын анықтау және емдеу әдістерін үйрету.
Жабдықтау. Тақырыпқа сай ауру малдар, суреттер: скальпель, пинцеттер, қайшылар, хирургиялық инелер, ине ұстағыш, инъекциялық инелер, 5 гр, 20 гр шприцтер, кетгут, жібек жіптер, резеңке қолғаптар: 0,5%, 2% новокаин, антисептикалық ерітінділер, 960 этилді спирт, 5% йод тұнығы, антисептикалық ұнтақтар, эфир, стерилді тампондар, дәке.
1 – ТАПСЫРМА. Қан тамырлары ауруларының клиникалық белгілерін зерттеу, олардың түрлерін анықтау, емдеу әдістерін игеру.
Тапсырманы орындау тәсілі
Әртүрлі сыртқы механикалық әсерлерден, жарақаттан туады. Сыртқы және ішкі немесе жасырын қанағыс. Сыртқы қанағыстың өздігінен тоқтамауына организмнің қорғаныс күштері, яғни кантамырларының спазмы, тромбтың пайда болуы, өте көп қан кеткенде және шок кезінде артериалдық қысымның төмендеуі секілді факторлар әсер етеді. Ішкі және жасырын қанағыс қанның дене ішкі қуыстарына жиналуымен сипатталады. Әртүрлі операцияларда мыс: пішуде кездеседі. Мұндай қанағыста қан кеуде немесе құрсақ қуысына жиналып, мал өліп те кетеді. Егер қан тері астына, бұлшық ет арасына, борпылдақ денелер ұлпа арасына жиналса гематома немесе лимфоэкстровазат, гемолимфоэкстравазат пайда болады. Егер қантамырларының ішкі және ортаңғы қабаттары зақымдалып, ал сыртқы қабаты бүтін қалған жағдайда қанағыс байқалмайды. Бірақ қан тамырлардың ішкі қабырғасында тромб пайда болып, қан өткізгіштік төмендеп, қантамырлары бітеледі. Сол себепті қан тамырлардың зақымдануы тек қана қанағыспен ғана бейнеленбейді.
Клиникалық белгілер: қанағыс ішкі қабаты зақымдалып, сыртқы қабаты бүтін болса ағза немесе басқа мүшелердің қанмен камтамасыз етілуі бұзылады, ірі веналар бітеліп қалса, аяқтың төменгі бөліктерінің көлемі үлкейіп, көгеріп жергілікті ткмпературасы төмендейді. Ішкі немесе жасырын қанағыста жалпы жағдайы және реакциясы төмендейді, қантамырлардың соғысы жиілеп, әрең сезіледі. Демалыс беткейлік әрі аз, кілегей қабықтары бос, жалпы температурасы төмендейді. Аяқтың төменгі бөлігі суып, сезімділігі төмендейді.
Емі: қанағысты тоқтату механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық әдістермен. Жарақаттанудың алдын алу шаралары күре тамырға 10 пайыздық кальции хлор, қан сарысуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет