«коммуникация» білім беру саласы картотека №1



бет6/85
Дата27.01.2022
өлшемі2,61 Mb.
#129944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
5сала
11 кл ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Бжб№3
Картотека №13
Сөздерді дауыстап және ақырын айту 
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. 
Ойын барысы: 
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда: 
Сыздық судан сүлік сүзді 
Сыздықтың сүлік салмасын үзді. 
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады. 
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады. 

Картотека №14
Қандай дыбыс барлық сөзде бар? 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау. 
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады. 
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р; 
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет