Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Тақырыбы: Жалғаулардың орын тәртібі



Pdf көрінісі
бет69/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Тақырыбы: Жалғаулардың орын тәртібі.
Қазақстан - біздің Отанымыз
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Жалғаулардың орын тәртібі туралы жалпы мағлұмат беру

Еліміздің тарихы туралы баяндай алуы, сөйлеу үлгілерін игерту

Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Қазақстан.
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады.
Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың 
жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш 
мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь – Шань шыңдарына 
дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің 
үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы 
табиғаты бір – біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық 
жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, 
алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. 
Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады.Оның үстіне 
бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы 
– бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде астық пен көкіністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге
су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен 
байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, 
қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. 
Осылдарды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, 
Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т. б. 
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі 
Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де, 
білімді елге айналды.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н. Ә. 
Назарбаев Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті болып сайланды.
егеменді – суверенный 
созылып жатыр – простирается
асу – превышать
алғашқы – первый
мекендеу – населять 
өкіл – представитель
ойпат – низменность 
жер көлемі – площадь
шың – пик
шаршы шақырым – кв. метр
табиғат – природа 
астық – зерно
мақта – хлопок өсімдік – растение
өсірілу – выращиваться 
аймақ – регион
оның үстіне – кроме того, более того қажет ету – нуждаться
байлық – богатство 
пайдалы кен – полезные ископаемые
жер шары – земной шар 
түсті – цветной
асыл – драгоценный 
мыс – медь
қорғасын – свинец
қалайы – олово
көмір – уголь 
мұнай – нефть
игеру барысында – во время освоения мал шаруашылығы – скотоводство
пайда болу – появляться 
көшпенді – кочевой
айналысу – заниматься 
дамыған – развитой


жоғары мәдениетті – высококультурный айналу – превращаться
тәуелсіз – независимый
тұңғыш – первый


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет