Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


- тарау. Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі



бет2/63
Дата06.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#81973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

2- тарау. Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі

5. Қашықтан оқыту режимінде тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын қолдауды қанағаттандырады.


1) Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшыларына ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету және ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру (ата-аналардың қалауы бойынша):
– қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін көрсете отырып хабардар болуын;
– мектепалды топтар мен сыныптардың педагогтарында қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, интернет-ресурстардың тізімінің болуы;
– «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) педагогтердің қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруын;
– педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т. б. кеңінен қолдана отырып,ҰОҚ конспектілерін (оқыту бейнесабақтары) әзірлеуін;
– ересек, мектепалды даярлық (топтары) сыныптарының педагогтері әлеуметтік желілерде топтар құрады, жас топтарын ескере отырып, бейнесабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер орналастырылады;
ата-аналар сабақ барысында, баланың сабақты қабылдауы туралы және т. б. барлық сұрақтарды нақтылау үшін кері байланыс арқылы ата-аналармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
– топтардың, сыныптардың контингентін бекіту, кестені, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау;
– еңбек заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің (әкімшілік, техникалық персонал) еңбек функцияларын қашықтықтан айқындау.
2) Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:
– мектепалды жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырады;
– педагогтармен бірге ересек топ, мектепалды жастағы балаларды қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
– жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтар, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналар/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
– қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау жүргізеді;
– тәрбиеленушілердің қозғалысы, балабақша педагогтарының сапалық құрамы, материалдық база, балабақшаның техникалық қызметкерлері туралы мәліметтерді және басқаларды ҰБДҚ толтырады;
– ҰОҚ кестесін құрады;
– педагогтардың қызметін ұйымдастырады;
– топтың (кіші және мектепке дейінгі) тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жеке кеңестерді жүргізеді;
– тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдерін) балабақшада қолданылатын білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
3) Педагогтар:
- қашықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектілеріне үнемі түзету жүргізеді;
– бекітілген оқу кестесіне сәйкес қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді;
– топтың тәрбиеленушілері (кіші және мектепке дейінгі соның ішінде ерекше білімді қажет ететен балалар) мен ата-аналармен жеке кеңестерді жүргізеді;
– қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен кері байланысты қамтамасыз етеді.
6. Қашық форматтағы ұйымдастырылған оқу қызметтеріне ұсынымдар:
1) Ересек, мектепалды тобы мен сыныптарында Санитариялық қағидаларға сәйкес 15 минуттан артық емес қашықтан форматта сабақтар жүргізеді.
2) Тәрбиеші тәрбиеленушілердің ата-аналарына әрекет алгоритмі жазылған жаднама ұсынып, оларды стриминг режимінде ҰОҚ алдын ала дайындауы керек.
ҰОҚ дейін:

  • өз құрылғысына қолжетімді қосымшаны жүктеу;

– қосымша құралдардың жұмысын тексеруі (микрофон, бейне, экранды көрсету және т. б.);
– тіркелу үшін өзінің тегі мен атын, жас тобын/сыныбын пайдалану;
– ҰОҚ алдында 10-15 минут бұрын платформаға қосылуды тексеру.
ҰОҚ уақытында:
– бөгде дыбыстардың болмауын қамтамасыз етуі;
– микрофонның жұмыс істеуін қадағалауы (қажет болған жағдайда ғана қосу);
бейненің көрінуін бақылауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет