Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Үстеме шығыстар есебі»



бет3/10
Дата17.05.2023
өлшемі79,93 Kb.
#176980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63096

1.2.Үстеме шығыстардың есебі
Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп тара-тылады. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар 8410 “Үстеме шығыстар” шо-тында есептеледі. Субсчет 8410/3 - “Жалпы өндірістік шығыстар” шоты. Сонымен қатар 8410 шотына бірнеше транзиттік шоттар ашылады:
8411 - “Материалдар”
8412 - “Цех персоналының еңбекақысы”
8413 - “Еңбекақыдан аударымдар”
8414 - “Негізгі құралдарды жөндеу”
8415 - “Негізгі құралдардың тозуы”
8416 - “Коммуналдық қызметтер”
8417 - “Жалгерлік ақы”
8418 - “Өзгелер”
№2 “Қорлар” ХҚЕС бойынша үстеме шығыстар екі түрге бөлінеді:

  • Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар

  • Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өңдеу бойынша шығыстарға бөлу және өндірістік қуаттылықтың қалыпты өнімдеріне негізделеді және бұл шығыстар өнім көлеміне байланысты емес. Өндіріс көлемі өзгерсе де, тұрақ-ты өндірістік үстеме шығыстар өзгерусіз болып қалады. Бұл шығыстарға мыналар жатады:

  • Негізгі қорлардың амортизациясы,

  • Ғимараттар мен жабдықтарға есептелген амортизация;

  • Өндірістік басқару шығындары;

  • Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар өндіріс көлеміне тікелей байланысты, тәуелді болатын өндірістік шығыстар. Бұларға жалпы өндірістік қажеттерге жұмсалатын материалдар және цех персоналының еңбекақысы жатады.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізін-де жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданы-лады:
1.Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;
2.Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы мен өндірістік құрал 
жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары;
3.Өнімнің, жұмыстың, қызметтің цехтық өзіндік құны.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалагу шығыстарының ерекше түрдегі есебі қажет. Бұл шығыстарды 8410 - “Үстеме шығыстар” шоты құрамында “Өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалану бойынша шығыстар” атты субшот ашылады. Өндірістік құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап тұру шығындарына мыналар жатады:

  • Жанар-жағармайлардың құны;

  • Өндірістік құрал-жабдықтың тозуы;

  • Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;

  • Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;

  • Еңбекақыдан аударымдар;

  • Электр қуаты, бу мен судың құны;

  • Көмекші өндірістің қызметі;

  • Басқа да шығыстар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет