Мақсатты болжам. 3–5 мин.
ҰОҚде жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады.
Педагог тәрбиеленушілерді
шаттық шеңберіне тұрғызады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Тәрбиеленушілер бірбіріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін айтады.
(Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша бірбіріңе сұрақтар қойып, оған жауап беріңдер.
– Суреттегі салтдәстүр саған таныс па?
– Тұсау кесу рәсімін қанша жаста істейді?
– Баланың тұсауын қандай адамға кескізеді?
– Тұсау кесу рәсімінде қандай тілектер айтылады?
– Тұсау кескенде қандай заттар керек?
Балалармен бірге талқылап, педагог қорытынды жасайды.
– Атабабамыздан келе жатқан салтдәстүріміздің бірі – тұсау кесу.
– Тұсау кесу рәсіміне, атабабамыздан келе жатқан дәстүр ретінде
құрметпен қарау керек.
– Тұсау кесу рәсімі – бала тәйтәй басып келе жатқанда міндетті
түрде қыз балаға да, ұл балаға да жасалынады.
– Сенің отбасында қандай салтдәстүрлер бар?