Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының экономикалық теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті: -жалпы шығындар теориясы мен олардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне тоқтала отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау; шығындарды төмендету жолдарын қарастыру; үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі мен оларды бөлудің әдісін зерттеу, осы курстық жұмысты орындаудың басты міндеттеріне жатады.
Зерттеу жұмысының объектісі: үстеме шығындар
Зерттеу жұмысының мәні:кәсіпорындағы үстеме шығындар және оларды арттыру жолдары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Үстеме шығындар туралы жалпы түсінік 1.1.Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы Үстеме шығыстар – негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру шығыстары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланыс-ты шығыстар. Үстеме шығыстарды бөлудің негізгі бағыттары:
сыртқы пайдаланушылар үшін шығыстар мен кірістерді салыстыру;
Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:
-шығыстарды тікелей және үстеме шығыстарға бөлу – бұл әр кезде
оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жана-ма шығыстарға жатады.
-үстеме шығыстар тұрақты болып келеді;
-шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.
Үстеме шығыстарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдас-тыру шығыстары жатады. Бірінші кезекте олар мыналармен байланысты:
-аналитикалық шоттардың шығындар түрімен (жал төлемі,қызмет көр-сету, еңбекақы);
-бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех);
Үстеме шығыстар құрамына мыналар кіреді:
Жалпы өндірістік шығыстар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және
Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік
мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу шығыстары кіреді.
Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің
амортизациясы;
Коммуналдық қызметтер. Бұл шығыстарға жалпы өндірістік мақсаттарға
арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың,т.б.құны кіреді.
Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау
бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;
Өзге де шығыстар.
Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығыстар” шотында жүргізіледі. Бұл активті жинақтаушы, таратушы шот болып сана-лады. Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 8410/1 - “Негізгі өндрістің үстеме шығыстары”, 8410/2 - “Көмекші өндірістің үстеме шығыс-тары.”
Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функ-ционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойын-ша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.